Закриянова Асия Файзрахманқызы
403 «ә» тобы
Қазақ тілінен фонетика тарауын оқыту
87014415275
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР
1.1 Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін оқушыларға игерту
1.2 Дауысты және дауыссыз дыбыстар емлесі, фонетикалық үйлесімі, жасалуы
2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1 Фонетика тарауын инновациялық әдістер негізінде оқыту жолдары
2.2 Орфография және орфоэпия заңдылықтарын оқушыларға игерту, сауаттылық деңгейін көтеру ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.
Ү. Қосымша
Кіріспе
Курс жұмысының өзектілігі: Адамдар арасындағы тілдік қатынас екі түрде болады: ауызша және жазбаша. Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу арқылы іске асады. Сөйлеу — іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту. Бұл — адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ең көне, ең негізгі қару. Жазу — сөйлеудің қағазға түскен бейнесі. Бұл бертінде пайда болды. Мәселен, қазақ халқы ХХ ғасырдың орта тұсынан бері ғана жаппай сауатты елге айналды. Адам баласының тілі — дыбыстық тіл. Жеке тұрғанда мән мағынасыз көрінетін дыбыстар бірімен бірі ұстасып, берік қиюласып сөзді жасаса, сөздерден сөз тіркестері, сөйлемдер құралатыны белгілі. Бұдан сөздердің қаңқасы да, қаны да, жаны да дыбыстар екенін, сөйлеу де, жазу да тек осы дыбыстардың арқасында ғана өмір сүретінін аңғару қиын емес. Олай болса, мектептегі қазақ тілі пәнін оқыту ісінде фонетика тарауын оқыту әдістемесі, жай-күйі курстық жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тілдің дыбыстық жағы — оның өмір сүру амалы. Тілдегі санаулы ғана дыбыс сөздік құрамға енетін әлденеше мың сөздің құрамында белгілі бір тәртіппен қиюласып, тіркесіп, қайталану арқылы дыбыс жүйесін, тілдің бет пішінін, болмысын айқындап, өзге тілдерден ерекшелендіреді. Сондықтан да мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап жеке дыбыстарды айтып, олардың таңбалары — әріптерді жазып үйренеміз. Бертін келе дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп бөліп, дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп, дауыссыздарды үнді, ұяң, қатаң деп жіктеп, олардың сөз ішінде біріне-бірі ықпал жасап, үндесіп тұратынын, дыбыстардың айтылу, жазылуындағы кейбір ерекшеліктерді, буын, екпін сияқты ұғымдарды пайымдауға тырыстық. Мұны танытатын ғылым фонетика деп аталатынын да білеміз.
Фонетика (грекше phonetikos — дыбыстың) дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы (оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне лайықтап пәнетике деп айту, жазу жөн болар еді) [1]. Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп алған. Әзірше бұл екеуі синоним түрінде қолданылатынын ескеру керек.
Дыбыс жүйесі қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп түрудың тетігі, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т. б. Түрлерін мектепте оқыту әдіснамасын қарастыру курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |