ҚАҢЛЫЛАР
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде
канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.
Бүгінгі қазақ халын құраған ірі тайпалар қатарында қаңлылардың орны ерекше. Көрші
елдер оларды кезінде "канх" деп атаса, бірде "қан" деп атады.
Бұл атаудың шығуын бізге
жеткен аңыздар кәдімгі арба атауымен байланыстырады.
Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың
әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы
болған.Қаңлылардың бір бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Келесі бөлігі отырықшы егіншк болған. Қытай деректері олардың жылқы, түйе,
қашыр, есек, сиыр өсіргенін айқындайды. Оларда негізгі малдардың бірі қой
болған.
Қаңлылардың жерінен алтын,
асыл тастар,
хош иісті шайлар, кілемшелер,
қымбат аң
терілері саудаға шығарылған. Қаңлылардың диқаншылықта қолданған кетпен,
қолорақ, қолдиірмен,
астық сақтайтын ыдыстары,
ұралар мен қамбалар және
астықтарда көптеп табылды.