Есімдерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар
1. дақ, -дек, -лақ, -лек, -тақ, -тек: құмдақ, саздақ, тайлақ. Омоним сын есім тудырады: жеңілтек, кеспелтек.
2. –кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан
3. –т, -ат, -іт, -айт, -ейт, -пақ, -қал
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар
1. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: омоним - сын есім тудырады: қырма сақал, терме бау. Етістіктің болмсыз түрі: ілме, көмбе, суырма, саптама, кеспе, түсіндірме, мазмұндама, көшірме.
2. –м, -ым, -ім: алым, білім, сенім, түсім.
3. –қы, -кі, -ғы, -гі: омоним жұрнақ – бұрғы, сүзгі, шапқы, шалғы.
Етістіктен етістік тудыратын: жұлқы, сырғы.
Етістіктен сын есім: жинақы, бұралқы.
Есімдерден туынды сын есім: қайдағы, қашанғы.
4. –ыс, -іс, -с: омоним жұрнақ: айтыс, ұрыс; ортақ етіс әрі сын есім.
5. –у омоним: зат есім тудырады – ауру, қашау. Сын есім тудырады – жүдеу, бітеу. Етістік – оқу, байқау.
6. –қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек – омоним: тарақ, қазық, пышақ, төсек, сұрақ, жинақ, жазық, т.б.
7. –ынды, -інді, -нды, -нді – құранды жұрнақ. Жуынды, шайынды, қорытынды, сарқынды, т.б.
8. –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (-қаш, -кеш, -ғаш, -геш): сыпырғыш, өшіргіш, ескерткіш, тұтқыш, сүзгіш, т.б.
9. –ыш, -іш, -ш: қуаныш, өкініш, жұбаныш, қызғаныш, т.б. Көбінесе өздік етіс формаларына жалғанып, абстракт ұғымды білдіретін зат есім.
10. –уыш, -уіш – күрделі жұрнақ: өлшеуіш, елеуіш, желпуіш түйреуіш, бастауыш, баяндауыш, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |