279
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Бежит опять под сень тумана,
Как прежде бегал от меча
562
.
Кеш болса, қаңғырумен кезіп жүрген,
Түн
сайын терезені тықылдатып,
Кіруге үйге мойнын созып жүрген,
Есітіп Құран даусын тез қашады,
Бұрынғы ғадетінше қашып жүрген
563
, –
делінеді.
Бекет Өтетілеуовтің «Дүние ісі ахиретке кетпес» (1912), «Жиған-
терген» (1914) деген кітаптарына оның көптеген аудармалары кірген.
«Бала мысық пен қара торғайдан» кездесетін:
Қиссалы қараторғай біздің халық,
Алысты жақынға жүр айдап салып,
Жақынын мұқаттырып дəндетіп ал,
Өздері отырмайтын аман қалып
564
, –
деген
сияқты бір, не екі, не үш шумақ болып келген өлеңдер Кры-
лов шығармаларын аудару нəтижесінде туған Бекеттің өзіне тəн
шығармалар.
Бекеттің Пушкин, Лермонтов, Крылов, Жуковский, Хемницер,
Красовский, Плещеев шығармаларын
аудару арқылы қазақ қауымын
орыс ақындарымен таныстыруы – заманына қарай құнды еңбек. Бе-
кет аудармалары оригиналға үнемі сай келе бермеген десек те, ол кез-
де аударма тəжірибесінің ретке келмегенін еске алсақ, Бекеттің кінəсі
жеңілдей түсетін сияқты.
Бекет «Три пальмының» көркемдігін əлсіретпеуді ұқыптап,
оригиналдың ажарын келтіріп тұрған сөз тіркестерін түгел аударуды
құнттаған.
И шел, колыхаясь, как в
море челнок,
Верблюд за верблюдом взрывая песок...
И конь на дыбы поднимался порой,
И прыгал, как барс, пораженный стрелой...
Но только что сумрак на землю упал,
По корням упругим топор застучал
565
, –
деген жолдар былай тəржімаланған:
562
Лермонтов М. Поэма. – Л., 1950. Т. І. 66-б.
563
Көк селдір. – Орынбор, 1910. 21-б.
564
Өтетілеуов Б. Жиған-терген. – Орынбор, 1914. 17-б.
565
Лермонтов М. Стихотворения. Л., 1950. Т. 1. 24-б.
280
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Қайықтай
теңіздегі бұлғақтасып,
Келеді тізген түйе құмды шашып...
Ширығып секіреді анда-санда,
Оқ тиген жолбарыстай батқан жанға.
Шағында қараңғы боп шапақ батқан
Естілді балта даусы балта шапқан
566
.
И.А.Крыловтың «Крестьянин и река», «Кукушка и горлинка»,
«Лисица и виноград», «Соловьи» деген шығармаларынан қалып
қойған сөз тіркестері бар. Əнімен жағып,
қоршаудан құтылмақ болған
бұлбұлдың бір ісіне Крылов екі жол арнап:
И песнью он зарю вечерню величает.
И песнями восход он солнечный встречает
567
, –
десе, шығарманың осы жерін өзінше толықтыра, ажарлай түспек
болған Бекет екі жолды төрт жолмен аударады:
Сайрайды сəуле беріп таң атса да,
Болмаса, кешке айналып күн батса да.
Алады мың құбылтып, құйқылжытып,
Жақындап түн
ортасы ел жатса да
568
.
Бекет аудармалары сəтті шыға бермеген. Ол кейде оригиналдың
бір жерін дұрыс аударса, бір жерін долбарлай тəржімалайды. Балапан
қарғаның желігіп, қой ілмей, қозы ілген бүркітті қомсынып:
Уж брать,
так брать,
А то и когти что марать!
Бывают и орлы, как видно, плоховаты.
Ну, только ль в стаде что ягняты?
Вот я как захочу,
Да налечу,
Так царский подлинно кусочек подхвачу
569
, –
деген сөзін Бекет былай аударады:
Ойлады құс шығар деп бұл жамандау.
Қозыға жөн бе дейді тырнақ қандау?
Жəне де өзініңде көңлі болып,
Ойына кірді қиял қарап қалмау.
Тапқаны
жас қозыма мұнша қойдан,
Мен ұшсам мұндайға бас ұра қойман.
566
Өтетілеуов Б. Жиған-терген. – Орынбор, 1914. 10-б.
567
Достарыңызбен бөлісу: