Жарақаттық кома (лат. coma traumaticum) — бас сүйек ми жарақаты кезінде орын алады.

Эпилептикалық кома (лат. coma epilepticum) — эпилепсиялық ұстамалар кезінде дамиды.
Апоплектикалық кома (лат. coma apoplecticum) — ми қан айналымының жедел бұылыстарында дамиды.
Менингеалды кома (лат. coma meningeale) — инфекциялық менингиттерде интоксикация нәтижесінде дамиды.
Апоплектиформды кома (лат. coma apoplectiforme) — екіншілік ми қан айналымының бұзылыстарында дамиды (Мысалы, миокард инфаркты). Ісіктік кома — ми және оның қабықтарының ісіктерінде дамиды.
Шок — организмге шектен тыс күш әсер еткенде дамитын, қан айналымының жедел жеткіліксіздігімен көрініс беретін ауыр патологиялық үрдіс. Бұл кезде гипоксия жағдайына байланысты зат алмасу үрдістері бұзылып, ағзалар қызметі өте әлсірейді. Шоктың түрлері: пайда болу себептеріне қарап шоктың төмендегідей түрлерін ажыратады: 1) жарақаттық, 2) гиповолемиялық, 3) кардиогендік, 4) сепсистік (токсико-инфекциялық), 5) гемотрансфузиялық, 6) анафилактикалық және 7) нейрогендік. Жарақаттық шок.Жүмыс орнында, әртүрлі табиғи апаттарда, қару-жарақты қолданғанда дамитын ауқымды жарақаттарда байқалады. Гиповолемиялық шок.Көп қан кету жағдайында көп мөлшерде плазманы жоғалтқанда (мысалы, құсу немесе іш кету нәтижесінде) сүйықтықтар мен электролиттер организмнен шығып кеткенде, яғни айналымдағы қан көлемі өте азайғанда дамиды. Кардиогендік шок.Миокардтың көлемді инфарктыңда, жүрек жарылып кеткенде, өкпе артериясы тығындалып қалғанда, жүрек қызметінің кенеттен бұзылуымен байланысты.