Закриянова Асия Файзрахманқызы 403 «ә» тобы Қазақ тілінен фонетика тарауын оқыту



бет14/18
Дата22.03.2023
өлшемі382 Kb.
#75673
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Бөлек жазылатын сөздер:
1. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, мекеме, ұйым аттарының) әр сөзі бөлек жазылады. Мыса­лы: Советтік Социалистік Республикалар Одағы, Қазақ ССР Ғылым академиясы, Қазақ ССР Жоғарғы Советі т.б.
2. Күрделі сөздердің құрамындағы әр сөз бөлек жа­зылады. Мысалы: қара торы, торы төбел, жүз отыз бес, екі жүз алпыс жеті, кіріп шық, алып кел, айтып кет, жәрдем ет, жарқ ету.
3. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әр сөз бөлек жазылады. Мысалы: қас пен көздің арасында, тонның ішкі бауындай, ит өлген жер, жүрек жұтқан т.б.
4. ІІІылау сөздер сөзден бөлек жазылады. Мысалы: кітап та, қағаз да қалам да баршылық. Дәптер мен қарындаш ал. Осыны көрдің бе?
Ақ, ау, ай, мыс, ды, дағы, сынды шылаулар алдындағы сөзге дефис арқылы тіркеседі. Мысалы: сен-ақ, келген-ау, қарағым-ау, көріпті-мыс, оқыған-ды, келген-дағы, Аманкелді-сынды.
Тілдегі бірге жазылатын сөздерге біріккен сөздер жатады. Олар:
1. Тұлғалары өзгеріп, бірімен-бірі әбден кірігіп кеткен сөздер: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), қыстыгүні (қыстың күні), белбеу (бел бау) т.б.
2. Тұлғаларын сақтап біріккен сөздер: а) шекара, тасбақа, Құсжолы, алтыбақан, наркескен т.б.
ә) Еш, әр, қай, әлде сөздерінен біріккен есімдік, үстеу сөздер: ешкім, әрқашан, әрбір, кейбір, қайсыбір, біржолата, әлдеқашан, ешқашан, қайсыбір, т.б.
Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есіммен тіркескенде, бөлек жазылады: әр үйде, еш бала, кей адам, қай қала, бір уақыт, әлде қуаныш, әлде азап т.б.
б) Терминдік мәндегі біріккен сөздер:. баспасөз, шикізат, жемшөп, арасалмақ, оңтүстік, еңбеккүн, Темірқазық т.б.
в) Кісі аттары: Аманкелді, Қартбай, Қосжан, Алпысбай, Бақыт, Әшімқызы Оспанова т.б.
г) Географиялық атаулар: Сарыөзек, Екібастұз, Жезқазған, Қоңыркөл, Қосарал, Жиенқұм, Шалқар, Қаратау т.б.
Қосымшалар сөздің соңғы дыбысының, буынының әуенімен үндесіп, бірге жазылады. Мысалы: бала-лар, әке-сі, ана-дан, бақыт-ты, ерке-лік, терезе-де т.б.
Қосымшалардың дефис арқылы жазылуы:
1. Сөздердің басқы дыбыстарынан және бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің басқы дыбыста­рынан қысқартылған сөздерге қосымша дефис арқылы жазылады. Мысалы: ҚазМУ-де ГДР-ден, 100 км-ден, 10 см-дей.
2. Цифрмен жазылған сан есімге қосымша дефис ар­қылы жазылады. Мысалы: 10-нан, 50-дей, 100-деген, 5-терде, 1/2-ін, 5-ті т.б.
3. Процент (%), градусты (°) белгілейтін таңбалары бар цифрмен жазылған сан есімдерге қосымша дефис арқылы жазылады, Мысалы: 200%-тен, 40°-қа, 30°-тен.
4. Жеке әріптер мен сөздер талдау объектісі болғанда, оларға қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: Б-ні оның қатаң сыңары п-пен салыстырады.
Сөздің жолға сыймаған бір я көп буынын келесі жол­ға тасымалдауға болады.
Жолға сыймаған сөздің бөлегін екінші жолға тасы­малдау буын жітінен жасалады. Мысалы: қа-ла, мек-теп, таңертең-гі, таңер-теңгі, таң-ертеңгі.
Жиын, тиын, қиыр, жуын, суын, буын сияқты сөздер жи-ын, ти-ын, қи-ыр, жу-ын, су-ын, бу-ын түрінде тасымалданады.
Мынадай сөздерді тасымалдауға болмайды:.
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: Мы­салы: от, бар, кел, ет, қарт, Эрнст.
2. Сөздің бір әрпін келесі жолға көшіруге немесе жолдың соңына қалдыруға болмайды. Ата, аю, кею, сия, қия сөздеріндегі а, я, ю әріптерін тасымалдау дұрыс емес.
3. А. С. Пушкин, А. Кұнанбаев сияқты қысқартылып жазылған кісі аттарынан фамилияларын бөліп тасымалдауға болмайды.
4. Қысқартылып жазылған өлшем аттарын (км, г, м, см, км, мм, га, т.б.) саннан бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы: 10 кг, 16 км, 55 га.
5. Бас әріптеп және бас әріп пен буыннан қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мысалы: ҚазМУ, ҚазГЮУ.
Сөздердің тасымалдануын үйрету.

Оқушылардың жазбаша жұмыстарында сөздерді тасымалдаудан жіберген қателері жиі ұшырап отырады. Ол қателерді болдырмау үшін, сөздерді тасымалдауды оқушыларға жете үйрету қажет. Сөздерді тасымалдау буынға байланысты. Сөз буындап тасымалданады, бірақ кез келген буынды тасымалдай беруге болмайды. Тасымалдаудың шарттарын оқушылар әбден біліп алуғатиіс.



  1. Жолға сыймағанда, бір немесе бірнеше буын тасымалданатыны былайша көрсетіледі: мектеп-тер, кітап-тар, шаруа-шы-лық, қа-ла-лық т.б.

  2. Сөздерді тасымалдауға болмайтын жағдайлар атап көрсетіледі:

а) жеке әріп тасымалданбайды: Омар, Әмір, Азия т.б.
ә) қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды.
б) кісінің аты мен әкесінің атынан қысқарған бас әріптер фамилиядан бөлініп тасымалданбайды: А.Құнанбаев, А.С.Пушкин.
в) санмен тіркесіп келген, қысқартылып алынған атаулар тысамалданбайды: 2 ц, 5 кг, 15 см.
Бұл ережелермен бірге мынадай жағдайлар да ескерілуге тиіс.
Дауыссыз дыбыстардың тіркесін жолда қалдыруға немесе келесі жолға көшіруге болмайды.
Мысалы: элек-тр, ст-анция, во-льт.
Ъ, ь әріптері өздерінен бұрын келген әріптерден бөлініп, кейін тұрған әріптермен тіркесіп тасымалданбайды: адъ-ютант, объ-ект, баталь-он, павиль-он, аль-бом т.б.
Цифр тіркесіп келген –ыншы, -інші жұрнақтары тасымалданбайды: 10-ыншы, 2-інші.
Тағы басқа, тағы сол сияқты деген сөздер қысқартылып т.б., т.с.с., түрінде келгенде, оларды тасыалдауға болмайды.
Сөз бөлшектерін бір жолдан екінші жолға тасымалдау буын принципіне сүйенеді. Қазақ тілінде буын құратын – дауысты дыбыстар. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады [15].
Буынға бөлу кейде сөздің морфологиялық құрамына байланысты болады, әсіресе түбір сөзге жалғанған қосымшаны бөлу, біріккен сөздерді құрамына қарай айыру, қос сөздердің екінші сыңарын тасымалдау жазу практикасында қолданылып жүр: ала – бота, ала-бұға, бү-гін.
Қазақ тілінде буынға бөлу практикасы мынадай болады: Дауысты дыбыстардың арасында келген дауыссыздар соңғы дауыстылармен тіркесіп кетеді: а-та, е-не, е-се, ө-те. Бірақ жолда бір дауысты дыбыс қалдырып, сөздің басқа бөлшектері екінші жолға тасымалданбайды. Сондай-ақ жеке дауысты дыбыс та жаңа жолға тасымалданбайды [16].
Бітеу буынды болып келген сөздер былайша тасымалданады: пат-рон, қал-қан, тол-қын.
Сөздерді тасымалдауды көрнекі түрде оқыту үшін тақтаны екіге бөліп, оң жағына «дұрыс емес» сол жағына «дұрыс» деп жазып, дұрыс тасымалдаудың үлгілерін салыстырып көрсеткен жөн:

Дұрыс емес: дұрыс:


Ме-ктеп мек-теп
Кіт-ап кі-тап
Дә-птер дәп-тер
Қағ-аз қа-ғаз

Сауаты адамдарды даярлауды қамтамасыз ету орта мектептің ең басты міндетінің бірі болып табылады.


Оқушылардың грамматикалық ережелерді берік және саналы игеруін талап ете отырып, мұғалім оқушылардың сауатты жазуын да бақылар отырады. Оқушылардың толық сауатты болуы дұрыс оқуға, орфографиялық және пунктуациялық дағдыға, өздерінің де, басқалардың да жазбаша және ауызекі түрде дұрыс баяндап беруіне байланысты. Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық қандай дәрежеде екенін көрсетеді [17, 23б.].
Оқушылардың ана тілі грамматикасының, орфографисясы мен пунктуациясының негіздерін жете меңгеру үшін, әрбір сыныпта алуан түрлі жаттығулар жүргізіледі. Мектепте өткізілетін жаттығу сабақтарының бір түрі диктант болып есептеледі. Диктант латын тілінің «дикто» деген сөзінен алынған. Бұл қазақша естіртіп айту дегенді білдіреді [18].
Диктанттың мына сияқты түрлері бар: түсіндірме диктант, терме диктант, өздік диктант, шығармашылық диктант, сөздік диктант, бақылау диктант, өзімді тексеремін диктанты.
Түсіндірме диктант белгілі бір грамматикалық ережелерге байланысты жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдерді айтып, оқушыларға жаздыру керек.
Терме диктант мәтін ішінен өтілген ережелерге байланысты сөздер мен сөз тіркестерін немесе жеке сөйлемдерді теріп жазу үшін қажет.
Терме диктант фонетиканы, лексиканы және грамматиканы пысықтау үшін өте керек, баланың ақыл-ойының дамуына көмектеседі.
Өздік диктант бұрыннан білетін мәтінді жатқа жазу үшін қолданылады. Бұл оқушылардың логикалық ойын дамыту үшін керек.
Еркін диктант оқылған мәтіннің мазмұнын оқушылардың өз беттерімен жазу үшін беріледі. Оқушылар еркін диктант жазғанда, мәтіннің жалпы желісін сақтап отыру керек. Диктанттың бұл түрі оқушылардың тіл байлығын арттырады, дұрыс жазуға төселдіреді.
Бақылау диктанты орфограия, пунктуация және грамматикадан оқушылардың білімін сынау үшін, оларды қандай дәрежеде түсінікті болып жүргенін байқау үшін жүргізіледі [19]. Диктанттың сөз саны мына мөлшерде болуы керек: 1 сыныпқа оқу жылының бірінші жартысында 12-14 сөз, оқу жылының екінші жартысынан бастап, 18-20 сөзге дейін біртіндеп өсіре беру керек. 2 сыныпқа – 40-45 сөз, 3 сыныпқа – 60-65 сөз, 4 сыныпқа – 80-90 сөз, 5 сыныпқа – 90-100 сөз, 6 сыныпқа – 110-120 сөз, 7 сыныпқа – 130-140 сөз, 8 сыныпқа – 150-160 сөз беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет