89
Өлшем (критерий) - бір нәрсені анықтау немесе жіктеу үшін қажет белгілер,
олардың негізінде бағалауды жүзеге асыруға болады; тексеру тәсілі, бағалаудың
өлшеуіші; теорияда жағдайдың ақиқаттығы немесе жалғандығының белгісі.
П
Параллич (гректің paralysis – үзіліс, тоқтау) – сәйкес қимылдық иннервацияның
бұзылуынан қимылдық функциялардың және ерікті қозғалыстардың толықтай
жоғалуы.
Парез (гректің. paresis - әлсіреу деген мағынасын береді) - сәйкес қимылдық
иннервацияның бұзылуынан белсенді қозғалыстардың амплитудасы мен күшінің
азаюы.
Педагогикалық әдеп (такт) - (латын тіліндегі tасtиз түйсік, сезім) - өзін лайықты
ұстай білу, әдеп ережелерін сақтай білуде көрінетін сана-сезім өлшемі.
Педагогикалық оптимизм - әр баланың мүмкіндігі мен күшіне және оқыту
жұмысының нәтижелілігіне терең сенуі.
Педагогикалық процесс - саналы түрде ұйымдастырылған, мақсатты және
жоспарлы түрдегі ұстаздың шәкірттерімен, оларды оқытып, тәрбиелеу
мақсатындағы өзара іс-әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: