24
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Береді
келген жанның сұрағанын,
Көреді ғарыптардың жылағанын
21
.
Қасымға қастық еткендердің масқара болып, Һарун-Рашид
қаһарына ұшырап, жазасын тартқандығы айтылады. Азап көріп,
ақырда арманына жеткен, Басраға патша болған, сүйікті Дардана-
сын тапқан Қасымға арнап Бағдат патшасы Һарун-Рашид үлкен той
қылады.
Екеуін
қосты сонда неке қиып,
Падиша той қылады жұртын жиып.
Жетіпті мұрадына екі ғашық
Жылап жүрген көзінің жасын тыйып
22
.
«Тəжбахыт–Хоршаһраның» авторы Ш.Нығмет даяр сюжетті
пайдаланғандығын ескертіп: «Қиссаны хикаят кітаптан қазақ тіліне
көшіріп жаздым»
23
, – дейді. Жиһанбақ шаһары патшасының балала-
ры – Сағит, Сəбиттің өздерін өмірде қалай ұстағанын мысалға келтіру
арқылы ғибратты ой айтылмақ. Сағит, Сəбит əкесінің «Жетім-жесірді
жылатпа, дүниеге қызығып, жаман жолға түспе, кісі қақын жеме»
деген өсиетін қомсынады. «Бір патшаның қызын ал, əр жерге асыл
орын сал, көмілген қазынасы бар» деп айтар деп үміттенсек, байғұс
ақылынан ауысқан екен:
Патша болып тақытқа мінгеннен соң,
Кісі жүрмес, кісінің қақын жемей
24
, –
деседі.
Дұрыс жүріп, жақсы өмірге жетуге болмайды деп түсінген Сағит
пен Сəбит алдау ісіне беріліп, ақыры өмірден ұтылады. Хоршаһраға
сөзін өткізе алмай əлектенеді, қыз алдында өздерін масқаралайды.
Олар Тəжбахыт
болып өтірік хат жазады, мұны Хоршаһра біліп
қояды.
Қыз сонда жолдастарын алдырды да,
Ұрып-ұрып Сəбитті талдырады
25
.
Хоршаһра Сағит, Сəбиттің амал-айла, қиянатына жол бермеген,
арманына жеткен қыз ретінде бейнеленеді.
Əкесінің дұрыс өсиетін орындап, адал жолмен жүрген Тəжбахыт
бағы асып, екі бірдей елге патша болады.
21
Шайхысыламұлы Ж. Қисса Қасым жомарт. 1913. 3-б.
22
Сонда, 48-б.
23
Тəжбахыт–Хоршаһра. – Қазан, 1906. 22-б.
24
Сонда, 4-б.
25
Сонда, 10-б.
25
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Аузынан
шыққан лебізі,
Сары алтынның буындай.
Тізген меруерт секілді,
Отыз тістің қаласы.
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы
26
.
Бұл жолдардан Хоршаһраның сыншылдығы, ақылдылығы айты-
лады.
М.Əуезовтің ойынша: «Медғат–Қасым» романтизм сарынындағы
шығарма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса да,
бұл поэманың
реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды берген тартыста-
ры, мінездері дəлелді көркемдікке бөленген»
27
.
Шығармада негір тектестерді құлданып баюды кəсібі еткен
қанаушылар озбырлығы əшкереленеді. Құлдықта болса да жасымай,
адамдардың қиянатшылдығын көріп ашынған, ары, намысы, кешпес
кегі оянған, өзін қорлағандардан өш ала
білген Қасым жайы сөз бо-
лады.
Бір əңгіме қозғалды ойымдағы,
Мақсұт болды əшкере болынбағы.
Бай мейрімсіз ер құлдан саза тартқан,
Африкада Ніл дария бойындағы
28
.
Дастанда əр жөннен жайы баяндалған адамның бірі – Қасым
өзінің сырт тұлғасымен де көзге түскендей.
Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты,
Қара сұрлау пішіні, зеңгі затты.
Отты
қара көзі бар, ұзын бойлы
Тəкаппар, тəуекелшіл бек қайратты
29
.
Байдың сырапқор «мот» баласы Медғат Қасымды «құлым» деп
қорлайды. Қатты қинау үстінде «қыңқ етпей, дыбыс бермей, сұп-сұр
болып қаны қашып» қатып қалған, дұшпанына бас имеген,
бай ал-
дында жалбақтаған «шуылдаған жорға құлдарға» ұқсамаған Қасымды
көресіз. Осы уақиғадан кейін Қасымның бойын кек кернейді. Оның
алдында екі жол тұр. Бірі – құлдықта шіру, екіншісі – қарсыласып,
өш алу. Теңдік бос келмейтінін сезінген ол, өктемдік еткендердің
əділетсіздігін өз алдына келтірмек. Ол бай қызы Марияның қорлап,
26
Тəжбахыт–Хоршаһра. – Қазан, 1906. 6-б.
27
ХVIII–XIX ғасырлардағы қазақ əдебиеті. – Алматы, 1961. 486-б.
28
Достарыңызбен бөлісу: