Зат есім (Имя существительное)



бет2/12
Дата25.11.2023
өлшемі80,04 Kb.
#127102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ереЖЕ


II. Тұлғасына қарай (По способу образования)
1. Негізгі (Непроизводные)ел, жер, от, үй, су
2. Туынды (Производные) білім, оқушы, балалық

III. Құрамына қарай (По составу)
1. Дара (Простые)тарақ, ауыл, үстел, оқулық
2. Күрделі (Сложные
а) біріккен (сращенно-слитные) белбеу, Ақсу, орынбасар
ә) қосарлы (парные)ата-ана, ел-жұрт, аяқ киім,
б) тіркесті (словосочетания)сары май, ҚазМУ, см
в) қысқарған (сложносокращенные)
 
Зат есімнің морфологиялық белгілері
(Морфологические признаки существительного)

Зат есімнің морфологиялық белгілеріне оның тұлғасы мен қосымшалары жатады.
Тұлғалық құрамы бойынша негізгі түбірлі зат есім және туынды түбірлі зат есім болады.
(К морфологическим признакам существительного относятся его форма и аффиксы. По морфологическому способу образованию бывают непроизводные существительные и производные существительные).
Мысалы: Негізгі – ел, жер, су, от, қала, бала т.б. Туынды – бала+лық, біл+ім, айт+ыс, мал+шы т.б.
Бұларды жалаң зат есім дейді. (Их называют простые имена существительные).
Күрделі зат есімдер – екі не одан да көп түбірден құралған туынды зат есімдер.
(Сложные имена существительные – производные имена, состоящие из двух и более корней).
1. Біріккен зат есім (сложные) – қара+қат, бел+беу, қол+ғанат, шек+ара, бәйтерек т.б.
2. Қосарланған зат есім (парные)– ата-ана, бала-шаға, ұрыс-керіс, ел-жұрт, тамыр-таныс т.б.
3. Тіркескен зат есім(составные)– аяқ киім, ауыл шаруашылығы, сары май, күн тәртібі т.б.
4. Қысқарған зат есім (сокращенные) – ҚР, ҚазМИ, АҚШ, пединститут, әуежай, саяжай, атком т.б.

Зат есім тудыратын жұрнақтар (Суффиксы, образующие имя существительное)
Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар
(Суффиксы, образующие существительные от имен) - -шы-ші-
-лық-лік-
-дық-дік-
-тық-тік-
-шылық-шілік-
-шақ-шек-
-ша-ше-
-лас-лес-
-дас-дес-
-тас-тес
-стан-хана-
Пример:
қой+шы, әдебиет+ші
бала+лық, кісі+лік
аз+дық, жеңіл+дік
дос+тық, көп+тік
жұрт+шылық, кем+шілік
мон+шақ, түйме+шек
маңдай+ша, күл+ше
ұя+лас, пікір+лес
жол+дас, күн+дес
табақ+тас, әріп+тес


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет