3- ТАРАУ. З. ШАШКИН МЕН Р.СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ.
Жазушының ең елеулі кітаптары: қоғам мен адамды олардың дамуының шарықтау сәттерінде сипаттайды. Бұл “Қашу” повесі. “Ұлы арпалыс кезең еді: Біз қашудамыз. Сен – қашқын, мен де қашқын. Бүкіл халық қазір қашуда”. “Мынау”, “Үміт үзу” романы – эпопеясынан үзінді: “Егер өзен өлсе, теңіз де өледі, ауылдар өледі. Одан барып өлім қалаларға тартылады”. Мынау “Шайтан тағы” романынан үзінді: “бұрынғы көшпенділер қазіргі қала цивилизациясында тұруға қалайша орнықты”.
Кезең танымын, оның психологиялық ау райын, оның замандастары мен куәгерлерінің ақылын Р.Сейсенбаев өз “менімен” сараптап, шығармаларының екі ғажайып үрдісін жүзеге асырды. Біріншіден, ақиқаттың түрлі элементтерін әмбебап әрі кең түрде талдау, өмірдің түрлі қабаттарын біріктіру (қала мен ауыл, соғыс пен бейтбітшілік, өнер мен тұрмыс тағы басқа).
Екіншіден, осы талдауды безендіру, оның гармониялық әрі тірі пропорцияларын табу, оның мүмкін формаларын болжау мен жүзеге асыру. Р.Сейсенбаевтың ең үздік әңгімелері мына кітаптар цикліне жинақталған:
“Аңсау” кітабынан: “Намыс”, “Орақ үйі”, “Жол сапарға кеткен ана”, “Бізде Шыңғыстауда”, “Өтініш жолында”;
“Өзін табу” кітабынан: “Паркай”, “Әйел, еркек, бала”, “Бу – бу – бу – бу”, “Хаттар”, “Ағайындар”, “Жұбату”, “Бәрі жақсы болады”, “Отелло”, “Кезек”, “Сенбі”, “Бір ғана түн”;
“Мен осы жаз қалай күтті” кітабынан: “Майдан әндері”, “Өмір”, “Бронь”, “Хобби, айналайын хобби”, “Мыңнан астам бет”, “Ричард отыз үш”, “Соғыстан кейін жазылып келеміз”;
“Түнгі дауыстар” кітабынан: “Досымның әпкесі”, “Құпия жігіт”, “Петр Петрович”, “Ұлттық дәстүр”, “Протез”;
Жаңа циклден: “Әлем құлаған күн”, “ Үміт үзу және өлілер құмда жүр”.
Р.Сейсенбаев туындыларында тақырыптар аясы кең, әлеуметтік типтер өте көп, оның кейіпкерлері қалаларда, ауыл мен топандардың әлемінде тағы басқа қстанның ғаламат кеңістігінде өмір сүреді. Олардың күнделікті өмірлерінде өткеннен тамыр тартқан оқиғалар болып жатады. Халық туралы әңгімелей отыра, жазушы реалистік әңгімелеудің уақытымен сыналған құралдардың әдіс - тәсілімен қаруланады. Атақты миф шығармаларымен қызығушылыққа ұстамдылық танытты, өйткені ол мақсатқа деген ақиқат жолды алмастыратын мифтің шектеулігін түсінеді. Оның әңгімелері мен повестерінің аяқталғанына қарамастан, оларды романдық әңгімелердің түрлі сапаларына деген ішкі бейімділік сезіледі.
Дәл осы роман секілді интегралды жанр Сейсенбаевқа бөлшектелген оқиғаларды, жалпыланған фактілерді, шектелген оқиғалармен мәселелерді біріктіріп, осы кең өрісте кезек портретін, уақыт портретін жасауға мүмкіндік береді. Тіпті, әрекетсіздік сәттерінің өзінде Сейсенбаев ең маңызды мәселелердің бірі – уақытпен кезеңді ұмытпайды.
Р.Сейсенбаевтың кеіпкерлерінің рухани әлемі соншалықты күшті, соншалықты қарқынды, тіпті әңгімелер мен повестерде өз құрылымдық ролін орындаушы, бірақ ірі эпикалық түрлер жүйесінде өз қабілетісзідігне күмән қалдырмайтын эпизодтық кейіпкерлер аз емес. Р.Сейсенбаев шығармаларын зерттей отыра, кеәіпкерлердің сөзімен берілген әрбір әңгімелеу, рухани әлемді сипаттау, кеіпкерлердің ойы мен сезімін суреттеу нақты прозаның орталығын құрайтынын көреміз. Р.Сейсенбаев әңгімелері мен повестерінде типологиялық белгілері бойынша біріге алатын образдар кездеседі. Мысалы, әртіс Қалмырзаев типтес қарттар. Оны жастар білуге міндетті. Бірақ олар тұрмыстың күйгелекпен күресу барысында тыңдалмай қалып кетеді.
Ұлы Абайдан бері сабақтасып келе жатқан эпикалық өзін - өзі сынау дәстүрін жасғастыра отырып, Сейсенбаев оны халықтың рухани дәстүріне деген нигилистік қатынасты қатты сынау мен ұштастырады.
Р.Сейсенбаев шығармашылығ қазіргі қазақ әдебиеті дамуының жетілген тенденцияларының бірі болып табылады. Р.Сейсенбаев жоғары сынауға, детальдарға немқұрайды қарамайды.
Жазушы үшін бағылаушының - әрбір ағза үшін тыныс алу секілді маңызы. Шығармашылық тірі ағза тірі қан ағымын қажет еткендей, бақылаушылықты талап етеді. Бақылаушының, жалпы алғанда, сұлулықты сезінумен барабар келеді. Біреулерге бақылаушылық туа бітеді, кейбіреулеріне қартая келеді, бұл өмірге деген таңқалған назар салумен бірдей.
Бақылаушылықтың сипатының өзі жазушылық стильдің көптеген құпияларын түсіндіреді. Сейсенбаев ұзыннан ұзақ күрделі құрылған фразамен жазады, тарамды кезеңдерді қалайды. Стильде тек бақылаушылық қана емес, адамның мінез – құлқы да шағылысатын секілді.
Сейсенбевтың тілдік оралымы әмбебап: тіл хлық сияқты біртұтас. Оны жасаған тұлға, жазушылық сөз. Осы біртұтастыққа талпынуы тиіс. Р.Сейсенбаев туындыларында кеіпкерлерді мінездегенде, типтер мен мінез – құлықты жасағанда кесінділерді пайдаланады. Осы кез – келген әлеуметтік кесінділерде түрлі сөйлеу қабаттары орналасқан.
Р.Сейсенбаев шығармаларындағы кейіперлер сөздерінің өңделмегендігі, кедір – бұдырлығы шындықтың нағыз көрсеткіші болып табылады. Грамматикалық нормалардан шолақ қатпарлы фраза тегіс нормативтелген фразадан жүз есе артық. Әрбір сөз өзіндік өмір сүріп, нақты тыныс алады. Француз жазушысы А.Франц “Жер және тіл” еңбегінде “адамның сөйлеуі жерден туады, ол оның әліде дәмін татиды” деп тұжырымдайды. Жазушының осы ойлары дала дәмін татитын қазақ тілінің табиғатын толық көрсетеді.
Тіл әрқашанда туған жермен қоршаған табиғатпен қатынаста болады. Сейсенбаев тілдің бұл ерекшелігін таныған. Кітаптан кітапқа өткен сайын жазушылық тіл шеберлігінің қайралып, өткірленіп жатқанын байқаймыз.
Мұнда А.Белинскийдің “Сөз саптауынан ұлы жазушынының қаламынан ұлы суреткердің суретін таниды” деген сөзін еске түсірсек орынды. Туған ана тілінің көркем күшін бойына сіңірген жазушы сөз саптауы оның көркем туындыларының ретінде ерте кезде қалыптасып, “Үміт үзу немесе өлілер құмда жүр” роман – эпопеясында өз шыңына жетті. Сейсенбаев прозасында ойлаудың бір – біріне ұқсас емес екі түрі бар: көркемжәне публицистикалық, көркем публицистика: - проза мен поэзияның, драмматургияның органикалық сайманы. Егер тіл шығармашылығын поэзия, проза мен драмматургияға қатал бөлуге болатын болса, публицистика мен осы ұш жанр арасында шек жүргізу қиын түседі. Публицистика өмір суреттеріне көлемділікпен тереңділік беріп қана қоймай, жазушының сөзіне халықтық, қоғамдық сипат сыйлайды.
Р.Сейсенбаев публицистикаға қызығушылығы бар, ол өмірмен, заман талабымен,кезең мәселеліремен туындаған. Газеттік публицистика табиғаты, көркем публицистикадан айырықша. Бірақ, соңғысы алғашқысы секілді суық қару – шындық қаруымен қаруланған. Жазушы өз кітаптарында қазіргі заманның маңызды мәселелерін қозғап, оларды шешуге жауапкершілікпен қарады.
Публицистика – үлкен прозаның тірегі мен ірге тасы. Дәл осы публицистика кез келген кітапты кезең айдарына шығарып, оны пікірталас пен бәсеке ұшына көтеріп, белсенділік пен өмірлік тудырады. Сейсенбаев туындыларындағы публицистикалық хаттар ешқашанда оның шырқын бұзып, сұлулығы мен күшінен асырған емес. Керісінше, ол бұл қасиеттерді тамырландырып, қолтаңбасын жақсартты. Жазушының пікірінше, шығарманың эстетикалық құныдылығын жасау үшін оймен тілдескен сөз қызмет етеді. Әдебиет өз назарына негізгі обьектісі ретінде әлеуметтік шындықты алады, сондықтан публицистика әдебиетте заңды орында иеленеді. Р. Сейсенбаев шығармаларында қарастырылған “Өмір сүргің келсе”, “Үміт үзу”, “Қазбектің оралуы” тағы басқа мәселелері ауыл мен қала мәселелері, бүгіні мен болашағы, оның қиындылықтары мен перспективалары – диалог, яғни бәсеке формасын алады.
Көркем туынды да құжат немесе сарапталған бір қатар деректі фактілерді пайдалану публицистиканың белгілі үлесін меңзейді. Кең құжаттық негізсіз кезеңді тірі әрі қарама – қайшылық бірлігінде көрсету мүмкін емес шығар. әрбір эпикалық форманың ең түпкі мақсаты да сол – адамның нағыз өмірін, оның еңбек, демалыс, денсаулық, ойлар мен махаббат, достық, жиіркеніш пен ынтықтық қызығушылықтарын көрсетуге болады.
З.Шашкин – кеңестік заманды жан – тәнімен сүйген жазушы. Жаңа заманның әр жетістігі оны шаттандырады, керсінше мүдір – мүкіс міндері, шалыс қадамдары қабырғасын қайыстыра толғантады. Әлі келгенінше, романымен де, повесті, әңгіме, мақаласымен де кеңестік өмірдің шуағын молайта түсуге, өсу екпінін үдете түсуге қолғабыс етуді мұрат тұтқан. Аурулы бола жүріп, жатпай – тұрмай ізденген, қарманған, толғана жүріп, қиындық – кедергі атауларымен арпалыса жүріп, кейде налып, кейде бөркін аспанға лақтыра қуана жүріп, сарыла еңбектенген. Мұны әр шығармасынан, мақалаларынан, достарының хаттарынан айқын көре аламыз.
З.Шашкин – кеңестік заманды жан – тәнімен сүйген, өзінің бүкіл шығармашылығын соны суреттеугек, кеңестік жаңа акдам тудырған жаңа адамды кескіндеуге бағыштаған жазушы. Ол көне тарихты қозғамайды, өз дәуірінің тынысын бейнелеуге талпынады, туған халқының өзі өмір сүрген кезеңдегі тағдырына үңіледі. Оның шығармаларынан туған халқымыздың төңкеріс қарсаңындағы, ескі өмір мен жаңа құрылыс бетпе – бет келіп алысқан аумалы – төкпелі төңкеріс заманының дүрбелеңі. негізіне келгенде, оның шығармашылығының өзекті түйіні – халық тағдыры, замана бет алысы. Жазушы өзінің айналасына, кеңес адамдарының өміріне жіті көзбен зер салып, суреткерлік елегінен өткізіп, өз замандастарының рухани өміріндегі өзгерістерді көрсетеді, жаңа адам бойындағы жаңа қасиеттерді, жан дүниесіндегі жаңа құбылыстарды сергектікпен суреткерлік көзбен барлап, көркем бейнеледі, жақсылық атаулына бадырайта өнеге етіп ұсынса, жағымсыз, жарамсызынан жирендіреді.
З.Шашкин шығармаларына үңіле отырып, замандас бойындағы психологиясы мен тұрмыс – салтындағы эволюциялық түбірлі өзгерістерді аңғару қиын емес.
Зейін өз шығармашылығында кеңестік дәуірмен бірге келіп, бірге жасасқан тұтас бір ұрпақтың тұлғасын жасуды көздеген. Бұл үшін негізгі қаһармандарын генеологиялық жағынан байланыстыру тәсілін қолданған. Оның бір шығармасында Қазақстанда Кеңес өкметін орнату жолында күресуші революционер ұрпақтың өкілдерімен кездессек, екінші шығармасында солардың інілерімен, балаларымен кезігеміз. Енді бір кейіпкерлері бір шығармадан екінші шығармаға көшіп жүреді. Жазушы осы тәсіл арқылы әрқайсысы өмірдің әртүрлі кезеңдері мен салаларын қамтитын дара – дара шығармалардың арасында тұтастық туғызуды көздейді. Мұның өзі белгілі дірежеде игі нәтижесін берген.
Жазушы алғашқы шығармаларында революция жылдарындағы адамдардың психологиясын жан тынысын көрсете, кейінгі «Теміртау», «Темірқазық» романдары мен повесть әңгімелерінде замандастарының бойына кеңестік дәуірмен бірге келген, жетіліп, қалыптасқан жаңа қасиеттерді, жаңаша көзқарас, әрекеттерді, елуінші, алпысыншы жылдардағы замандастарының жан дүниесін көрсетеді. Осының бәрі қосыла келе З.Шашкин шығармашылығында көрсетілген тұтас бір кеңестік ұрпақтың бейнесін оқушы көз алдына елестетуге мүмкіндік береді.
З.Шашкин шығармаларына зерделі көзбен үңілсек, бұл сауалдарға жауап табу қиынға түспейді. Жазушы шығармаларында уақыт ерекшелігі, заманның даму бағдары, адамдардың өзгеру, жетілу эволюциясы анық танылады. Жаңа кеңестік заманның уақыт ерекшелігінің адамдардың психологиясына, өзара қарым – қатынасына түсірген таңбалары білінеді.
З.Шашкин шығармашылығының айрықша бір сипаты жаңа заман тудырған қазақ, кеңес интеллигенциясы өкілдерінің: инженердің, дәрігердің, агрономның, жазушының, кеңес қызметкерлерінің есте қаларлық тұлғаларын жасап берген.
З.Шашкин шығармалары азаматтық сарынмен, қызықты, тартымды сюжетімен ғана емес, ілеуметтік мәнді кесек оқиғалармен жеке адам өмірін, қаһарман тағдырын сабақтастыра суреттеу, қаһарманның ішкі жан дүниесіне үңілу шеберлігімен оқушы жанын баулайды. Ол кеңес заман және адам тағдыры, еңбек және адам, қоғам өміріндегі, өндірістегі адамның орны, адамгершілік мәселелерін бір – бірімен нық байланыста көтере білді.
З.Шашкиннің сан салалы, қомақты мұрасынық басты бір сипаты - ол лениндік идеяларды ту етіп ұстап, коммунистік партияның басшылығымен қазақ жерінде жаңа өмір орнатушы совет адамдарының, біздің замандастарымыздың күресі мен еңбегін, мағыналы да қызықты өмірін, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін сөз етеді.
Творчестволық жұмысты ол кең көлемді қоғамдық-саяси жұмыспен ұштастырды, бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар одағы партия ұйымының секретары болды, Алматы қалалық Советінің депутаттығына сайланды. Қазақ совет әдебиетін дамытудағы жемісті еңбегі үшін жасының елуге толуына байланысты СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1962 жылы жазушы Зейін Шашкинді Құрмет Белгісі орденімен наградтады.
З.Шашкин - шын партиялық әдебиетші, партияның сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаушы ақ-адал солдаты. Партияның жетекшілік ролі, коммунистер образы - З.Шашкин шығармаларының өзегі деуге болады. Оның қай шығармасында болсын коммунистердің жетекші ролі көрінеді.
Партия - әділдік қамқоршысы, барлық игілік-бақыттың, жеңістердің кепілі дейтін идея З.Шашкин шығармаларының негізгі арқауы. Оның қаһармандары оптимист, қандай қиын-қыстау жағдайға кезіксе де, қиянат шексе де, болашаққа деген сенімін жоғалтпайды, әділдік жеңбей қоймайтынына сенеді, партияға сенеді. Оның қаһармандары ауырдың асты, жеңілдіқ үстімен жүруді қалайтын, бойкүйез жандар емес, халың ісі үшін жанын пида етуді, әділдік, азаматтық ар-намыс жолында арпалысып өлуді артық көретін, мойымас жігерлі, қайсар жандар.
Ақиқат, өмірде болған шындың оқиға мен суреткердің творчестволық қиялының астасып келуі - З. Шашкин шығармаларының айрықша бір қасиеті. Оның қай шығармасын алсаңыз, оқиға көкте де, жерде де жоқ, неғайбыл бір қалада, бейтаныс әлемде емес, нақты қазіргі өмірде бар, қалың оқушыға мәлім қалалар мен аудандардың бірінде болып жатады.
З.Шашкиннің шығармаларында орыс халқының өкілдері, дәрігер қаһармандар міндетті түрде ұшырасады. «Доктор Дарханов» романы - қазақ совет әдебиетінің тарихында дәрігерлер өміріне арналған тұңғыш роман. «Доктор Дарханов» романындағы Нияз «Сенім» романындағы Айжан, «Темірқазық» повесіндегі Райхан тұлғалары жазушының қазақ әдебиетінде дәрігерлер образын жасау жөніндегі елеулі табысы деуге болады.
З.Шашкин өзінің творчествосымен өзі өмір сүрген дәуірдің, сол кезеңнің түбірлі мәселелерін көтере отырып, заман сырын, замандас келбетін кескіндей білді.
Бұл - жазушының суреткерлік өнерінің игі жемісі, әдебиетіміздің, халқымыздың игілігіі З.Шашкиннің алты томдық таңдамалы шығармаларының басылуы бұған дәлел. З.Шашкиннің әдеби мұрасы қазақтың ұлттық рухани мәдениетінің қазынасы. Жазушының шеберлігі шығармаларында қазақ даласының пейзаждық көріністерін, өмір шындығын романтикалық әуендерге бөлеп, суреттеумен ерекшеленеді. Суреткер қаламгер өзінің туындыларында сонау Қорқыт Ата, Асан Қайғы және Дулат, Шортанбай, Мұрат, Махамбет және т.б. ақын жазушылар поэзиясында дәстүр боп жырланған туған жердің, атамекеннің, жалпы қазақ даласының экологиялық тағдырына арналған ойларды дамыта жалғастырды. Мысалы, “Сенім” романында қазақ жерін аздырмай, тоздырмай пайдалану хақындағы ойлардың маңыздылығын ешқашан құнын жоймайтыны анық.
Жазушы қазақ жерінің құнарлығын мәңгілік сақтау жолындағы ойлары даламыздың ата - бабадан біздерге жеткен сұлу сымбатын сүю сезімдеріне ұласады. Мысалы, “Сенім” романында Баянауылдың ғажайып сұлу табиғаты, ондағы Сабындыкөл, Найзатас, Жасыбай көлі, Керегетас және тағы басқа да аса көркем орындар суреткерлік шеберлікпен, поэтикалық бейнелеу тілімен өрнектеледі. З.Шашкин Сарыарқаның замандар бойы қазақ халқының қасиетті мекені болған құдіретін даралай танытуды мұрат тұтқан суреткер.
Зейін Шашкин шығармаларында жазғы жайлаудағы сұлу көріністері ұлттық мәдениетіміздегі классикалық дәстүрімізге сай бейнеленеді.
Зейін Шашкин шығармаларында кейіпкерлерінің іс - әрекеттері аясында сюжет пен композицияның құрылымдық жүйесіндегі авторлық шешімге орай қазақ тарихының атақты тұлғаларында үйлестіре атап отырады. Мысалы, “Сенім” романындағы басты кейіпкері Нұрланның туған жеріндегі бұрынғы атақты адамдарды мақтаныш тұтуы да шығармадағы ұлттық сипат бояуларын қалыңдата түседі. Баянауыл өңірінде болған барша қазақтың ұлттық мақтанышына айналған мынадай тарихи тұлғалар аталады: Бұқар, Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп, Иса, Майра, Сұлтанмахмұт, Жарылғапберді, Мұстафа, Естай, Қаныш және басқалары.
Зейін Шашкин шығармаларындағы тақырып пен идея, сюжет пен композиция, стильдік көркемдік ерекшеліктер туралы арнайы ғылыми теориялық зерттеулер жасаудың зәрулігі анық. Жасушының мұрасы туған халқының рухани мәдениетіне қосылған мол үлес. Жазушыны жай ғана шолып өту мүмкін емес. Оның сн салалы еңбектері біздің әдебиетіміздің төрінде орын алып тұр.
Зейін Шашкинді замандастары қазақтың “Чеховы” деп атаған екен. Ол небәрі елу төрт жасында дүниеден қайтқан. Алайда, аз ғұмырында көп әс тындырып, халқына асыл мұра қалдыра білген қаламгер. Ол бүкіл саналы ғұмырын тек адал еңбек пен әдебиетке арнаған адам. Зейін Шашкин қазақ прозасының дамуына, оның көркемдік деңгейінің көтерлуіне өзіндік үлес қосқан жазушы. Жазушы қазақ, орыс тілдерінде бірдей қарқынмен жұмыс істеген.
“Орыс тілін білуге ұмытылмайтын, оны рухани қажеттілік деп санамайтын адам біздің арамыздан табылар қояр ма екен? Мен кесіп айта алам, табылмайды. Бұл біздің үлкен жетістігіміз” деп айтқан Бауыржан Момышұлының сөзін ескеруімізге болады. Ал осындай дәлелге Ыбырай Алтынсарин “шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін, өзімізге ең жақын орыс – тілі” деген. Екі ұлт тілінің арасындағы байланыс авторлық аударма.
“Думать, что вы можете быть переводчиком
только потому, что вы знаете два языка,
это все равно что считать, что вы сможете
играть на пианине только потому, что у вас
две руки”
Питер Трент
Авторлық аударма жасаған кезде аудармашы өзге тілді де, өз ана тіліндей білуі шарт. Өйткені аударма дәл, әрі сәтті шығуы осыған байланысты.
Орыс тілің екінші ана тілің болса, бастаған күннен былай... әлем көкжиегі мол ашылады, кең ашыла бастады деп ұғыну шарт деп ұлы ғалым М.Әуезов айтқан. Авторлық аудармашылардың негізгі ерекшелігі олар аударманы өз төл шығармасы ретінде аударуы. Авторлық аударма әр аудармашының қолынан келе бермейтін тума талант. Біреулерде ол сәтті шығады, ал басқаларында сәтті шықпай, ойды, мағынаны дұрыс бере алмай қалуында. Жалғыз орыс тілінде ғана емес, өзге тілдерде де авторлық аударма іске асып жатады. Мысалы, Бельгер немісшеден қазақшаға аударса, Ғалымжан Мұқанов қазақтан, француз тіліне аударма жасаған.
Әр аудармашы өзінше аударады, әр аудармашының өзіндік стилі болады. Бірақ өзіндік стилі бола тұра, ол мағынаны дәл, әрі шынайы бере алады. Авторлық аударма қазіргі біздің әдебиетімізде ерекше орын алады. Соның арқасында біздің аудармашыларымыздың беделі көтеріліп, басқа елдерге танылып жүрген азаматтарымыз аз емес. Солардың санатына кеп қосылған авторлық аудармашыларымыздың тобына Зейін Шашкин мен Роллан Сейсенбаевті айта кетуіміз шарт деп ұғамын.
Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге басқа, әсіресе, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал – Бауыржан Момышұлы.
Шығарма қай тілге аударылса да, аудармашылардың басты міндеті – түпнұсқның қасиетін сақтай білу, сөйлемнің мазмұнын бүзбай, автордың стилін сақтап, өте түсінікті әдеби тілмен көркемдетіп, аударылуы тиіс.
Таланттың орны қашан да биік. Ол аудармашылық істе айырықша қажет. Аудармашылық талант әркімге қона бермейтін сирек қасиет. Р.Ғамзатов: “Аудармашы ешкімде жоқ талантты өзіне дарыта алмайды” десе, Г.Гейне: “Аудармашы рухани дарынды адам болуға тиіс. Себебі, ол кітаптағы ең басты ерекшеліктерді тап басып танып, соны көрсетіп беруге міндетті” деген нық байлам жасайды. Аударма өзі үлкен өнер, құндылық деп А.Илюшкин өз бағасын айта былай дейді:
“Перевод – искусство, высокая самодовлеющая
ценность. В нем решаются не только практические
задачи информационного, просветительского плана
но и творческие сверхзадачи как историко культур-
ного, так и филологического порядка – в самых -
разных аспектах. Национальную литературу
обогощает и приумножает не только оригинальная,
но и переводная поэзия”.
З.Шашкин – қазақ тәржімашыларының ішіндегі өзінше көркемдік көк жиегі, өзінше ізденісі, ой – толғауы бар ерекше дарын иесі. Оның аударма саласында атқарған еңбегі зор. Қазіргі көркем аударманың барлық жанры кемелденіп өскен, дүниежүзілік мәні бар әдебиетке аналды. Аударма – қазақ әдебиетінің төлтума бір саласы. Сол аударма ісімен айналысып, әдеби қазынамызды ерен молайтуға үлес қосқан қостілді аудармашының бірі – Зейін Шашкин.
Қазақтың көптеген ақын – жазушылары шығарма жазумен ғана шектелмей, әрі оны екінші тілге аударумен де айналысады. Жазушының өз төл шығармасын аудару өте сәтті шыққан. Романдағы образдарды, жалпы шығарманың көркемдік бояуын екінші тілге аударғанда дәл және шебер бере алған. Сонымен бірге Роллан Сейсенбаев, Тәкен Әлімқұлов сынды жазушылар өз төл шығармасына авторлық аударма жасаумен қатар, өзге авторлар шығармаларына да аударма жасайды. Сан салалы ғаламдарда авторлық аударма кеңінен тараған. Кез келген мамандық иесі ғылыми, әдеби көркем шығарма т.б. қандай да болмасын еңбек жазса, оны алдымен орысша жазуы мүмкін де, кейіннен уақыт өзгерген сайын оны қазақшаға аударуы керек болады. Міне, өзінің өзге тілдегі шығармасын қазақшаға аударса, бұл авторлық аударма болады. Аудармашының өз еңбегін авторлық аударуы шығарманың сәтті шығуына, әрі ғылымның дамуына көп үлес қосады.
Қай елде болмасын аударма тарихи дамудан бөлектеніп қалмайды. Қандай да бір жаңа мәдени дамудың, ел мәдениетіндегі рухани өрлеудің жаңа кезеңінде қуатты идеологиялық қару ретінде аударма ерекше маңызға ие. Аударма әр дәуірдің идеялық – эстетикалық талаптарына сай орындалады. Аударма өткенге қазіргі уақыттың қызығушылығын арттыру үшін айырықша ықпал етеді. Сөйтіп әдебиеттің халықтар арасындағы пәрмендігі, қуаттылығы күшейе түседі.
Аударма бір орында қатып қалған мәңгілік дүние емес. Сондықтан аударма үрдісі – көп қырлы, динамикалы құбылыс. Қоғамның дамуына, ел өркениетінің өзгерістеріне орай үздіксіз жаңарып, жетіле береді. Уақыт өткен сайын аудармашылық шеберлікте арта түспек. Осыған байланысты аудармаға қатысты теориялар мен тұжырымдар, ізденістер мен тәжірибелер үнемі жаңарып, толығып, дамып отырады. Бір шығарманың бұрын бір, екі аудармасы ғана болса, кейіннен бірнеше аудармасы жасалады. Бұл әдебиетте жиі қайталанатын үрдіс. Әр аударма өз уақытының, заманының талабына сай негізделеді. Бұрынғы аудармаларға талап - талғаммен қарап, жаңа заманға сай үздік үлгісін жасай алған жағдайда, ол оқырман қызығушылығын туғызады, әдеби құбылысқа айналады. Нағыз үздік аударма өз уақытының ғана емес, келер ғасырлардың да рухани қажетіне жарап, елдің мәдени игілігі болып қалады.
А.И.Гитович: “Немістен аударатын аудармашының қалай дегенде де жарым жартылай неміс болғаны жөн” десе. Г.Бельгер “Қазақты аударатын аудармашы да жартылай қазақ болуы тиіс. Іс жүзінде бұл табыстарға жетудің алғашқы қадамы” деген тұжырым айтады.
Ю.Левик сөзімен айтқанда: “Аударма халықаралық мәдени тіршілік көзі ретінде әдебиеттің өзінің негіз қалауымен байланысты” немесе “аударма басқа ұлттардың әдебиетін қабылдаудың негізгі қыры”. Аудармашы шығарманы дүниеге әкелген жазушы тәрізді сол уақыттың рухын, тынысын, сол кезеңдегі кейіпкерлер болмыс бітімін, ой өрісін, салт дәстүрін, қоғамдағы даму деңгейін жеткілікті білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |