Зачет сұрақтары


Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар



бет13/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
18. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу, дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені элемде 3 мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған, олардың арасында азаттықпен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың «түрі» жөнінде түсінік берер болсақ, қауымдастықтың нәсілдік түрі тиісінше адамдарды бет-әлпеті, өңіне қарай біріктіреді, ал көз жанары, түсіне қарай тағы да басқа бір қасиеттері орайластырылады. Сөйтіп, адамдар нәсілдік және жағрапиялық орта ерекшелігіне сәйкес алдымен тайпалық, ұлыстық, ұттық қауымдастыққа топтасады. Міне, осыған орай, адамдардың әрбір тобы олардың қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрі деп аталады.
Адамдар қауымдастығының түрліше әлеуметтік-этникалық түрінің пайда болуы мен дамуы қоғамдық өндіріс тәсіліне қарай анықталады. Демек, материалдық өмірдің өндіріс тәсілі, адамдар өмір-тіршілігінің әлеуметтік, саяси және рухани процесін айқындайды. Адамдар өміріндегі сондай аса қажетті, өзара араласу мен қауымдастықтың күллі тұтастық белгісі-тілдің ортақтығы болып саналады. Тіл – халықтың жан-жүрегі, оның этникалық сана-сезімінің қасиетті мұрасы. Тіл – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас байланысын нығайта түсетін басты құрал. Адамдардың қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрінің негізгі белгілері – рулық-тапайлық, ұлыстық, ұлттық. Адамдар қауымдастығының, әлеуметтік-этникалық түрінің негізгі белгілеріне жататын экономикалық байланыстың ортақтығына, тілдің ортақтығы, жер мен мәдениет ортақтығы – қауымдастықтың қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
19. Этникалық мүдделер мен эникааралық қарым-қатынас.
Этникалар аралық қарым-қатынас - түрлі халықтар өкілдерінің, этникалық одақтастықтардың арасындағы субьективтік түрде болатын қарым-қатынас. Әлеуметтік психологияда және этнопсихологияда Этникалар аралық қарым-қатынас - екі деңгейі бар. Олар - жеке және топтық қарым-қатынастар. Бұндай қарым-қатынас өмірдің, саясат, еңбек, тұрмыс, отбасы, достастық, қарапайым қатынас сияқты салаларында қалыптасады. Оның сипаты (достастық, бейтарап не дау-жанжалдық) откен тарихи жағдайларға, елдің саяси-әлеуметтік жағдайына, экономикалық және мәдени-тұрмыстық жағдайларына, нақты бір оқиғаға не қарым-қатынасты қажет ету жағдайына байланысты қалыптасады. Жеке деңгейде адамдардың жеке-психологиялық жағдайларына байланысты болады. Этникалар аралық қарым-қатынас байланыстың түрлі саласында, ұлттық стереотиптарында, адамдар мен нақты этникалық одақтастықтардың көңіл-күйлері мен өздерін ұстауларындағы этникалық байланыста байқалады. Этникалар аралық ұстанымдар мен бағыттар тұлғаның әлеуметтенуінде, отбасында, оқу орнында, ұжымда, көршілік және достық қатынаста қалыптасады. Бұл мәселе көп ұлтты ел жағдайында келелі мәселе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет