Коллапс – айналымдағы қанның мөлшері азаюынан артериялық және веналық қысымның қатты төмендеп кетуімен көрінетін қан тамырларының жедел жеткіліксіздігі. Пайда болу себебіне қарай: уытты - жұқпалы, геморрагиялық (қансыраудан кейінгі), панкреатикалық, ортостатикалық коллапстарды ажыратады. Бұлардың даму жолдарында қан тамырлары тонусының тез әлсіреуі бірінші орында тұрады. Осыдан кеңіп кеткен қан тамырларында қан жиналып қалуынан айналымдағы қанның көлемі азаяды, оның ағу жылдамдығы баяулайды, ағзалар мен тіндерге оттегінің тасымалдануы бұзылады. Гипоксияның нәтижесінде тіндерде зат алмасуларының бұзылыстары дамып, қышқыл аралық өнімдер жиналып қалады. Олар майда қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді. Қанның сұйық бөлшектері тамыр сыртына шығып кетіп, оның айналымдағы көлемін одан сайын азайтады. Осыдан артериялық қан қысымы күрт төмендеп кетеді. Кез-келген коллапсты емдеу үшін айналымдағы қанның көлемін арттырып, артериялық қысымды көтеру шараларын қолдану қажет. Ол үшін науқас адамға қан немесе қанды алмастыратын сұйық енгізу керек.