Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы туралы қорытынды есеп



бет5/12
Дата02.10.2023
өлшемі121,1 Kb.
#112332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
-Семинар мақсаты:
-Оқыту үрдісінде қолданылатын кері байланыстың түрлеріне тоқталып, оның оқу мен оқытудағы тиімді тұстарын атап көрсету
-Дұрыс жүргізілген кері байланыс арқылы оқушылардың өзіндік пікірін білуге болатынын және мұғалімнің кері байланыс жасай отырып, өз ісіне сыни көзбен қарауға болатынын дәлелдеу;
-Жас мамандардың педагогикалық тәжірибесін жетілдіру, практикалық дағдыларын қалыптастыру;
-Міндеттері
1. Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдарын түсіндіру
2. Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибие алмасыуын қамтамасыз ету

Күтілетін нәтиже: Жас мамандар үйренеді, сұрақтарына жауап алады. Мұғалімдер тәжірибе алмасады, ой бөліседі.
Қарастырылған мәселелер:


  1. «Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары» тақырыбындағы таныстырылым, баяндама (мектеп директорының оқу ісі жқніндегі орынбасары


  2. «Оқушыларды үдеріске белсенді қатыстыруға көмектесетін кері байланыс типтері» тәжірибелі мұғалім таныстырылымы)


  3. «Оқушыларға тиімді кері байланыс берудің 20 жолы» мектеп тренерінің таныстырылымы



Бірінші мәселе бойынша «Оқу үдерісіндегі байланысты орнатудың тиімді жолдары» тақырыбындағы таныстырылым баяндмектеп директорының оқу ісі жөнінідегі орынбасары жасады.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орныбасары « Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндама таныстырылым арқылы ұсынылды. Баяндама барысынды кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделетінін, кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы ңс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру екені айтылды. Мұғалім оқушының кез-келген кері байланыс парағын оқи отырып жұмысының сәтсәз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын ендігі іс-әрекетін қалай жасартуға болатаныны алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болатынына көз жеткізді.
Сонымен қатар кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстағанын жөн екенін, яғни кері байланысты жұмысымызды жақсартудыңең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланысты субьективті болатынын ескеру, кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасау керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оның сапасын анықтауға мүмкіндік беретініне тоқталды.
Кері байланыстан күтілетін нәтижелерге тоқталып өтті:
  • Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;


  • Оқушы өзінің мықты, осал тұстарын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;


  • Оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады.


  • Мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады.


Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу саласын жақсартуға болады деп өз сөзін қорытындылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет