271
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
«Құп білемін сізге жақпас» деп басталатын Онегиннің
Татьянаға жазған хаты жеті буынды, 4 жолды өлең. Бұл өлеңнің
шумағындағы бірінші жол мен үшінші жол, екінші жол мен төртінші
жол ұйқасады (ав, ва). Татьяна сөзіне арналған өлең шумағы да 4
жолдан, жолы 8 буыннан, өлеңнің бірінші жолы үшінші жолмен,
екінші жолы төртінші жолмен ұйқасып отырады (ав, ав). «Жа-
рым жақсы киім киіп»
деп басталатын өлеңді алсақ, бұл өлеңнің
ұйқастық жақтарында біркелкілік болғанмен (аа, ва), шумақтарда
кездесетін жолдардың буын саны Абайдың Онегин оқиғасы тура-
лы басқа өлеңдеріндей біркелкі келіп отырмайды. Сөйтіп Абайдың
Онегин оқиғасына арнап жазған өлеңдерінің ішінде алуан-алуан
ұйқастар, түрлі-түрлі шумақтар бар екенін көреміз. Абайдың бұл
өлеңдерінің ырғақ бунақтарында алуан-алуандықтар, өзгешеліктер
аз емес екені байқалады.
Абай басқа ақындардың жазғандарын аударсын, не бір сюжет
сезім,
мағыналы көркем сөз, жаңа шумақ ұйқас, ырғақ іздесін, пікір
таратып, өлең жазсын, əдебиеттік ісінде өз жаңалығын үнемі айта
отырады, кіргізе отырады, өзінің ұлы ақындығын көрсете отырады,
ол бір нəрседен пайдаланса өз ақындығына бейімдей пайдаланады.
Абай шығармасына басқа жақтан кірген сарын, сюжет, ой, сезім,
тың сөздер оның ақындық қазанында қайнап, басқа бір қуат алып,
бастапқы қалпын өзгертіп,
бір алуан реңк алып, ақынның өзіне тəн
нəрсе сияқтанып кетеді. Сондықтан оның аударма деген өлеңдерінің
көбі аудармадан гөрі Абайдың өзі жазған шығармаларға ұқсап тұрады.
1903 жылы «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылуы қазақ
əдебиетінің елеулі табысы болды. Шығарманың идеялық, көркемдік
прозалық өрісімен танысу – адам образдарын реалистікпен қалай
жасау жөнінде Пушкиннен үлгі алудың бір мүмкіншілігі туады.
Ұлы Пушкиннің шеберлігінен үлгі алу қажет болады, оның патша-
ны тітіреткен, шаруаларды жақтаған Пугачевтың айбынды образын
жасаған шығармасымен жұртты таныстырып та қазақ əдебиеті өзінің
бір борышын ақтайды.
1903 жылы М.Бекимов аударған «Капитан қызында»
тарау-
лар алдында эпиграф ретінде келіп отыратын Княжнин, Херасков,
Сумороков жəне орыс фольклорынан алынған үзінділер қалып
қойған. Кей тараулар түгелге жақын аударылса да, кей тараулардан
қалған сөздер, беттер бар. Автор араб, парсы, татар сөздері аралас
келетін шұбар тілге бой ұрмай, «Капитан қызын» таза қазақ тілінде
тəржімалауға тырысқан. Аударма жұмысының ол кездегі өресі шағын,
272
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
аудармашының тəржіма ісіне онша машық емес екендігі де көрінеді.
Кейбір олқылықтар байқалса да, қалай да аударманың оригиналдық
қалпын сақтауды құнттаған.
Тəржімашы «Капитан қызы» сюжетін жеткізуді де ұқыптайды:
офицер Гринев Орынборға бара жатқан жолында боранға ұшырап
адасады, оған жолыққан Пугачев жол көрсетеді. Жақсылық ет-
кен бұл адамның кім екенін Гринев білмейді, Пугачевке қоян ішік
сыйлайды. Гринев Орынбордан Белгород бекінісіне келеді. Бекініс
алаңында бастарына үш бұрыш қалпақ киген, жиырма шақты кəрі-
құртаң мүгедектерді сапқа тұрғызып, ойнатып жүрген капитан Миро-
новты көреді. Гриневтің Машаны ұнататындығы,
оның Швабринмен
қалай танысқаны сөз болады. «Машаға тіл тигіздің» деп Гриневтің
Швабринді дуэльге шақырып, жаралы болғаны, патша офицерінің
шал башқұртты қинағаны, Пугачевтың Қазанды алғаны, Белгород-
ты талқандап, Мироновты өлтірткені айтылады. Қолға түскен Гри-
невке Пугачев кешірім жасайды. Пугачевтың Орынборға тақалғаны
мəлім болады. Үрейленген Орынбор генералының жайы, Маша-
ны Швабринның қорқытып үйленбек болғаны,
қызды Пугачевтың
босатқаны, Пугачевтың тыңшысы атанып, Гриневтің абақтыға түскені,
императрицаға арыз беріп, оны Машаның тұтқыннан босатқаны, пат-
ша өкіметі ауыр өлімге бұйырған Пугачевты Гриневтің ақырғы рет
көріп, атаманға қарап бас иіп, ишара білдіргені айтылады.
«Капитан қызы» əр жерінен кездесетін «Лошади бежали дружно.
Ветер между тем час от часу становился сильнее. Облачко обратилось
в
белую тучу... Наружность его мне показалась замечательна: он был
лет сорока, росту среднего, худощав и широкоплеч. В черной бороде
его показалась проседь; живые большие глаза так и бегали.
Лицо его
имело выражение довольно приятное, но плутовское... Между ими
на белом коне ехал человек в красном кафтане, с обнаженною саблею
в руке: это был сам Пугачев... С любопытством стал я рассматривать
сборище. Пугачев на первом месте сидел, облокотясь на стол и под-
пирая черную бороду своим широким кулаком...Черты лица его, пра-
вильные и довольно приятные, не изъявляли ничего свирепого... Нет,
брат ворон; чем триста лет питаться падалью,
лучше раз напиться жи-
вой кровью, а там что бог даст! – Какова калмыцкая сказка?»
544
– де-
ген сөздер былай тəржімеленген: «Аттар жүрісін өндірді. Жел бірден
бірге көтеріле берді. Қар жауды, жел үрлеп боран болды, айнала
көрінбей кетті... Оның үстіндегі киімі маған жақсы көрінді. Орта бой-
544
Достарыңызбен бөлісу: