Стресс адамда дерттердің дамуына екі жағдай әкелуі мүмкін:
- организмге әсер еткен ықпалдың қарқыны тым артық болып, стресс дамытатын жүйенің белсенділігі қатты көтеріліп кетуінен;
- стрессті шектейтін жүйенің туа біткен немесе жүре пайда болған тапшылықтарынан. Организмде серотониннің, шағын реттеуші пептидтердің, простагландиндердің, антиоксиданттардың түзілуіне қажетті ферменттердің тұқым қуалайтын гендік немесе жүре пайда болған ақаулары болуы ықтимал. Олардың тұқым қуалайтын гендік ақаулары ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Кейбір адамдарда антиоксиданттардың түзілуіне қажетті ферменттердің жеткіліксіздігі болады. Ал жүре пайда болған бұл ферменттердің аз түзілуі немесе белсенділігінің төмендеуі қоршаған ортаны ластайтын әртүрлі химиялық улы өнімдердің әсерлерінен, ашығудың, ішетін тамақта нәруыздардың, витаминдердің, микроэлементтердің тапшылығынан дамиды.
Кома (соmа - терең ұйқы) – толық есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияларының жойылуы және организмнің өмірге маңызды функцияларының реттелуі бұзылатын орталық жүйке жүйесі қызметінің терең тежелу . Кома (коматозды жағдай) (гр. κома — терең ұйқы) — ОЖЖ сананың прогрессирлеп өшуімен жүретін , сыртқы орта тітіркеністеріне жауап бермейтін, өмірлік маңызды ағзалардың, тыныс алу және жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылыстарымен жүретін жедел басталатын ауыр патологиялық жағдай. Яғни ОЖЖ қызметінің нашарлауы (әрі қарай ми өлімі) тек сананың сөнуімен емес, сонымен қатар арефлексиямен және өмірлік маңызды ағзалардың реттелуінің бұзылыстарымен жүреді. Кома жеке ауру емес; ол ОЖЖ қызметінің бұзылысы немесе ми тінінің зақымдалуы (бас миының ауыр жарақаты) нәтижесінде дамиды. Комалық жағдайлар шығу тегіне және патогенезіне байланысты ажыратылады, соған байланысты терапевтикалық шаралар қолданылады. Этиологиясына байланысты жіктелген команың классификациясында 30-ға жуық түрі көрсетілген. Соның ішінде бір бөлігі жеке ауруларға емес бір топ аурулар мен синдромдарға жатады. Біріншілік церебралды кома, команың бұл түрінің негізінде бас миының біріншілік зақымдануына байланысты ОЖЖ қызметінің бұзылуы жатыр.