З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


 Академиялық жазылым және ғылыми стиль



Pdf көрінісі
бет4/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
 
1.2 Академиялық жазылым және ғылыми стиль 
Академиялық жазылым
– студенттердің белгілі бір мамандық бойынша 
оқуға міндетті немесе таңдаулы пәндері бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып, 
оған талдау жасауы және жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл студенттерді 
өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстар жазуға 
машықтандырады. 
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны 
белгілі. Осы орайда қарым-қатынасқа түсуі үшін өз мақсаты мен міндетіне 
қарай байланыс құралының стилін таңдайды. Қазіргі қазақ әдеби тілінің 
мынадай стильдік тармақтары бар: 
1) ауызекі сөйлеу стилі
сөйлеудің ауызша формасымен тығыз 
байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым, тақырып аясы өте кең, адам 
өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін. Сөйлеу стилінің лексикасында 
тұрмыстық қарапайым лексика да, варваризмдер де, әдеби сөйлеу 
лексикасына тән сөздер де болады. Ауызша сөйлегенде сөздердің орын тәртібі 
жазба тілдегідей қатаң сақтала бермейді; 
2) ресми ісқағаздары стиліне 
әртүрлі мекемелерде жүргізілетін 
құжаттардың тілі жатады. Олар: өтініш, қолхат, сенімхат, анықтама, бұйрық, 
хаттама т.б. Ресми ісқағаздары қалыптасқан белгілі бір тілдік үлгі, форма 
бойынша жазылады. Оның бұрыннан жаттанды болған, тұрақты 
қолданылатын сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады; 
3) 
публицистикалық стильге 
газет-журналдардың тілі, әртүрлі 
мақалалар, очерктер жатады. Публицистикалық шығармада еліміздің ішкі-
сыртқы саясатына, қоғамдық құрылысына, экономикалық жағдайы мен 
дамуына, ғылыми техникалық прогрестің артуына, мәдениеттің өркендеуіне 
т.б. байланысты жалпы халық үшін мәні зор мәселелер көтеріліп талданады. 
Ол ықпалды, әсерлі, сенімді түрде жеткізіледі; 
4) көркем әдебиет стилі
– проза, поэзия, драматургия салаларында 
жазылған көркем шығармалардың стилі. Онда тіл ерекше экспрессивтік-
эстетикалық қызмет атқарады. Оқушының сезіміне әсер ету үшін, ойды 
образды түрде жеткізу үшін көркем шығармада көбінесе сөздер тура мағынада 
емес, ауыспалы мағынада, астарлы түрде қолданылады. Сондықтан көркем 
әдебиет тілі – бейнелі, мәнерлі тіл, түрлі бояулы, сезімге әсер ететін тіл; 
5) ғылыми стиль 
– ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу 
принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің бір түрі. Ғылыми 
мақалалар, рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жобалар т.б. ғылыми 
стильде жазылады.
Осы стильдердің жалпы атауы 
функционалдық стиль
деп аталады. 
«Функционалдық» сөзі стильдердің қай салада қандай мақсатпен 



жұмсалатындығын білдіреді. Функционалдық стильдердің негізгі 
белгілерінің бірі – олардың әрқайсысына тән, қалыптасқан, дайын стандарт 
тілдік бірліктердің болуы.
1-кесте – Стиль түрлері мен ерекшеліктері 
Стиль 
түрлері 
Қолданылу 
аясы 
Стильдік 
ерекшеліктері 
Ауызша түрі Жазбаша түрі 
 
 
 
 
 
Ауызекі
сөйлеу 
стилі 
Тұрмыста, 
отбасында, 
достық 
қарым-
қатынаста 
Еркіндік, 
эмоциялық, 
экспрессивтік-
бағалауыштық 
Диалог, 
әңгімелесу 
Пьеса, хат, 
көркем 
шығармадағы 
төл сөз, кино 
сценарийі 
Ресми 
ісқағаз-
дар 
стилі 
Басқару, 
әкімшілік, 
құқықтық сала 
Ресмилік, 
нақтылық, 
дәлдік 
Ресми қарым-
қатынастың 
ауызша 
түрінде, 
келіссөздер 
жүргізілгенде, 
жиналыстарда, 
түрлі кеңестер 
мен отырыс-
тарда т.б. сөй-
ленетін сөздер 
Барлық 
ісқағаздары 
мен құжаттар 
Публи-
цисти-
калық 
стиль 
Бұқаралық-
ақпарат 
құралдарында 
Сендіру, бағалау Теле-радио 
бағдарламала-
рында, жина-
лыстарда сөй-
ленетін сөздер 
Баспасөз 
беттеріндегі 
материалдар 
(мақала, 
репортаж т.б.) 
Көркем
әдебиет 
стилі 
Әдебиет
пен өнер 
саласында
Образдылық, 
еркіндік, 
бағалағыштық, 
эмоционалдылық-
экспрессивтілік 
Өлең оқу, 
цитаталар 
келтіру, әзіл-
қалжың айту 
т.б. 
Көркем 
шығармалар 
Ғылыми 
стиль 
Ғылым мен 
техникада, 
оқу үдерісінде 
Нақтылық, 
дәлдік, 
логикалық 
жүйелілік 
Дәріс, 
баяндама, 
диалог т.б. 
Оқулықтар, 
ғылыми 
мақалалар, 
курстық 
жұмыстар, 
дипломдық 
жобалар,
диссертация-
лар т.б. 



Осылардың ішінде ғылыми стиль академиялық жазылымға тән стиль 
болып есептеледі. Ғылыми еңбектердің барлығы ғылыми стильмен жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет