Күн өту және ыстық өту- организмге қызу өтуден пайда болатын сырқат. Балаларға, етженді адамдарға, жүрек-қан тамырлары ауруымен және эндокринді аурулармен ауырған адамдарға қызу өткіш келеді. Әсіресе, шақырайған сәулеге басты қыздырғанда күн өтеді.
1.Жалпы сипаттама
Күн өту көбінесе, ыстық қапырық ауадан және күн көзінде көп жүруден болады. Әсіресе ыстыққа төзімсіз немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын (құрылыс алаңдарында жұмыс істейтін) адамдарға күн жиі өтеді. Сондай-ақ күн сәулесімен нашар шағылысатын қара-қоңыр түсті киім немесе ауа өткізбейтін және тердің булануына бөгет жасайтын киім де организмге ыстық өтуіне себепші болады. Жабық бөлмеде де жоғары температурада және ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда да (ыстық цехтарда жұмыс істегенде) ыстық ұруы мүмкін.