Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет98/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107
Байланысты:
full

 Крылов И.А. Басни. – М.; Л.: Из-во АН СССР, 1956. 132-б.
550
 Көбеев С. Үлгілі тəржіма. – Қазан, 1910. 15-б.


275
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Ынтымақ жоқтығынан біздің қазақ.
Кем жұртқа һəр бір түрлі болды мазақ, –
дейді.
Осы ойын айтып алғаннан кейін ғана «Лебедь, щука и рактың» 
тəржімасын бастайды. Көбеев Крыловтың айтқанын мысалға келтіру 
арқылы да ойын дəлдей түспек. «Кеңескен аққу, шортан, шаянме-
нен Тыңдаңыз тəржіма етіп жазған хатты» деген ол береке болмай, 
əрбіреуі əр жаққа тартып, жүкті орнынан мызғыта алмағандардың 
ісін ұжымсыздықтың айғағы деп түсіндіреді.
Көбеев «Құмырсқа мен шегіртке» уақиғасы қазақ өмірінің 
қандай жақтарын ескертуі мүмкін екендігін айтпақ. Сауыққой, 
жалқау, өмірін қамсыз өткізген шегіртке мен алдыңғы күнін ойлай-
тын еңбек сүйгіш құмырсқа жайы сөз болады: біреудің малын сырт-
тай иемденсең, өкінерсің, қамсыз жүрме, жақсының шарапатынан 
күдер үзбе, «сақтықта қорлық жоқ деген сөз бар» деп шаруашыл 
болуға үндейді. «Қасқыр мен қозы» оригиналындағы: «Но мы исто-
рии не пишем; а вот о том как в баснях говорят. Ягненок в жаркий 
день зашел к ручью напиться...», – деген жолдар қалып қойған. И. А. 
Крылов баснясының моралі туралы: «У сильного всегда бессильный 
виноват: тому в истории мы тьму примеров слышим», – десе, қасқыр 
мен қозы уақиғасынан өзінше қорытынды шығарған Көбеев:
Жауыздар бұл секілді біздерде көп,
Жүрмейтін жайын біліп, жөніне тек.
Біреуге залымдықпен назары ауса.
Келеді жоқ нəрсені кінə қылып
551
, – дейді.
«Осел и соловейде» бұлбұлға ақыл айтып, əтештен үйренсең, 
өнерің аса түсер еді деп надаңдығын асырған есек туралы Крылов: 
«избави бог, нас от таких судей», – десе, Көбеев аудармасына арқау 
болған – есектің ессіздігі, білмей білгішсінгендігі. С.Көбеев бұл 
шығарманың ырғақтық, интонациялық, көркемдік қасиетін əлсіретпей 
аударған демесек те, ол Крылов сөздерін жұртқа жеткізуді ұқыптаған.
Тут Соловей являть свое искусство стал:
Защелкал, засвистал,
На тысячу ладов тянул, переливался;
То нежно он ослабевал,
И томной вдалеке свирелью отдавался,
То мелкой дробью вдруг по роще рассыпался
552
, – 
деген жолдар былай аударылған:
551
 Көбеев С. Үлгілі тəржіма. – Қазан, 1910. 35-б.
552
 Крылов И.А. Басни. – М.; Л.: Из-во АН СССР, 1956. 66-б.


276
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Сандуғаш сол арада əнге басты,
Жаңғыртып кетті даусы күллі ағашты.
Білімін құдай берген аясын ба,
Неше түрлі құйқылжытып лебіз салды.
Дауысын кейде көтеріп, кейде созып,
Тыңдауға лəззəтлі үнін шашты
553
.
«Емен мен шіліктің» ырғақтық, идеялық-көркемдік қасиетін 
толық жеткізе айту шамалы. Шығарманың ұзын ырғасы түсіндірілген, 
оригиналға қатысы жоқ жолдар да кездеседі, аударма əлдеқандай бір 
əңгімеге айналып кеткен. Оны автордың өз сөздерінен де аңғарасыз. 
С.Көбеев емен мен шіліктің таласын айтпас бұрын:
Басында əжептəуір əңгіме еді.
Аяғы шайтан түртіп болды егес.
Кітаптан көргеннен соң жаза салдым,
Қасында тыңдап тұрған сіздер емес, – 
дейді.
«Емен ағаш пен тал шыбықтың» алдыңғы 16 жолын оқығаннан 
кейін ғана оригиналға тəн-ау деген сөздер басталады. Ойын мез-
гей түсіндіріп, жуан мойын тəкаппарлардың қалай мерт болғанын 
аңғартқан Крылов Көбеевте: «мықтылықты күшің болса, орнымен 
қыл» демейді, даяр қорытыңды бермейді. Емен мен шіліктің кім 
екенін оқушылар олардың сөздерінің ісінен аңғартады. Ал Көбеев 
Крыловта жоқ басқа бір моральдық қорытынды жасайды.
Бай болсаң дəулетіңді көңліңе алма,
Көршіге семіздік қып, қысым салма.
Мықтылықты күшің болса орнымен қыл,
Бəрін де беретұғын жалғыз алла
554
, –
дейді.
«Емен мен шілік» тəржімасының олқылығын осы шығарманы 
Абайдың қалай аударғанымен салыстырудан айқынырақ аңғарасыз. 
Абай Крылов шығармасының идеясын, ойын, көркемдігін əлсіретпей, 
зор ақындықпен жеткізе білген.
С Тростинкой Дуб однажды в речь вошел.
«Поистине, роптать ты вправе на природу, –
Сказал он, – воробей и тот тебе тяжел»
555
.
553


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет