З. Шашкин мен Р. Сейсенбаевтың аудармашылық шығармашылығы мазмұны кіріспе


“Жалғыз ғана түн” әңгімесінің аудармасы хақында



бет9/12
Дата27.03.2023
өлшемі238 Kb.
#76577
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.3. “Жалғыз ғана түн” әңгімесінің аудармасы хақында.

“Жалғыз ғана түн” жазушының екінші кітабы болып саналады. Автор аударма жұмысы кезінде өз жанынан сөздер қосқан. Бұл әңгімедегі басты кейіпкер – Естай Бекетов жайлы баяндалады. Естай Бекетов әйелімен мейрамханада отырып сөйлескен жерлерін салыстырып көрейік:




Түпнұсқа:


«Не ішесің? бірақ өзің біл»


Аударма:


«Что будем пить, коньяк? Чем угостит супруг и повелитель»

Әйтсе де аудармашы өз тарапынан өзгертулер қосқан. Осыған дәлел ретінде келесі сөйлемдерді салыстырып көрейік:




Түпнұсқа:

«Шырпы сызды»




Аударма:


«поперхнулось горьким дымом»
Бұл жерде шырпы сызды деп отырғанымыз яғни, сіріңкені жақты, ал аудармада ол лап ете түскені анық. Бұл әңгімеде мақал – мәтел сөздерде кездеседі. Мысалы:


Түпнұсқа:


«Бояушы – бояушы дегенге сақалын бояпты»


Аударма:


«Он так старался, что вместе с домом выкрасил себе бороду»
деп дәл аудара алған. Осындай мақал – мәтелдерімізді басқа тілге дәл мағыналы аудара білудің өзі шеберлік. Осыған байланысты ұлы жазушымыздың Мұхтар Әуезовтың қанатты сөзі дұрыс айтылған. «Тек дәл аудару үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшелктерін бере алатын болады, бұл жөніндегі дәл аудару дегенді мен сөйлеміне, сөйлем орай етіп аудару деп түсінемін».
Аударма кезінде автор суреттеу, бояу тәсілдерін ескермей аудармай кеткен. Мысалы, «қызыл телефон» деген сөйлемнің қызыл түсті екені аударылмай кеткен. Аударманы салыстырып байқаудың өзі қиын. Өйткені қай жерін алып қарасақта автор өзгертулер жасаған. Түпнұсқада орыстың «ресторан», «сигарет», «званок», «камин» деген сөздері бар.
Көркем аудармалардың құнды не құнсыздығы тек жаңылыс кеткен кездейсоқ қателермен белгіленбейді. Аудармашы бір емес ондаған қате жіберуі мүмкін, әйтседе оның аудармасында ең бастысы – автордың түпкі ойы, стилі, бір өзіне ғана тән жазушылық даралығы дұрыс берілсе, оны құнсыз аударма деп табуға болмайды. Жалпы автор екі аудармада да идеяны бұрмаламай бере білген. Аудармашы барынша дәлме – дәл беруге тырысқан.
Көркем шығарманың әр алуан қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сырлары (монолог) шертіледі, көңіл – күйі, сезім дүниесі баяандалады, философиялық толғаныстар мен психологиялық тербеністер ашылады т.б.
Осы шығармадағы бас кейіпкер Естай Бекетовта осындай қасиеттер көрініс тапқан. Әсіресе оның Ертістің жағасында үй салып, табиғатпен бірге жалғыз үн кешкен күндері баяндалады. Ол қалаладан безіп, Ертіс жағасына келіп үй соғып, жалғыздықты аңсаған болып көрінді. Әйтсе де баласын сағынбайтын әке болама, қызын сағынып, сезім дүниесі шертіледі. Оның дұрыс отбасы бола алмай, әйелінен бөлініп кеткен бейне. Оның жолына бірге оқыған Айжан есімді қызды кездестіреміз. Екеуінің арасында қарым – қатынас туады. Адам өмірінде бір түн болады, адам өмірінде жалғыз ғана ұлы қақтығыс болады, сол түні, сол қақтығыс үстінде, Естайдың азаматтық ары мен таза жүрегі былғанбаса, тізең дірілдеп бойыңды үрей алмаса, ол Естайдың жеңісі болғаны. Сондықтан болар автор бұл әңгімені «жалғыз ғана түн» деп бергендігі болар.
Аударма сүйіспеншілікпен, құштарлықпен жасалатын шығармашылық жұмыс. Аударма – кез келген әдеби шығармашылық үрдіс тәрізді айырықша шабытты жұмыс, жазу өнерінің аса қиын түрі. Үнемі жетілдірілген, шыңдалған шығармашылық, шеберлік, яғни нағыз майталман аудармашыға аса қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет