ый: мый (жазылуы ми), қый (қи), ыйық (иық), таный
(тани), қыйа (қия), қыйын (қиын), жый (жи), тыйын (тиын);
ій: кій (ки), тій (ти), ійне (ине), ійіс (иіс), бекій (бе
ки), ерій (ери), бійлік (билік), ійір (иір), тійін (тиін);
ұй: мұхұйт (мұхит), бұлтұй (бұлти), бұртұй (бұрти),
жорұй (жори), мұхұйат (мұқият), құрұй (құри), құпұйа (құ
пия);
үй: мүрүйт (мүрит), мүлгүй (мүлги), түксүй (түкси),
үрпүй (үрпи), үсүй (үси), мөлүй (мөли), дүнүйө (дүние).
5) и: институт, университет, инициатива, физика, кино.
Қысқасы, дыбыс пен оның таңбасы, сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу — транскрипция (лат. transcriptio — көшіру) қолданылады.
Біздің дыбыстық тіліміз — өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде (лат. aspestus — көзқарас, түр, сипат) қарастыру
керек болады және мұның өзін сол бір нәрсені үш қырынан қарау деп түсіну керек. Олар: анатомия-физиологиялық (немесе биологиялың) аспект, акустикалық (немесе физикалық) аспект және лингвистикалық (немесе функциональдың) аспект.
1. Анатомия — физиологиялық аспект. Адамның тілі — ең алдымен биологиялық құбылыс, яғпи ол — дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.
Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (мәселен, өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т. б.) қосымша атқарады. ¥зақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нәтижесінде дыбыстық тілге ие болды.
Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс, таңдай, жақ, ерін т. б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды.
Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне (қимыл-қозғалысына) негізделген .
Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде, көбірек, ұяңдарда азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр (немесе шу деп айтуға болады) өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді [7, 46 б.].
Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т. б.
2. Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді.
Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына (амплитудасына) байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді.
Дауысты дыбыстар (мәселен а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тембр — дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен көмекші тонның (обертон) бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы: тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.
Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.
Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды.
Мұның өзі - дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.
Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокаль)
дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.
Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, oт, өт сөздерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылды. Сондай-ақ дауыстылар қатаңды ұяңдатып тұрады. Мәселен: қабы (қапы), қарағой (қара қой), ағ ешкі (ақ ешкі) т. б.
Орыс тілінде керісінше, дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |