З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет73/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Пед.этика

Педагогикалық борыш - педагогикалық əдептің ең маңызды 
санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне 
қатаң талап қою, кəсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға 
деген құлшыныс, оқушыға, оның ата-анасына деген құрмет көрсету жəне 
талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын да, күрделі 
шиеленістерді шеше білу тəрізді өзгеше іс–қимыл педагогтың кəсіби 
борышына жатады. 


113
Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педагогтік қызметте жоғары 
нəтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей кəсіптік тұрғыдан маңызды 
қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. 
Педагогикалық этика - педагогикалық мораль мен моральдік 
құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мəнін қарастырады. 
Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез–құлқына, іс қимылына жəне 
өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен 
зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік 
құндылықтар деп атауға болады. 
Профессиограмма - адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы 
кандай да бір кəсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға берілген 
кəсіп саласын жетістікпен меңгеру үшін қажет тұлғаның сапасы, ойлау 
қабілетінің ерекшеліктері, білімі икемділігі жəне дағдысы жатады.
Референттік тұлға - қызығушылықтары, тұлғалық құндылықтары үлгі 
тұтатын) болмаса, өзара қарым – қатынас əсері нəтижелі болмайды 
Рухани-адамгершілік тəрбиесі - өміргеадамныңтұрақты жəне 
үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін құндылықты қатынасты қалыптастыру. 
Рухани тəрбие - борыш, əділеттік,шындық,жауапкершілік, т.с.с. адамның ісі 
мен ойына жоғары мəн бере алатын қасиеттердітəрбиелеу. 
Сендіру - адамның саналы көзқарасы негізінде қабылдаған логикалық 
дəлелдемелер жүйесі. 
Сендіру - саналы қажеттіліктерді қалыптастыру əдісіретіндеқоғамда 
əлеуметтік топта қалыптасқан құндылықтар мен тіршілік ету нормалары.
Сенім - адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтайтын 
түсінік ілім, елес, қиял, ерекше көңіл-күй. Педагогтың беделі сенімді қарым-
қатынасы арқылы əсер ету болып табылады. Сондықтан мұғалім тарапынан 
қойылған пікірлер мен талаптар оқушылардың қабылдауына жəне түсінігіне 
əсер етудегі белсенді құралдар мен ақпараттары болып табылады. 
Симпатия - бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының 
қалыптасуы. Ұнату немесе адамның бір-біріне көңілі ауу сезімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет