МАСАГЕТТЕР
Массагеттер этнонимнің шығуы туралы бірнеше нұсқа бар. Вильгельм Томашек пен Йозеф Маркуарт
авесиалық masyo-ға, яғни балық дегенге жақындастырады. Осыдан көпше түрінің жалғауы -ga, олар
masyaka ~ masyaga алып, массагеттердің (батпақта тұратындар) жартысы балықпен тамақтанады деп
жазған Страбонның хабарымен салыстырады. Басқаша айтқанда, Томашек пен Маркварт массагет
этнонимі балықпен тамақтанатындар дегенді білдіретініне сенді.Кеңес ғалымы С.П.Толстов соңғы
болжамның шындыққа жақындығын дәлелдей келіп, Сырдарияның төм. жағындағы археологиялық
ескерткіштерді Массагеттерге тиесілі деп санайды. Бірақ оған қарсы пікірлер де бар. Геродоттың
айтуынша, Массагеттер көшпелі тайпалар. Олар соғысқа атпен де, жаяу да шыққан, ат әбзелдерінің
бірнеше түрлері болған. Қару-жарақтары мен әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған. Ахемен
әулеті патшасы Кир Массагеттермен соғыста олардың падиша-ханымы Томиристен жеңіліп, қаза тапқан
Страбонның жазуынша Массагеттер күнге табынған. Оған құрбандыққа жылқы шалатын болған.
Страбон Массагеттерге жер өңдеуді кәсіп еткен Арал маңындағы хорезмдік басқа тайпаларды да
қосады..
Жазба деректерге сүйенсек, сарматтар б.з.б. ІІ ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан мен
Қара теңіздің солтүстік аймағын мекен еткен. Алайда, жазба деректерде сарматтар
туралы дерек өте аз кездеседі.
Сол заманда өмір сүрген барлық тайпа сияқты сарматтар да ержүрек жауынгер
болған. Сондай-ақ, сармат тайпасы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас
болып келген және роқсоландаp мен алаңдaр және аорстар, cирақтар т. б.
тайпaлар сарматтардың құрамында болған.
Сарматтар жауынгерлігімен ерекшеленеді. Олар көрші скифтерге қарағанда
Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ бен Парфияға сәтті басқыншылық жорықтар
жасап, үстемдік еткен.
САРМАТТАР
|