Басына, шүйедесіне, қолтығына мұз салынған немесе салқын су құйылған грелка қойған жөн.
Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады; сусынды - тұзды салқын суды, салқын шайды, кофені көбірек ішкен дұрыс.
Ыстық ұрған адамның тыныс алуын күшейту үшін салқын суға малынған сүлгімен немесе орамалмен жағынан шапалақтап ұрады, мүсәтір спиртін искетеді, оттегін жұтқызады, денесін ысқылайды.
Егер тыныс алуы қиындай түссе, қолдан дем алдыру керек.
Толық мақаласы: Алғашқы жәрдем
Сырқаттың жеңіл және орташа дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілсе науқас адам тез қалыпты жағдайына келеді. Ал ауыр дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілмесе адам өмірін сақтап қалу мүмкін болмайды.