Түпнұсқа:
«Малғұн» деген дөрекі сөзге
Аударма:
“Идиот” деген баламасын берген. Дұрыс баламасын тауып бере білу шеберліктің көрінісі.
Көрнекті суреткер әрі талантты аудармашы Ә.Кекілбаев: “Сөзсіз, көркем аударма бұл – үлкен рухани құндылық. Сонымен бірге ол үлкен, ұлы моральдық жауапкершілік. Өйткені, аударма – кез келген жарқын шығарма үшін – адамзат жүрегіне және мәңгілікке бастар жол”. Әрине әр кезде аударма сәтті шыға бермейді. Мысалы, мына сөйлемді салыстырып көрейік:
Түпнұсқа:
«Сонау төбеден асып алайық, сосын демаламыз»
Аударма:
«На том свете отдохнешь»
Мына сөйлемдерде түпнұсқаның мағынасын бере алмағандығы анық. Өйткені түпнұсқада сонау төбеден асып алайық, сосын демаламыз деген мағынаны бұрмалап жіберген. Ол аудармада о дүниеге барғанда демаласың деген мағына беріп тұр. Мағыналық – мазмұндық жүйесін бұрмалау аудармашы шеберлігін танытпайды. Шығарманың мазмұн – мағынасын, сөз саптауын, тіркес оралымдарын бір тілден екінші тілге дәлме – дәл ғана аударып қоймай, сонымен сезім иірімдері мен ойнақы сырын, күллі поэтикалық рухын өзінің сол бір табиғи қалпында сақталған.
Р.Сейсенбаев өз төл тума шығармаларын орыс тіліне аударып, сол арқылы үздік шығармаларын бүкіл кеңес оқушыларының рухани одағына айналдырып, көпшілік арасынада кеңінен танылған. Өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан жас қаламгердің қай туындысынан болмасын өмір шындығын, адамдарға деген ыстық жүрек ықыласын аңғару қиын емес. «Сағынып жеткен жаз еді» повесіндегі жасөспірім Сейіл бейнесі нанымды шыққан. Жазушы жалт еткен жақсы сезімді ұстап қалуға, сол арқылы оқушыға ой салуға талпынған. Авторлық аударманың атқаратын қызметі орасан зор. Аударманың толық құндылығына, шынайылығына жету арқылы аудармашы ұлт абыройын биіктетеді, өзінің туған халқының алдындағы кең мағынадағы жауапкершілігін өтейді.
Аударманың дәлдігін, мәтіндік – мағыналық баламалылығын, стильдік сәйкестігін, рухани көркем құндылығын, семантикалық – тілдік байлығын жасау нәтижесінде өзінің тікелей талантты аудармашылық жауапкершілігін атқарады. Сөйтіп аударма неғұрлым көркемдік – эстетикалық, стилистикалық – семантикалық жағынан жоғары сапалы жасалған жағдайда аудармашы соғұрлым өзінің ұлты алдындағы ғана емес, басқа халықтар әдебиеті мен сол халықтың әйгілі таланты алдындағы қасиетті парызын, үлкен жауапкершілік сезіммен атқарғандығын айқын ұғынады.
Аударма – мәдениетті, оның ішінде әдебиетті, ұлттық тілді байытудың бірден – бір құралы. Аудармашы шығармашылық адамы, ақын – жазушы, журналист болғандықтан да, сөз мәдениетін айрықша құрметтеп, сақтауы тиіс.
Аударма жасау – ұлттық тіл байлығының көрсеткіші ғана емес, сол халықтың тілінің мәдениетімен, мәдени тілімен таныстыру үрдісі. Роллан Сейсенбаев өзінің аудармашылық дәрежесін белгілі түрде дәлелдеп берді.
Живым и мертвым солдатом,
Великой Отечественной войны
С сыновней любовью и благодарностью посвящается.
Автор.
Достарыңызбен бөлісу: |