2.2. “Сағынып жеткен жаз еді” повесінің аударылу сапасы.
Романдар, көптеген повестер мен әңгімелер, бір қатар пьеса, спектакльдердің авторы Роллан Сейсенбаев қазіргі қазақ әдебиеті әлемінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Ол қазақ тілі мен орыс тілінде де еркін жазып, ұлттық ортаны білумен басқа ұлттық – көркем әлемдердің құндылықтарын қабылдау қабілетін ұштастырады.
Әдебиеттегі алғашқы қадамдарынан – ақ Роллан Сейсенбаев көпсөзді суреттеушілікке салынбайды. Оның көркем - мәнерлі тәсілдері елеулі модернизацияланған. Р. Сейсенбаев сөздері ақиқаттың маңайында адаспайды, керісінше оған шапшаң шығып, құбылысты барабарлықпен, жоғары дәрежедегі нақтылықпен сипаттайды.
Р.Сейсенбаев азамат болып қалыптасып, заттық ақиқат мөлшерін анықтай алу қабілеті басында шыңдалған соң ғана барып жазушы ретінде туылды: ол өмірге бақылаушы көзқарасымен емес, түрлі идеялар мен жағдайларды, оқиғалар мен фактілерді, тағдырларды бағалауға, эмоционалды сезінуге, салыстыруға әрі таразылауға қабілетті зерттеуші көзімен қарайды. Басқа сөзбен айтқанда өмірде белсенді позицияныиеленіп, өзінің философиялық және әлеуметтік танымы арқылы өмірдің белгілі сызбасын құрып, ақиқатпен байланысты, халық бітімі мен сынағының ағысындағы бағдарламаны жасайды.
Р.Сейсенбаев ойы біресе өткенге, біресе қазіргі заманға жылжып, соғыс кезіне, соғыстан кеінгі және қазіргі жылдарға қайтып келеді, бірақ бүгінгі күннің өзінде ана жүрегінің таусылмас қасіреті, өлім сызы, айырылу қайғысы айқын сезіліп тұрады. Шығарманың жолының басында лирикалық әңгімелерге бет бұрған.
Р.Сейсенбаев өмірдің шындық көрінісін, халық санасын, ұлттық болмысты, кезең жұмбағын ашып тану мақсатында ірі масштабты, өмірлік панорамаға көшеді. Жазушының әрбір туындысы өзгеше: мақсаты мен орындалуы мен де ерекше. Ол шыңдалған шығармашылық эволюциямен салыстырып қана қоймай, шығармаға жңа сарын енгізеді. Оның туындылары ішкі ойымен, жазушының шығармашылық ғибадатымен бірігеді. Р.Сейсенбаев көркем қалаларда, ауыл мен топандардың әрі өмірлік логикасы міне, осында.
Р.Сейсенбаев туындыларында тақырыптар аясы кең, әлеуметтік типтер өте көп, оның кейіпкерлері әлемінде тағы басқа - Қазақстанның ғаламат кеңестігінде өмір сүреді.
Жазушының кейіпкерлерінің рухани әлемі соншалықты күшті, соршалықты қарқынды, тіпті әңгімелер мен повестерде өз құрылымдық ролін орындаушы, бірақ ірі эпикалық түрлер жүйесінде өз қабілетсіздігіне күмән қалдырмайтын эпизодтық кейіпкерлер аз емес. Автордың шығармаларын зерттей отыра, кейіпкерлердің сөзімен берілген әрбір әңгімелеу, рухани әлемді сипаттау, кейіпкерлердің ойы мен сезімін суреттеу нақты прозаның орталығын құрайтынын көреміз. Аудармашы өз төл шығармасын өзге тілдерге аударып, аудармашылық өрісін кеңейтуде.
“Сағынып жеткен жаз еді” әңгімесінде армандап өткен баланың ойы баяндалады. Бұл әңгіме автордың құнды еңбектерінің бірі деп санауымызға болады. Сөзімді дәлелдеу үшін түрнұсқаға назар аударалық:
Достарыңызбен бөлісу: |