«Заман, дәуір тұлғасы» бөлімі «Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы, Ш. Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ІІ нұсқа
«Заман, дәуір тұлғасы» бөлімі «Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы, Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ІІ нұсқа
Оқу мақсаты
10.2.3.1 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау 10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу
Тапсырмалар 1.Ш.Құсайыновтың «Томирис» драмасының композициялық құрылымын анықтаңыз.
1)
Басталуы
2)
Байланысуы
3)
Шиеленісуі
4)
Шарықтау шегі
5)
Шешімі
2. Ш.Мұртазаның «Жаңбырлы той» әңгімесінен берілген үзіндісімен танысыңыз.
«Тәуекел той» әңгімесімен салыстырыңыз, кестені толтырыңыз.
« Ысырапшылдық пен бәсеке немесе дәстүр» тақырыбында пікір білдіре отырып, әдеби сын жазыңыз
Құрметті қонақтар төр жаққа баяулатып, мамырлап келе жатқанда, дәл осі сәтті күтіп тұрғандай, тұңғыш тамшы да тырс ете түсті. Артынша-ақ әй-шәйге қарамай, долы жаңбыр ышқына төгіп-төгіп жүре берді.
— Ойбай дастарқанды жабыңдар! — деп шырылдады той иесі.
Қонақ күтушілер тай шаптырым дастарқан бетіне газеттерді, кленкаларды жауып үлгергенше, ботана сел жүрді де кетті.
— Есіл ас рәсуа болды-ау,—деп жыламсырады үй иесі босағадан баспалап қарап.
— Ештеңе етпейді, Сейтқұл құрдас, жақсы нышан бұл. Жер тойса — ел тояр, — деді Әбдібек балдағын сүйеніп жауынға сүйсіне көз тастап.
— Өткінші жауын ғой әшейін, — деп, біреу немкетті айта салды.
Айтса — айтқандай, жаңбырдың тасыр-тұсыры тыйыла қалды. Ықтап тұрған меймандар дастарқанға қарай қайта жамырады.