З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет71/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Пед.этика

Моральдық норма - бір əрекеттердің орындалуы мен екіншілерінің 
шектелуін 
талап 
ететінидеялармен 
жақсылық 
пен 
жамандық 
жөніндегітүсініктердіңжүйесі.
Моральдық таңдау - жекетұлғаменқоғамныңадамгершілікеркіндігінің 
дəрежесін бейнелейтін мінез-құлықтың немесе нақты қылықтың белгілі бір 
бағытын адамның саналы түрде жоғары жəне артық деп санауы. 
Мотив (себеп, түрткі) - белсенділігінің ішкі көзі, тұлғаның қылықтар 
мен əрекеттерді таңдау негізінде жататын себептерді жандандырады. 
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын жəне оның өзіндік əреке-
тінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. 
Намыс - адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, 
қоршаған орта мен қоғамының мəнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен 
бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған 
адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. 
Өзімшілдік (лат. еgо-мен) - адамды оның қоғамға жəне басқа 
адамдарға қатынасы тұрғысынан сипаттайтын өмірлік принцип пен 
моральдық қасиет. Ол басқалардың мүддесімен санаспайтын, тек өз мүддесін 
ғана көздейтін жеке бастық теріс қасиетті бейнелейді. 
Өзін-өзі тəрбиелеу (ағыл. Selfdevelopment) - адамның өзінің 
тұлғалығын алдына қойған мақсатына сəйкес қалыптастыруы. 
Өзін-өзі тану - тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі 
зерттеуі. Ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия 
проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығы, өзін -өзі тани білсе 
ол өзінің не істей алатынын жəне не істей алмайтынын түсіне білу. Соның 
нəтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін 
нəрсесіненаулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан 
айналып өту. Осы артықшылықтың арқасында біреудің құндылығын көре 
алады жəне оны өз қажеттілігіне қолдана алу. Өзін-өзі тану философиялық 
тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның 


112
дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен 
қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мəнін айқындау . Өзін-
өзі тану - адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік 
тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуы. 
Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік жəне танымдық 
əрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік 
бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет