З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар


–  Енді  өз  басыңнан  кешіргендеріңді  айтшы, –деп  өтіндім  Мə- лікке. –



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

–  Енді  өз  басыңнан  кешіргендеріңді  айтшы, –деп  өтіндім  Мə-
лікке.
  Əй,  айтатын  не  бар,  сол  көптің  бірі  болып  бізде  жүрдік  те, – 
деп Мəлік бұлтарды.
 Неге батыр көп болғанымен, əр батырдың аты-жөні бар. Бауыр-
жан екеуіңді бүкіл халық біледі, ол тегін нəрсе емес,  дедім мен.
  Бауыржанның  жөні  басқа  ғой,  оның  алдында  біз  бүйтіп  тұра-
мыз, – деп фуражкасын алып, оң қолын кеудесіне тосып, басын иді.
Бауыржанның  да  Мəлік  туралы  «Ақылды  батыр,  Білгір  жігіт» 
деп сүйсіне сөз қылғанын талай естідім». 
Міне,  біздің  заманымыздың  батырларының  біріне-бірі  берген 
бағасы  осындай.  Бірін-бірі  батыр  дейтін  текті  ауылдардың  тұлға-

204
205
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
лары осындай болмақ. Халқымыздың аса ірі тұлғалары, қос батыры 
бойларындағы  асыл  қасиеттерін  осылай  бағалаған,  жазудан,  сипат-
таудан  тынбаған.  Мəлік  аға 1943 жылы  соғыста  жүргенде  Бауыр-
жан туралы былай жазған екен:
«Тылдағы  кейбір  жолдастар  Бауыржанды  долбарлы  қара  күш-
тің,  қолма-қол  ұрыс,  айғайдың  иесі  деп  бағалайтын  сияқты.  Бұл  – 
қате  пікір.  Бауыржанға  берілген  теріс  баға.  Ең  алдымен  Бауыржан 
ақыл  мен  ойдың  иесі,  барлық  қасиетті  бойына  жинаған,  адамгер-
шілігі,  ерлігі,  жігітшілігі  күшті,  шын  мағынасындағы  қолбасшы, 
командир».
1956  жылы  көктемде  Бауыржан  Момышұлы  отставкаға  шығып, 
біржола  Алматыға  келеді.  Баукеңе  сəлем  бере  келушілер  көп  бо-
лады. Есікте дамыл жоқ. Жамал апайдың қазаны да оттан түспейді. 
Осы  жайларды  Баукеңнің  үйінде  тұрып,  көзімен  көрген  Кəкімжан 
Қозыбаев былайша жазады:
«Гвардия  жауынгерлерінің  келісі  бөлек.  Олар  есіктен  кіре, 
шекелеріне қолдарын қойып:
– Жолдас гвардия полковнигі... – деп алдымен əскерше аманда-
сады да, артынан құшақтасады. Бір күні Мəлік Ғабдуллин келді. Ол 
да қаруластарының əдетінше қолын шекесіне қоя бергенде, Баукең:
–  Əй,  Мəлік,  осы  сірестіре  амандасуға  тойдық  қой,  келші,  ба-
уырларша  бір  құшақтасайық,    деп  екі  қолын  қыранша  кең  жазып 
жіберді.  Екі  батыр  құшақтарын  жаза  алмай,  бір-біріне  жабысқан 
күйі  ұзақ  тұрды.  Сағыныштың  желімі  оларды  тіпті  жіберер  емес. 
Ас  үйден  шыға  келген  Жамал  апай  мынау  көрініске  тебіренгені 
сонша,  көзіне  жас  алды.  Тірі  қалғандары  қазақ  халқына  қандай 
«олжа  болған»  деп  тұрған  сияқты.  Қос  батырдың  осылайша  аман-
дасуы да көп жағдайларды аңғартса керек».
1973 жылдың 2 қаңтарында Мəлік аға кенеттен дүние салды де-
ген  қаралы  хабар  естігенде,  Көкшетаудан  шыққан  елшілермен  бір-
ге  мен  де  Алматыға  ұшып  бардым.  Мəкең  шаңырағына  кіріп-шы-
ғып  жатқан  халықта  есеп  жоқ.  Бір  кезде  екі  жағынан  екі  адам 
қолтықтаған  бір  шал  кірді  үйге.  Ұзын  бойлы,  ат  жақты  едірейген 
мұрты  бар.  Үстіне  шапан,  басына  тымақ  киген.  Ол  кірген  бетте 
Мəкеңнің  қызы  Майданды  көріп,  кең  құшағына  алды  да,  ал  жыла-
сын  кеп.  Бүкіл  денесі  селкілдеп  ұзақ  жылады.  Содан  соң  Майдан-
ның  маңдайынан  иіскеді.  Жеңгейдің  бөлмесіне  кіріп,  оны  да  құ-
шақтап көрісті. Біраз уақыттан кейін əлгі кісі дəлізге шықты. Біздің 
жанымызда  бір  милиция  полковнигі  тұрған-ды.  Соған  бұрылды  да, 
кім  екенін  сұрады.  Оны  білгеннен  кейін: «Отставкадағы  гвардия 
полковнигі  Бауыржан  Момышұлы»  деп  өзін  таныстырды.  Біз  селт 
ете  қалдық.  Баукеңді  танымағанымызға  ұялдық,  əрі  қатты  қысыл-
дық.  Ол  кісіні  мұндай  жағдайда  көреміз  деп  кім  ойлапты.  Оның 
үстіне  біз  өзіміз  де  күйзеліп  жəне  келіп  жатқан  кісілердің  көптігі-
нен бе, аса назар аудара қоймасақ керек. 
– Əй, жігіттер, – деп гүр ете қалды Баукең. 
–  Мен  аяғыммен  əзер  басып  тұрмын.  Белім  ауырады  ғой.  Қол-
тықтап  машинаға  жеткізіп  салыңдаршы, – дегенде  бəріміз  Баукеңе 
тұра-тұра  жүгірістік.  Қайран,  Баукем-ай,  десеңші,  ауырып,  төсек 
тартып  жатса  да,  інісі  Мəлік  дүниеден  өтті  деп  естігенде  жата  ал-
мапты ғой...
Осы  қаралы  хабар  жеткенде  ол: «Кезек  ересек  ер  адамдарға 
келді», – деп  қатты  қайғырып,  мұңайып  қалған...  Баукеңнің  Мəлік 
ағаның 60 жылдығына  келуі  де  айта  жүрерлік  аңыздардың  бірі  дер 
едім.  Үйде  отырып,  такси  шақыра  алмаған  батыр  көшеде  кездесер 
деп  далаға  шығады  ғой.  Қырсыққанда  ол  құрғырың  көшеде  де  кез-
десе  қоймайды.  Содан  таяғына  сүйеніп,  жаяу  тартады.  Келсе,  тоса-
тоса шыдамдары таусылған жұрт орын-орындарына отырып қалған 
екен.  Көпшіліктің  қолқалауымен  Баукең  төрге  озады.  Сөз  кезегі 
келгенде батыр інісі туралы:
– Аға айта біледі, ол да орынды. Кейбір кездерде Мəлік маған: 
– Бауке, мынауыңыз дұрыс қой, мына жерін бүйтсеңіз қайтеді? – 
деуші еді.
Бір рет:
– Жалғыз батыр – жалғыз жан, майданға тұтқа бола алмас. Азы-
нап  жалғыз  арыстан,  Орманға  пана  бола  алмас,    деген  жолдарын 
тыңдап отырып:
–  Бауке,  мына  өлеңіңізді  сəл  толықтырсаңыз  қайтеді, – деді, 
қалайша?  Жалғыз  батыр  болғанша,  жалпы  батыр  болсайшы, – де-
геніңіз дұрыс тəрізді. Тағы бір кездескенде:
– Əй, батыр, бері кел,  дедім Мəлікке. Ол келді. – Сенің əнеу-
гүнгі ойыңды мен жалғастырдым.
– Қалай Бауке?
–  Мен  істедім  дегенше,  мың  істеді  десеңші,  мың  істеді  деген-
ше, ер істеді десейші.
Мен  мыңдікі  болмаса,  ер  елдікі  болмаса,  кім  істеді  дер  едің? – 
деп жалғастырдым.
–  Ойпырым-ай,  мынауыңыз  Махамбеттікі  сияқты  ғой,    деді. 
Мəлік  арабша  жаза  білетін  еді  ғой. «Бауке,  мыналарыңызды  жазып 
алайыншы,  айта  жүретін  нəрсе  екен»,    деп  жоғарыдағы  жолдарды 
қайталап  айтқызып  жазып  алды.  Мəлік  майданда  ақылдаса,  ойыма 
ой қосқан інім еді. Менің командир болғаным рас. Бірақ, Мəлікпен 
ақылдасса қалсам, ойыма ой қосатын офицер еді. 

206
207
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Міне,  Баукеңнің  батыр  інісі  туралы  айтқан,  берген  бағасы.  Ол 
інісінің  бойындағы  асыл  қасиеттерін  жоғары  бағалаған,  өзін  сый-
лап,  құрмет  тұтқан,  басқаларға  үлгі  еткен.  Сол  сияқты,  Мəлік  аға-
ның  да  Баукең  туралы  аз  айтпағаны  белгілі.  Ағай  дүниеден  өткен-
нен  кейін,  ол  кісінің  архивінен  Баукең  туралы  жазған  ұзақ  жыр-
лары табылды. Соның бір үзіндісі былай болып келеді:
Ақылменен, қайратың,
Даналығың, айбатың,
Шыққан еді бір жерден,
Ерлігіңді бағалап,
Өңкей інің ағалап,
Еріп едік біз елден,
Батыр Баукең соңына,
Əскерлерше киініп,
Бір сөзіңе сыйынып,
Келіп едік тобыңа.
Осы  ұзақ  жырда  Мəлік  аға  Баукеңнің  шыншылдығын,  батыр-
лығын,  адамгершілігінің  жоғары  екенін  суреттейді.  Отан  алдын-
дағы  міндетін  абыроймен  атқарып  жүргенін  жырлайды. «Өсер  ел-
дің  ұлдары  бірін-бірі  батыр  дейді»  дегендей,  қазақтың  қос  баты-
ры  өмір  бойы  бірін-бірі  жырлап,  сипаттап  өтуі  кейінгі  жас  ұрпаққа 
үлгі де өнеге болмақ. 
Осы  жерде  Бауыржан  Момышұлы  сияқты  отты  жылдарды  ба-
сынан  кешіріп,  батыр  қыз  атанған,  қара  орманды  Отаны  үшін 
жанын  пида  еткен  Мəншүк  Мəметова  сынды  қызымыз  туралы 
үздік сыр өзінен-өзі сұранып тұрғандай.
Соғыс  жылдарының  шежіресіне  назар  аударсақ,  фашизмнің 
қара  түнегі  ел  басына  төнгенде,  Отанды  қорғауға  ерлермен  бірге, 
əскери  қызметке  міндетті  болмаса  да  мыңдаған  қазақтың  қыз-ке-
ліншектері  де  өз  еріктерімен  майданға  аттанып,  жауынгер  атанған. 
Соңғы  архивтік  мəліметтерге  сүйенсек,  бір  Қазақстанның  өзінен 
5183  қыз-келіншек  аттанған  екен.  Ел  басына  күн  туған  қиын-қыс-
тау  күндерде  олар  азамат  жүгін  арқалап,  уақыт  сынынан,  тарих 
талқысынан  сүрінбей  өтіп,  батырлық  пен  табандылықты,  Отанға 
шексіз  берілгендіктің  жарқын  үлгілерін  көрсетті. ...Штурман,  гвар-
дия  лейтананты,  ержүрек  Хиуаз  Доспанова,  ұшақтың  механигі 
Дəмелі  Жəкеева,  зенитті  артиллерия  расчетінің  командирі  Ақлима 
Ақжолова,  танкистер – Жамал  Байтасова,  Күлкен  Тоқбергенова, 
Гүлжəмилə  Талқанбаева,  пулеметші  Жəмилə  Бейсенбаева  сияқты 
батыр  қыздарымыздың  ерліктерін  бір  мақала  түгіл,  бір  кітапқа  да 
сыйғызу  мүмкін  емес.  Қазақ  даласының  қос  сұңқары  Əлия  мен 
Мəншүкті  бүгін  кім  мақтан  етпейді.  Бүкіл  дүниежүзі  жырына 
қосып,  ерлігіне  бас  иді.  Дүниені  дүр  сілкіндірген  сұрапыл  соғыс-
тың  анықталмаған  құпиялары  əлі  де  жетерлік.  Оның  ішінде  қазақ 
халқына  қатысты  ақиқаттың  талай  есігі  жабылып,  жарияланбағаны 
тағы бар.
Əйелдің  табиғаты  о  бастан,  соғыс  пен  атыс-шабысқа  емес,  бей-
біт  өмірдің  символына  ұқсайтын  тəрізді,  қыз  бен  əйел  бейбіт  өмір 
үшін  жаралған  жандар  ғой.  Сондықтан,  ол  еркектің  қуанышы  мен 
бақыты іспеттес. Өйткені, ол оның бала-шағасының иесі мен киесі, 
отбасының шырақтай ұйтқысы.
Амал  нешік,  Отанның  тағдыры  қыл  үстінде  тұрғанда,  өмір  мен 
өлім белдескен кезеңде, қыздар мен əйелдер де, əскери сапқа тұрып, 
ерлерше  жауды  жастандыруға  бел  буды.  Мəншүк  Мəметова  да 
өмірін  Жеңіс  үшін  майдан  кеңістігіне  арнады.  Жаумен  арпалысып 
жүріп,  қынадай  қырды.  Қызбын,  жаным  нəзік  деп  көлеңкелемеді, 
керісінше  қаһарланып,  жауға  атой  салды.  Асқан  ерліктің  үлгісін 
көрсетті.  Б.  Момышұлы  Янинаның  соғыс  киліккен  жас,  қиын 
өмірін  дəл  суреттеп  берсе,  Панфилов  дивизиясымен  қатар  Алматы-
да  ұйымдастырылған 100-і  қазақ  бригадасындағы  қазақ  қызы  Мəн-
шүк  Мəметова  өзінің  ерлігімен  Ұлы  Жеңісті  жақындатты,  жас 
өмірін  қиды.  Баукеңнің  шығармасында  екі  жас  тағдыр  сабақтасып 
жатқандай.  Баукеңнің  анасы  мен  Мəншүктің  тағдырларына  соғыс 
килігіп  нəзік  өмірлерінің  бейбіт  жүйесіне  нұқсан  келтірген.  Мəн-
шүктің  өмірін  тəптіштеп  жазған  Ə.  Нұршайықовтың  айтуынша, 
Панфилов  дивизиясы  негізінен  ересек  адамдардан  құралса,  ал  бри-
гада  ерікті  жастардан  түзілген.  Оның  құрамында 4889 жас  болса, 
ең соңынан оларға Мəншүк атты қыз бала қосылады. Оны жас, əсі-
ресе,  қыз  бала  болғандықтан,  əскер  қатарына  алудың  өзі  үлкен 
проблемаға айналған. 1941 ж. 7 августа бригада Москва түбіне жө-
нелтілді.  Өйткені  жау  астана  Москваны  шабуылмен  алу  үшін  бар 
күшін соған төгіп жатқан кезі еді.
Москваның тағдыры қыл үстінде тұрған шағында Бас қолбасшы 
И.  Сталиннің  əскери  штаб  бастығы  ретінде,  соғыс  шебінде  ставка-
ның  өкілі  ретінде  ауыр  жағдайға  реалды  баға  беру  үшін,  май-
дан  шебінде  жүрген  К.  Жуковқа  қобалжып,  қойған  сұрағынан-ақ 
байқауға  болады: «Коммунист  коммунистке  бүкпесіз  айттыңызшы! 
Біз  Москваны  қорғап  қала  аламыз  ба?».  К.  Жуков: «Жолдас  Ста-
лин!  Біз  Москваны  қорғап  қаламыз  деп  ойлаймын,  мен  оған  се-
німдімін!». (Сталин  Гитлердің 1945 жылы  өлгені  туралы  хабарды 
естігенде  «Собаке  собачья  смерть»  депті.)  Елдің  тағдырының  теті-
гін  қолына  ұстаған  екі  адамның  мұндай  пікір  алмасуы  кездейсоқ 

208
209
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
емес  еді.  Өйткені  Вермахттың  басшысы  Гитлер,  Совет  Одағын  екі 
айдың  ішінде  тізе  бүктіруге  аса  сенімді  болған-ды.  Шынында  да 
1941жылы октябрде неміс армиясын басқарған фельдмаршал, граф, 
ұлы  жазушы  Л.  Толстойдың  имениесі  Ясная  Полянадағы  шіркеу-
дің  жоғарғы  қабатында  тұрып,  Берлинге  берген  сенімді  есебінде 
былай  дейді: «Менің  фюрерім!  Енді  бір  секірістен  кейін,  Қызыл 
алаң  неміс  солдаттарының  етігінің  астында  қалмақ».  Онысының 
да жаны бар еді. Дүрбімен болжап тұрған фельдмаршалдың пайым-
дауынша,  ол  қашықтық 22 км.  ғана  еді.  Бірақ  Ставканың  мос-
квалықтарды,  солдаттар  мен  офицерлерді,  қорғанысқа  ұтымды 
ұйымдастырудың  нəтижесінде,  Гитлердің  аталмыш  жоспары  іске 
аспады. Москва үшін шайқаста біз жеңдік.
Москваны  қорғап  қалуда  қазақ  жерінде  жасақталған  Панфи-
лов  дивизиясының  шешуші  ролін,  қазақтардың  батырлығын  Б.  Мо-
мышұлы  көрсете  білді: «Ол  қазақ  дейтін  халық  бар, ...олар  жауын-
гер  халық.  Оған  менің  документім  бар.  Мысалы, 4 рет  Совет 
Одағының  батыры,  Маршал  Жуков  өзінің  «Естеліктер  жəне  тол-
ғаныстар»  деген  кітабында  былай  дейді: «Мне  часто  задают  воп-
росы, какие у меня глубокие впечатления и тяжелые осадки в годы 
ВОВ? Он отвечает сам на этот вопрос: Это сражение под Москвою 
под  главным  командованиям  И.В.  Сталина.  Как  вы  знаете,  я  был 
его  первым  заместителем»,    дейді  Жуков.  Қазақ  халқы  өз  тари-
хында  мұндай  шайқасқа  бұрын  қатысып  көрген  емес. «Елдің  атын 
ер шығарады» деген сөз бар. Біз – қазақтар, əбден Отанның басына 
күн  туғанда,  Москваның  түбіндегі  шайқаста – «Біз  қазақпыз!»  де-
генді жанымызбен де, қанымызбен де, арымызбен де айта білдік.
Біз  қазақпыз  дегенді  ұялмастан  бүкіл  жер  жүзіне  айқайлап 
айттық.  Бұған  куə – тарих,  халық.  Бұған  куə – түнде  ұйқы,  күндіз 
күлкі көрмеген еңбегіміз. Бұған куə – өлген, жарақаттанған, сау ке-
ліп,  мүгедек  болып  таяғымен  қайтқан  неміс-фашистер.  Бұған  куə – 
достарымыз бен дұшпандарымыз да...».
Байқап  қарасақ,  адамзат  басына  төнген  гитлершіл  «Қара  оба» 
(коричневая  чума)  аса  қауіпті  де  қатерлі  еді.  Өзінің  соғыс  алдын-
да  «Шығыс» («Вест»)  деп  атаған  жоспарында  Гитлер  былай  деп 
тұжырымдады.  Совет  Одағына  қарсы  соғыс  Вермахтың  пайдасы-
на  шешілетіндігіне  ешқандай  күмəнім  жоқ.  Өйткені  əлемде  неміс 
əскеріне  кедергі  болатын  ешқандай  күш  жоқ.  Қытай  мен  Индия 
территорияларын  маршпен  өтемін,  ал  «шошқа»  іспеттес  У.  Чер-
чилль  басқарған  Ұлыбританияны  түп-тамырымен  жоқ  етемін,  Аме-
рика қарсылассыз-ақ өзі келісімге келеді. Неміс расасы əлемдік би-
лікті қолына алғаннан кейін мен үш нəрсені іс жүзіне асырамын: 
-  Оқ-дəрі  таусылғанша  славян  халықтарын  жаппай  қырып  жоя-
мын, қалғандарын мəңгілік құлдыққа жегемін;
-  Əлемнің  астанасы  етіп  Берлинді  жариялаймын.  Онда 300000 
(үш  жүз  мың)  адам  сыятын  алып  театр  соғамын.  Оған  келген  бас-
қа  расалардың  өкілдері  өздерінің  түкке  тұрмайтындығын  сезініп, 
неміс халқының рухына табынуы керек;
-  Ал  түркі  тектес  халықтарды  бір  жерге  шоғырландырып,  өр-
теп,  күлін  тыңайтқыш  етіп  пайдаланамын;  Москваны  үлкен  көлге 
айналдырамын.
Бұл  философ  Гегельдің  расистік  тұрғыдан  негіздеген  «Евро-
центризм»  реакциялық  концепциясымен  астасып  жатыр.  Ғылымға 
кереғар  аталмыш  идея  мынаған  саяды:  прогресс,  ғылым,  мəде-
ниет,  т.б.  құндылықтардың  негізін  қалаған  еуропалықтар,  ал  түрік-
тектес  халықтардың  адамзат  құндылықтарына  қосқан  үлесі  жоқтың 
қасы.  Олардың  Еуропа  өркениеттілігіне  көтерілуі  табиғатына  жат 
қасиет.  Өйткені  олардың  ойлау  деңгейі  төменгі  сатыда  қалыптас-
қан.  Олар  еуропалықтардың  барлық  саладан  қолы  жеткен  табыс-
тарын игере алса, соның өзі үлкен жетістік деп санаған, ал арабтар-
ды  тіпті  есепке  алмаған.  Осы  жерде  Гитлердің  рухани-философия-
лық  тұрғыдан  қаруланған,  реакциялық  мəні  бар  концепциясының 
негізін  қалаған  Г.  Гегельден  кейінгі,  неміс  философы  В.  Ницщенің 
«Құдіретті адам» («Сверхчеловек») идеясы еске оралады. Ол Гегел-
дің  «Евроцентристік»  идеясын  əрі  қарай  тереңдетіп  бойлатты.  Ра-
сизм  ғылымға  керіғар,  адам  нəсілдерін  денелік  жəне  психология-
лық  тұрғыдан  əркелкі  дамитындығын  уағыздайтын  концепция 
(концепция  теория  емес,  тек  қана  дəлелденбеген  идея – Т.  Ж.).  Бұл 
идея бойынша адамдар төменгі жəне жоғарғы болып екіге бөлінеді. 
Аталмыш концепциясы арқылы Гитлер өзін неміс этносының адам-
зат  алдында  дəріптелетін  ұлы  миссиясын  орындаушы  деп  есеп-
телді.  Ол  неміс  халқын  осы  миссияға  алып  баратын,  өркениет 
алдындағы  борышын  орындайтын  ұлт  ретінде  көрсеткісі  келетін-
дігін  жасырмады.  Г.Гегельдің  пайымдауынша,  теорияның  қандай 
түрі  болса  да,  олардың  негізін  қалайтын  тек  қана  философтар  бол-
са керек. Бұл жерде Гитлердің де өзінің аса реакцияшыл іс-əрекеті-
нің  рухани  негізін  «Құдіретті  адам»  концепциясынан  бастау  ал-
ғандығын байқау қиын емес. Сондықтан да ол неміс халқының қан-
тамырынан  ерекше  мифтік  салқын  қанның  бар  екендігін  қару  етті. 
Бұл  қан  сол  халықты  ойшылдыққа,  батылдыққа,  астамшылыққа, 
ерекшелікке тəрбиелейді деп есептеді. Гитлершіл расистер Ф. Ниц-
щенің  мына  тұжырымын  басшылыққа  алды:  егер  жəй  адам  май-
мылға  қандай  үстемдікпен  қараса,  неміс  те  жəй  адамдарға  сон-

210
211
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
дай  үстемдікпен  қарауы  тиіс.  Жəй  адам  деп  отырғаны  немістерден 
басқа  еуропалықтар,  американдықтар,  азиялықтар,  т.б.  Сондықтан 
расизм  Германияда  гитлершіл  диктатура  кезінде  фашизмнің  ресми 
идеологиясына  айналды.  Бірақ  гитлершіл  фашистік  Германия  екін-
ші  дүниежүзілік  соғыстың  нəтижесінде  талқандалғаннан  кейін  бұл 
концепция  өзінің  мазмұнын  жойды.  Себебі  нəсілшілдік  концеп-
циясының  ғылыми  негізі  дəлелденбеді.  Нəсілшілдікті  (расизмді) 
өзінің  таланттылығы  мен  еңбекқорлығының  арқасында  жапондық-
тар  жоққа  шығарды,  енді  қытайлықтар  əлемде  прогресс  пен  эконо-
мика  жағынан  АҚШ-тан  кейінгі  екінші  орынға  табан  тіреуде.  Тү-
ріктектес  халықтардың  ішінен,  ешқандай  артық  болмаса  кем  емес-
тігін  дəлелдеп,  əлемдік  лидерлердің  үштігінің  қатарында  жүрген 
Елбасы  Н.  Назарбаевты  немесе  негр  нəсілді  АҚШ  президенті  Ба-
рак  Обаманы  да  мысалға  алса  жетіп  жатыр.  Əрірек  барсақ,  дүние-
жүзілік  екінші  соғыста  асқан  сабырлылық  пен  тəжірибелілікті, 
ақылдылық  пен  жүректілікті  қару  етіп  Жеңістің  Бас  қолбасшысы 
болған,  расизмді  ойлап  тауып,  əлемдік  билікке  тап  беріп,  бүкіл 
неміс  халқын  масқара  еткен,  Гитлерден  амалын  асырып,  Совет 
халқының  мерейін  үстем  еткен,  ұлты  грузин  И.  Сталинді  айтса  бо-
лады.  Немесе  соғыстың  қан  майданында  жүріп,  ақылы  мен  жүрек-
тілігін,  батырлығы  мен  қайраттылығын  дəлелдей  отырып  бірнеше 
рет  батальонын  қоршаудан  шығара  білген  Б.  Момышұлының  атын 
зор мақтанышпен айтса да жеткілікті.
Орыс  ақыны  В.  Гундарев  өзінің  «Мəншүк  туралы  сөз»  деген 
радиофильмінде  (Целиноградтың  радио  архивінде  сақталған)  сол 
бригаданың  командирі  Шəкіржан  Сыздықовтың  естелігін  береді 
(орысша нұсқасы сақталады – Т. Ж.).
«Маншук  я  впервые  увидел  там,  в  этом  прекрасном  зеленом 
массиве,  где  наша  бригада  получила  наставления  по  ведению  боя. 
Я сразу заметил завоенную девчонку. Мы познакомились после за-
нятии  боевой  подготовки.  Она  сначала  была  писарем  бригады, 
умела  быть  и  медсестрой,  и  наконец  добилась  своего  и  сделалась 
пулеметчицей. По вечерам тихо запевала:
Эх, тачанка-ростовчанка,
Наша гордость и краса,
Пулеметная тачанка
Все четыреколеса....
Но ее любимой песней оставалась «Каховка»:
...Гремела атака, и пули свистели,
И ровно строчил пулемет,
И девушка наша проходит в шинели,
Горящей каховкой идет. ..
Мы  не  зря  часто  называли  ее  «Наша  Коховка».  Она  стала  жи-
вым образом этой песни.
Вспоминается  довольно  забавный  случай.  Как-то  глубоким 
вечером,  если  не  сказать  ночью,  в  нашу  часть  прибыли  несколько 
земляков. После длинной дороги, они еле разыскали нас и пожало-
вались  на  то,  что  не  ели  несколько  дней,  а  здесь  не  оказалось 
ужина. Их возмущения помогла успокоить Маншук.
О,  вижу  моих  дорогих  братишек.  А  они  со  злостью: – Жаман, 
голодный солдат – не солдат. 
А  вы  то,  джигиты,  прибыли  сюда  воевать  или  есть?  Ну  ладно, 
ладно, не злитесь, наши сегодня не будут, время-то уже ночь, а вот 
чаем  хорошим,  вкусным,  свеженким  хлебом  я  вас  накормлю.  При 
этом  она  умудрилась  достать  из  каких-то  запасов  кусок  сухой  кол-
басы.
Ну что, чудо богатыри еще не наелись?
Парни повеселились, а перед сном она им еще напомнила о том, 
что  надо  обувь  просушивать,  соблюдать  чистоту,  правильно  поль-
зоваться  портянками,  стричь  ногти  и  главное,  уметь  беречь  пулью, 
стрелять редко да метко. Пуля – дура, штык молодец...
Она  родилась  в  Западном  Казахстане,  те  места  овеяны  духом  и 
величием  Махамбета,  чьи  идеи,  несомненно,  стали  флагом  нацио-
нальной свободы.
Война  сделала  Маншук  дочерью  Невеля,  где  она  погибла.  Этот 
маленький  городок  упоминается  уже  в  духовных  грамотах  Ивана 
Грозного  в XVІ  веке.  Согласно  архивным  данным  Калининского 
фронта, куда в составе 3-й ударной армии под командованием гене-
рал-лейтенанта К. Галицкого входили 21-стрелковая дивизия и 100-я 
казахская бригада. Маршал А. Васильевский писал: «Бои на так на-
зываемой  Невелькой  гряде  осенью 1943 г.  имели  важное  стратеги-
ческое  значение.  Требовались  мощнейшие  фланговые  сходящиеся 
удары и с севера, и с юга, чтобы развернуть операцию по разгрому 
вражеской  группировки  «Центр»  и  перейти  к  широкому  наступле-
нию  по  освобождению  Белоруссии  и  Прибалтики...  солдатам,  офи-
церам  Калининского  фронта  нужно  было  стать  боевым  авангар-
дом.  Невельцы  исполнили  в  героической  симфонии  роль  первой 
скрипки. 3 страничка  их  Гундаревского  текста  и  радиофильма  о 
Маншук  Маметовой: «...Маншук  подошла  к  березе  и  осторожно, 

212
213
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
нежно  прикоснулась  к  листья».  Кто-то  спросил  у  девушки: «Ман-
шук,  у  меня  к  тебя  один  вопрос,  почему  ты  ушла  из  штабы,  и  ста-
ла пулеметшицей? Маншук улыбнулась: «Это не один, а целых два 
вопроса.  Отвечу  только  на  последний.  В  детстве  любила  слушать 
сказки,  и  вот  в  одной  из  них  рассказывалось,  как  юный  батыр  по-
бедил дракона, который хотел уничтожить всех жителей аула. Еже-
дневно  дракон  проглатывал  по  одному  человеку,  и  до  следующего 
утра отдыхал за аулом. Утром он издавал жуткий леденящий свист, 
и тот, чей подходил черед, прощались родными и обреченно шел в 
пасть  ненасытного  чудовища.  И  вот  батыр  заказал  себе  алмазную 
саблю и в один из дней отправился к дракону. Тот еще издали уви-
дев  человека,  открывал  пасть  и  втягивал  любого  в  свою  утробу. 
А здесь не успел. Юный батыр рассек чудовище пополам. Фашисты 
которые  окружили  наши  аулы  и  города,  похожи  на  то  чудовище, 
и чтобы его одолеть, я должна воевать с ними, как юный батыр. Вот 
почему я стал пулеметщицей...».
Из воспоминания Шакиржана Сыздыкова:
20  мая 1943 г.  Отправила  маме  письма,  в  котором  написала  с 
уверенностью: «Я  всегда  буду  жива  и  здорова,  и  меня  никакая  не-
мецкая пуля не возьмет». Приложила к письму фотографию.
Шакиржан тоже хранил всю войну у себя такой же снимок, ко-
торый  она  ему  подарила  на  память.  А  в  апреле  ее  приняли  канди-
датом  в  члены  партии.  И  вот  что  она  написала  маме: «Я  лично 
оправдаю  доверие  партии.  Храню  в  кармане  гимнастерки,  у  гру-
ди,  кандидатовскую  партийную  карточку.  Не  отступлю  ни  на  шаг 
назад».
Кстати говоря, к началу 1944 г. в составе вооруженных сил Со-
ветского Союза находились 2,7 млн. коммунистов и почти 2,5 млн. 
комсомольцев.
За  четыре  дня  до  последного  боя  Маншук  написала: «Дорогая 
мама,  нахожусь  на  передовой.  Сумею  ли  еще  раз  написать  письмо 
(как  будто  бы  сердце  чуяло – Т.  Ж.).  Не  знаю.  Поэтому  пишу  от-
крытку.  Пока  здоровье  хорошее.  Теперь  ждите  письмо  после  боя. 
Пишите  мне  почаще.  Привет  всем.  За  меня  поцелуйте  Диночку... 
крепко целую. Дочь Маметова. Полевая почта 21403/10».
Гвардии  сержант 21-й  дивизии  третьей  ударной  армии  Ман-
шук  Маметова  погибла 15 августа 1943 год  при  обороне  господст-
вующей высоты, оставшись одна из боевого расчета.
Когда  после  жесточайщего  боя  политотдельцы  поручили  как 
мне  связисту  (Ш.С.)  передать  по  всем  инстанциям  о  гибели  Ман-
шук,  я  буквально  окаменел.  Мы  ее  называли  сестричкой,  звездоч-
кой.  Плачущий  солдат  на  передовой – большая  редкость.  После 
больших  и  малых  сражении  оставшиеся  в  живых  не  передаются 
жалости,  наоборот  все  начинают  подсчитывать  оставшиеся  пат-
роны и гранаты, чтобы в следующей атаке отомстить за парня сло-
живщего  свою  голову.  А  вот  солдаты  плакали,  не  стесняясь  своих 
слез.  Я  часто  подшучивал,  спрашивая  у  Маншук,  кого  после  вой-
ны выберет из нас любимым. Она сказала: «Я давно выбрала. И зо-
вут  его  Максимом».  Показывала  на  пулемет.  Она  владела  им  луч-
ше всех других расчетов. В воздух пули не уходили. В кромешном 
гуле  боя  мы  узнавали  голос  ее  пулемета  по  продолжительным  и 
коротким  очередям.  В  последнем  бою  она  уложила  целую  цепь 
фашиских вояк численностью в 70 человек.
Осколок  снаряда  угодил  ей  в  голову,  и  рана  оказалось  смер-
тельной.  О  том  чтобы  бои  в  Невеле  и  его  окрестностях  были  жес-
точайшими  свидетельствуют  тот  факт,  что  нынче  в  этом  городе 
стоят  памятники 50-ти  доблестным  войнам. 10 из  них  были  удос-
тоены  звания  Герой  Советского  Союза,  в  том  числе,  девушка  из 
Казахстана, посмертно. Шакиржан сам передавал ее земле. Он гово-
рит,  что  на  устах  ее  замерла  улыбка.  Она  от  любви  и  красоты,  по-
бедивщей  жестокость  и  зло.  Хоронили  ее  с  высшими  почестями. 
Застыли у изголовья знаменосцы. К могиле подошел командир бри-
гады  Абдылхайыр  Баймулдин.  Раздалась  четкая  команда  офицера 
павлодарца:
Смирно! Равнение на середину.
Зазвучала  медь  оркестра.  Мимо  свежего  холмика  прошли,  че-
каня  шаг,  все  батальоны.  После  них  пришли  поклонится  Маншук 
жители  Невеля,  спасенные  от  гибели.  Многие  осеняли  себя,  крест-
ным  знамением,  молились  за  героиню.  Рядом  с  ней  похоронен 
Ибрагим Сулейменов, как это ни печально, здесь же через несколь-
ко  дней  вечное  нашел  пристанище  командир  бригады  Абдылхайыр 
Баймулдин.
В  воспоминаниях  маршала  Васильевского  найден  упоминание 
о  Невельской  операции,  и  ответ  на  вопрос,  который  часто  зада-
вался:  выезжал  ли  на  фронт  Верховный  Главнокомандующий? 
Васильевский  вспомнил  что,  на  фронт  Сталин  за  всю  войну  выез-
жал только один раз на два дня. И это был его Калининский фронт, 

214
215
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
район  боевых  действий  которые  происходили  в  августе1943  г. 
Именно  здесь  и  сражалась  в  те  героические  дни 100-я  бригада  ка-
захстанцев.
Конечно,  трудно  представить  себе  возможность  встречу  Ман-
шук  с  Генералиссимусом,  хотя  исторические  хроники  запечатле-
ли немало случаев открытости и сердечности великих полководцов 
к  простому  бойцу.  Думается,  что  поэт,  который  собирался  напи-
сать поэму о Маншук, непременно описал бы такую встречу. Здесь 
имеется в виду о известном поэте В. Гундарева. Журналист М. Го-
лодберг  обращается  к  поэту  о  том,  что  славу  Великой  Победы 
стяжали  в  кровопролитных  сражениях  люви,  еще  не  ставшие  ге-
роями  произведении  искусства.  В.  Гундарев  признался,  что  это 
тема  его  давно  волнует,  и  согласился  взяться  за  сбор  материалов  о 
Маншук.
*  *  *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет