Зат есімнің түрлену жүйесі
Зат есімнің түрленімі дейтін түсінік оның жекеше, көпше түрде қолданылу, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында қолданылу жүйесін қамтиды.
Көптік жалғауы 6 түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, - тар, -тер сөзге үндестік заңы бойынша жалғанып, заттың көптігін білдіреді: оқушылар, үйлер, қыздар, т.б.
Көп, мол, бірнеше бірталай: көп адам, жиырма шақты оқушы, т.б.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншігі екенін білдіреді. Тәуелденген сөз 3 жақтың бірінде тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Бір я бірнеше заттың 1 ғана адамға меншікті екенін білдіру- оңаша тәуелдеу, бір я бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру- ортақ тәуелдеу.
Септік жалғау зат есімге жалғанып, әртүрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар:
Атау септік: Кім? Не?
Ілік септік: Кімнің? Ненің?
Барыс септік: Кімге? Неге?
Табыс септік: Кімді? Нені?
Жатыс септік: Кімде? Неде?
Шығыс септік: Кімнен? Неден?
Көмектес септік: Кіммен? Немен?
Грамматикалық септіктер
(Атау, ілік, табыс)
|
Көлемдік септіктер
(Барыс, жатыс, шығыс, көмектес)
|
Тек заттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатыстық мәнін білдіреді.
|
Заттық мәннен яғни объективтік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыныңқылық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады.
|
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Әдетте І, ІІ жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, ІІІ жақта кез келген зат есімдер бола береді.
Достарыңызбен бөлісу: |