Патологиялық анатомиясы. Шоктың аутопсия кезінде керінетін белгілеріне қан тамырларындағы қанның сұйық болуы; геморрагиялық синдром; ағзалардағы қан айналымың бұзылуы; кейбір ағзалардағы "шокқа тән ерекше өзгерістердің" ("шоктық ағзалар") болуы жатады. "Шоктық ағзаларға" бүйректерді, өкпені, бауырды жатқызады. Бүйректердегі ауыр өзгерістер екі жақты кортикалдық (қыртыстық) некрозбен аяқталуы мүмкін. Өкпелерде ателектаз ошақтары, сероздық-геморрагиялық ісіну, гиалиндік мембраналар, микроциркуляция арнасының тромбозы көрінеді. Осы өзгерістерге байланысты өкпе қызметінің жедел жетіспеушілігі респираторлық дистресс-синдром дамиды. Бауырда центролобулярлық некроз ошақтары пайда болады, кейде бауыр жетіспеушілігі байқалады. Сонымен қатар морфологиялық өзгерістер басқа ағзаларда да көрінеді. Мида - ишемиялық энцефалопатия; журекте - кардиомиоциттердің майлы дистрофиясы, кейде майда некроз ошақтары; бүйрекусті бездерінің қыртысты қабатында липидтердің азаюы, шоктың ақтық кезеңінде — майда некроз ошақтары; асқазан-ішек жолдарында қан құйылулар, кейде жедел жаралар табылады.