З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева


Педагогикалық рефлексия -



Pdf көрінісі
бет42/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Педагогикалық рефлексия - басқан қадамдарға талдау жасау, алынған нәтижені 
бағалау, оларды қойылған мақсатпен салыстыру. 
Педагогикалық техника - ұстаздардың шәкірттерінің белсенділігін ынталандыру 
мақсатында қолданатын әртүрлі шеберліктері мен ықпалды әдіс - тәсілдері. 
Педагогикалық шығармашылық - нысаны бала болып саналатын қазіргі 
заманғы педагогикалық процесстің міндетті түрдегі шарты. 
Перцептикалық іс-әрекет - объектіні зерттеуге саналы түрде бағытталған іс-
әрекет. 
Портфолио - оқушының жеткен жетістіктері мен ілгерілеуін көрсететін, оның 
белгілі бір уақыт ішіндегі жасаған жұмыстарын жинақтауға негізделген оқушыны 
бағалау әдісі. Портфолионың нақтылығы-мұғалімнің тәжірибесі мен мамандық 
дәрежесіне байланысты. 
Постнатальдық өмір - баланың туғаннан кейінгі өмірі. 
Принциптер - қандай да бір теория, ілім, ғылымның негізгі, бастапқы ахуалы. 
Проприоцепторлар - біздің денеміздің барлық жерінде бар және бұлшық еттердің 
тонусын, тепе-теңдігін, координациясын, қозу және эмоциялық ахуалын реттейтін 
рецепторлар. 
Профессиограмма - оқытушының жеке кәсіби қасиеттеріне, дүние тану, жалпы 
мәдени, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерінің көлемі мен 
құрамына 
қойылатын 
ғылыми-негізделген 
талап-тілектер, 
сондай-ақ 
педагогикалық шеберлігі мен дағдыларының тізімі. 
Психикалық даму - онтогенез бойында баланың психикасындағы санды және 
сапалы түрде болатын өзгерістер процесі: баланың әлеуметтік-тарихи іс-
тәжірибені меңгеру процесі. 
Психикалық депривация - субъектіге негізгі психикалық мүмкіндіктерді жүзеге 
асырудағы жасалатын жағдай немесе психикалық күй. 
Психикалық кемістік - адамның психикасы дамуының және жұмыс істеуінің 
уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың 
салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми 
зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой 


90 
жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты 
оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет