277
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Шілікпен емен бір күн сөйлесіпті,
Аллаға неден сорлы жаздың депті.
Торғайғада майысып солқылдайсың –
деп аударса, осы жолдарды С.Көбеев былай аударған:
Емен айтты, ей
шыбық, сөзім тыңда,
Болсаң да тұрмайтұғын өзің құнға.
Титтей желге бұлғақтамай тұра алмайсың,
Сына ма деп қорқамын майысқанда
Шымшық қонса, басына иілесің
556
.
Вдруг мчится с
северных сторон,
И с градом, и
с дождем шумящий аквилон,
Дуб держится – к земле Тростиночка припала, –
деген үш жолды бір жолмен шала-пұла тəржімалаған Көбеев: «Бір
айдың солтүстіктен дауыл соқты» деп өте шығады. Дауылдың алып
келген сұрапылы, оның еменді түбірімен қопарған екпінді күшіне
арналған əсерлі сөздер қалып қояды. Крылов шығармасының бұл
жерін Абай былай аударған:
Кавказға бір қап-қара бұлт мінді,
Естіп тұрған кісідей тау күңіренді.
Жер-дүниені шаң, тұман қабат басып,
Ойнақ
қағып құтырып дауыл келді
557
.
Қазақ қауымын орыс халқының ұлы ақыны Лермонтов
поэзиясының бір үлгісімен таныстырған, қазақ əдебиеті мен орыс
əдебиеті қарым-қатынасы арта түсуіне ат салысқандардың бірі
– Шəңгерей Бөкеев. Ол тəржімалаған «Қашқында» («Беглец») ел
намысын елемеген, жан сауғалап,
жаудан қашқан, қарғысқа, кеш-
пес кекке ұшыраған Һарун ісі көрсетіледі. Отанын қорғаудан жан
аяған, озбырларға қарсы қан төгісте жолдастарымен бірге жан қиюға
жарамаған, жұртқа кінəлі Һарун, патриот ана мен Сəлім жайы сөз бо-
лады. Шəңгерей аудармасында «Беглецтің» уақиғасы мен идеясына
нұқсан келтірмеген, шығарманың көркемдігін сақтау ісіне недəуір
күш салған.
Əкесі
мен ағаларынан өлідей айрылып, жауынан кек алмай ау-
лына келген Һарунға досы Сəлім:
556
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы,
1948. 211-б.
557
Сонда, 212-б.
278
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Ступай – достоин ты презренья.
Ни крова, ни благословенья
Здесь у меня для труса нет
558
.
Һарунға Сəлім үйден кет, шық! дейді,
Масқара, елдің тəмам сен шық деді.
Кісіге сендей қорқақ фанаһ үшін –
Не үйім, не дер дуғам һəм жоқ деді
559
.
«Һарун жауымнан кек ала алмады,
қылышым жат жерде қалды,
сенің көз жасыңды сүртіп, қайғы-қасіретіңе ортақ болу үшін өлім
аузынан азар аман келген кенжең» дегендерді айтып анасынан мар-
хабат күтеді. Елі үшін соғыста өлген ері, балаларын еске алған ана
қорқақ ұлдан безінеді.
Молчи, молчи! Гяур лукавый,
Ты умереть не мог со славой,
Так удались, живи один.
Твоим стыдом, беглец свободы,
Не
омрачу я стары годы,
Ты раб и трус – и мне не сын!
560
Сөйлеме залым гауір бу жасыңды,
Қимадың жақсы өмірге бір басыңды.
Кет жалғыз, қашқын болған масқараңмен,
Қояйын қарайтпай-ақ ақ шашымды.
Корқақ құл, енді маған бала емессің
Сүрттірмен ұятыңмен көз жасымды
561
.
Жұртқа, досына, анасына қадыры кеткен Һарун өледі, оның
денесін көмушілер де болмайды, Һарунның жарасынан аққан қанды
ит жалайды, одан жас балалардың да жиіркенгені айтылады. Бұл
уақиғаның жұрт ортасында аңыз болып таралғандығы туралы:
И
тень его в горах востока
Поныне бродит в темну ночь.
И под окном поутру рано
Он в сакли просится, стуча,
Но, внемля громкий стих Корана,
558
Лермонтов М. Поэма.– Л., 1950. Т. І. 68-б.
559
Көк селдір. – Орынбор, 1910. 18-б.
560
Достарыңызбен бөлісу: