З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева


Психиканың пренаталдық дамуы -



Pdf көрінісі
бет43/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Психиканың пренаталдық дамуы - тұқым қуалаушылықпен, сондай- ақ 
құрсақтағы ортаның ықпал етуімен анықталатын психиканың туғанға дейінгі 
дамуы. 
Пікірталас (дискуссия) - кез келген бір даулы проблема немесе сұрақты 
бұқаралық түрде талқылау, қарау, зерттеу. Бұл талқылау әдісі барысында көз-
қарастар арасынан ортақ бір пікір таңдап алып, жалпы ұстанымға (позицияға) 
келу. 
Р 
Ресми жиналыс - мағлұмат жинау және пікір алысу мақсатында бағдарлама 
координаторының ата- аналар үшін өткізетін жиналысы. Практикум түрінде де 
өткізуге болады, жылына 4 рет өткізіледі. 
Реабилитация дамудағы кемшілікті және оқыту мен тәрбиелеуді қалпына келтіру 
мен жеңілдету бағытындағы медициналық құралдардың көмегімен жүзеге асады. 
Реабилитациялау 
процесінде 
аурудың 
әсерінен 
болған 
кемшіліктер 
компенсацияланады. Реабилитациялау міндеттері аномальды балалардың түрлі 
категорияларына арналған оқыту процесін ұйымдастыру ерекшелігі аномальды 
бала дамуының ерекшелігімен анықталатын арнаулы білім беру мекемелерінде 
шешіледі 
Рефлексия - адамның өзін-өзі: ішкі психикалық жақтарды, өзінің ерекшеліктері 
мен ішкі күйін, жан-дүниесін тани білуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтынын 
сезініп, жүріс-тұрысын басқалардың ықтимал реакцияларын есепке ала отырып 
құру. 
Рефлекстеу - адамның өз іс-әрекетін басқалар күткендегідей реакциялармен ара- 
салмақтай білу қабілеті. 
Рольдік ойын - ойынның желісіне сәйкес, қандай да бір рольді алып орындай 
алатын, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ойын түрі. 
Рубрикалар - оқушыға, тапсырманы орындамас бұрын, оған қойылатын 
критерийлермен бірге ұсынылатын ұпайлар жүйесі. 
С 
Себеп, сылтау (мотив) - өзінің мұқтажын қанағаттандыруға байланысты іс-
әрекетке ниеттену. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет