Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет62/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   107
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 
1948. 54-б.
347 
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 16-б.


188
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
мен қатарласа сөз сөйлейді. Балалықпен ерте қоштасып, тезірек ер 
жету жолына түскен Абай зеректігі, парасаттылығына сүйеніп, ауыр 
жүкті жеңіл көтере берген. М.О.Əуезов: «Осы 13 жастағы Абай əкесі 
берген бетпен ел сөзіне кірісті. Əрине, жас бала алғашқы аяқ басқан 
жерден келелі кеңеске кіріп кеткен жоқ. Ел жұмысын шет жағалап 
бастаса керек. Сондықтан ең алғашқы жылдарында əкесінің «барып 
келіне» жүреді. Кейде қасына кісі қосып беріп, кейде өзіне тапсырып 
ұсақ істер туралы келісім жасауға ерік береді»
348
, – дейді.
Абай жас кезінің өзінде-ақ мақалдап сөйлеуді əдеті еткен, ескі 
билердің əсеріне беріліп, олардың айтқанына ұйи бермеген көрінеді. 
Өзінше жөн-жоба іздегендік, алдыңғылардың кемшілігін көріп 
тұрғыштық білдіреді.
Құнанбай əлі жас Абайды даулы, жауапты істерге салды десек, 
Құнанбай сияқтылар: «Ораздының баласы он үшінде баспын, – дейді, 
оңбағанның баласы отызында жаспын, – дейді, баланы не іске ерте 
баулыған жөн» – дейтін. Жуан ауылдың үлкені айтсын, кішісі айт-
сын «құба-құп» деп, бас шұлғитындардың ол кезде аз емес екенінде, 
осының өзі көшпелі қазақтардың бір əдетіне айналғаны да есепке алы-
натын. Жас Абай, əрине, терең парасатқа сүйеніп жұмыс жүргізерлік 
өре көрсетпеген. Ол, көбінесе, тапқыштық, қарсы дау айтуға шеберлік 
білдіру ісіне машықтанады, билердің, пысықтардың өз логикасына са-
лып, өздерін сөзден сүріндіре береді. Олар ойларын мысалдап дəлелдесе, 
Абай да солардың əдісіне салып, бұған өзінің тапқыштығын қосып, жас 
шағында-ақ шешендікке үйренеді. Абай үлкен айтсын, кіші айтсын, 
шешен айтсын, олардың керектісін таңдап үйренеді. Өзінше сөздің 
бұрыс жағын сезсе, ондайда əкесі айтқанын да мақұлдай бермеген. Өмір 
ісіне тетеусіз қарап, «Атамыз солай деген екеннен» ары бармауды місе 
етпейді. Адамшылыққа, халық жағдайына, оның келешегіне, игілігіне 
байланысты ой айтудың қажет екендігін түсіне бастайды.
Абай ой айту, сөз таластыру істеріне жасынан машықтанып, 
сол кездің шешендерімен өнер салыстырғандығы туралы Көбдіков 
Төлеу ақын мынадай бір мағлұмат береді: «Құнанбайдың замандасы 
Қаратай дейтін, өзін ірі ұстайтын сөзшең адам болған. Ол бір күні 
Абайға: «бұрынғы адамдардан кейінгілер ақылды болады депсің, рас 
па?» – дейді. Тегі бұл Абайдың аузынан шықпаған сөз болса керек. 
Бірақ Абай: «Рас», – деп жауап береді. Екеуі сол арада недəуір сөз 
таластырып қалады. Сөзден сүріне берген Қаратай: «Дүниенің нұры 
348
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т., 16-б.


189
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Мұхаммет пайғамбар заманына бір тұрған заман жуық емес пе?» – 
депті. Абай: «Дүниеге жарық нұр беретін күн. Күнге биік таудың 
басы жақын. Бірақ сол биік таудың басында қысы-жазы қар жатады. 
Заңғардың күнге жақын басы адамның пайдасынан аспайды. Ал сол 
таудың жарық етегі, алқабы күнге алыс, онда неше түрлі жеміс, шөп, 
егін өседі, адам баласы, жан-жануар солардан қоректеніп тіршілік 
етеді – сіздің пайғамбарға жақындығыңыз, сол қарлы таудың күнге 
жақындығы сияқты емес пе?» депті.
Абай сөзін ұнатпаған Қаратай, оны əкесі Құнанбайға шағып 
мұқатпақ. Қаратайдың сөзін қостаған Құнанбай «үлкеннің сөзін 
тыңдамауды əдетіңе айналдырдың» деп Абайды кінəлайды. Абай 
бір сөз айтпай, үндемей отырып қалады. Мұны көріп құмары 
қанған Қаратай Абаймен үй алдында кездесіп: «Ə, бала, қалай екен? 
Шешендік қайда? «Лəм-мимге» жарамадың ғой», – дейді. Абай: 
«Сіздің əділдігіңіз қайда? Əкем мені ақылмен, сөзбен жеңіп үндетпеді 
ме? Сөздің жөнін айтайын десем, күш жұмсағалы отыр. Сіз мені тең 
сөйлестіріп көріңіз, əйтпесе көпе-көрнеу зорлықты қостағаныңыз 
қалай»?
349
– депті.
Ер жетіп, ел ағасы болған Абай сүйсінерлік сөздерін ақылын 
тыңдаушыларға жалықпай айтып отырған. Жақсылық, жамандық, 
əділдік, салт-сана, халықтың қамы, өнер-білім деген мəселелер ту-
ралы терең ойын үнемі алға салған. Абайдан ақыл сұрау, оған дау-
лы істерін шештіру алыс-жақын адамдардың əдетіне айналады. Осы 
жөнмен Абайды əр жерден əдейі іздеп келгендер де көп болады. Са-
былысып келіп жатқан адамдармен мəжіліс құрудан қолы да босамай, 
ақындық ісіне берілуге жөндеп көңіл бөле алмай, көп уақытын сол 
кездің толып жатқан ел ара істерін тындырумен өткізеді.
Абайдың топ алдында айтқан сөздерін уақытында қағаз бетіне 
түсіріп, ұқыптап жазып алушылар болмады. Оның: ел тұрмысы, 
келешегі, қалың алып қыз беру, партияласып жүгірушілік сияқты 
мəселелерге арнап айтқандары көп болған. Абай алуан адамдарды ал-
дынан өткізе жүріп, олармен достаса, араздаса жүріп, қазақ өмірінің 
сол кездегі ерекшелігін терең түсінгендігі нəтижесінде күрделі ой 
айтса, сол ойының көбін көркем шығармалар жазып, жүзеге асыр-
ды. Абай ел ішіндегі түрлі адамдармен қарым-қатынас жасамаса, 
олардың ортасында қайнап өспесе, кейде солар істегенді өзі де істеп 
көрмесе, болыстарға, пысықтарға тағы басқаларға арнап жазған 
шығармаларын бізге келіп жеткен түрде жазбаған болар еді, өйткені 
349
ҚазССР ҒА архивы, папка №599. 126-127-бб.


190
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
көп бас қосулармен айтыс-тартыстың өзі де бір жөннен ақынды та-
лай нəрсеге үйреткен, шынықтырған, сөзге ысылдырған. Абай қазақ 
өмірінің үлкенді-кішілі, өнегелі-өнегесіз жақтарын көре біліп, өз 
басы да бірде олай, бірде былай бола жүріп, түрлі қорытындылар жа-
сап кемелденген, оның ұлы мектебі – əсіресе, сол кездегі қазақ өмірі, 
өйткені Абай өмірден үйреніп көп қорытынды жасаған, не жазса, 
өмірде көргенін, басынан кешіргендерін жазған.
Абайдың түрлі мəжілістерге айтқан сөздерінің шашыранды 
түрлері кездеседі. Жұрт аузында Абай былай деп еді дегендер бар. 
Бір күні Абай малды мен жарлының балалары туралы: «Бай баласы 
көп ішсе, ішіп үйренген ғой, – дейді, ал аз ішсе, негіз тойған, – дейді. 
Кедей баласы көп ішсе, көні кеуіп қалған – дейді, аз ішсе, шілдесінде 
шық тимеген, – дейді. Осы кедей баласының кінəдан құтылары бар 
ма?»
350
– депті.
Абай осындай сөздеріне əлеуметтік мəн берген, тыңдаушыларға 
ой салып, малды мен малсыздар, əділетсіздік пен əділдік туралы ерсі 
түсініктерді сынап, ондайда дұрыс ақылын айтып отырған. «Абай 
сөйлегенде мейлі ескі ғасырларда болып өткен пайғамбарлардан, 
мейлі патшалардан сөйлесін, болмаса, өзінің өміріндегі көрген-
білгенін сөйлесін, қандай əңгіме сөйлесін, сол айтып тұрған зат көз 
алдыңа елестеп көрініп тұрғандай, ұғынылатын еді»
351
– дегенді ай-
тады Төлеу ақын.
1880 жылдары Зайсан, Өскемен, Семей уездерінің болыс 
билері бас қосқан, сол уездер елінің түрлі дау-шарларын шешу ісіне 
арналған бір топ ашылады. Пысықтар мен шонжарлар ымыраласып, 
Абайды той жұмысына қатыстырудың алуан айласын жасайды. Абай 
ондайларға арнап:
Қазақтың қайсысының бар санасы?
Қылт етсе дап-дайын бір жаласы.
Пысықтардың белгісі – арыз беру,
Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы
352
, –
деген. Міне сол жалақорлар, қылт етпелер Абайдың абыройын 
төкпек. Олардың шағымына сеніп, Абайды кіріптар еткісі келген 
ұлық та, топқа жиналғандар да, ары толқып, бері толқып, ақыры 
Абайдың жол-жораға жүйрік əділ адам екенін мойындап, оны төбе би 
350
Қазақ ССР ҒА архивы, п. 599, 69-б.
351
Сонда, п. 599, 108-б.
352


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет