10
Жазылым барысында автор өз ойын дәлелдермен дәйектей келіп,
сенімді немесе толық сенімді емес екенін білдіре алады. Мәселен, егер толық
сенімді болса,
анық, нақты, тиіс, қажет
т.б. сөздерді қолданады, ал аздаған
күмәні болса,
мүмкін, сияқты, ықтимал
деген сөздерді қолданады. Мысалы:
«Қазіргі білім саласындағы түбегейлі реформалар үлкен өзгерістерді алып
келуі
мүмкін
, дегенмен осы реформалардың орынды жүзеге асырылуын ашық
түрде қатаң қадағалау ғана
оң нәтижеге жеткізетіні
анық
».
Сонымен қатар, әдетте, академиялық жазылым барысында автор ойы
«мен» деген жіктеу есімдігі арқылы берілмейді. Етістіктер, негізінен, ырықсыз
етіс формасында беріледі. Мәселен, «Мен зерттеу жұмысында мына
мәселелерді қарастырдым» деудің орнына «Зерттеу жұмысында мына
мәселелер қарастырылды» деп жазылады.
Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.
Олар:
-
нақтылық;
-
объективтілік;
-
қисындылық.
Ғылыми жұмыста зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып
дәлелденуі тиіс. Ғылыми стильде жазу қалыптасқан құрылымды талап етеді.
Шартты түрде академиялық салада ғылыми стильмен жазылған жұмыстардың
құрылым үлгісі төмендегідей болып келеді:
-
титул парағы;
-
мазмұны;
-
аңдатпа;
-
кіріспе;
-
әдебиеттерге шолу;
-
зерттеу әдісі;
-
нәтижелер (талдау);
-
қорытынды ұсыныстар;
-
алдағы зерттеулер;
-
қолданылған әдебиеттер;
-
қосымшалар.
Дегенмен академиялық мәтін жазуда мыналарды ескерген жөн:
-
арнайы бекітілген мәтін құрылымы жоқ;
-
автор өзіне қолайлы құрылымды таңдай алады;
-
терминдерді орынды қолдана білуі қажет.
Бұл
аталған ерекшеліктермен қоса, жауапкершілік ұстанымын қашанда
естен шығармау керек. Академиялық жазылымда автор мәтінде қолданылған
өзге авторлардың пікірлеріне сілтеме жасауға міндетті. Бұл – ғылыми
жұмыстарға тән негізгі талаптардың бірі. Ғылыми жұмыста автор өз
тұжырымына мысалдар келтіруге,
дәлелдемелер беруге, пікір білдіруге
міндетті. Оны сілтеме беру талаптарын сақтай отырып, дәйексөздер қолдану,
парафраз және қорытынды жасау арқылы қолдануға болады.