Су мен тұз алмасу - Организмде өтетін барлық химиялық және физика-химиялық үрдістер су орталығы арқылы іске асырлады. Судың қызметтері:
1) ас және алмасу өнімдерін ерітеді;
2) суда еріген заттарды тасымалдайды;
3) адам денесіндегі біріне-бір үйкеліп тұратын беткейлерді майлап турады;
4) дене температурасын реттеуге қатысады.
Организмдегі судың жалпы құрамы, адам салмағының
50-60 % құрайды, яғни 40-45литрге тең. Су екіге бөлінеді:
1) жасуша ішіндегі (интрацеллюлярлық 72%);
2) жасушадан тыс (экстрацеллюлярлық-28%). Жасушадан тыс су тамыр ішінде орналасқан (қан, лимфа және цереброспиналдық сұйықтық құрамында) және жасуша аралық кеңістікте. Егер организмде су көбейіп кетсе жалпы гипергидратация (сумен улану) байқалады, ал су азайғанда метаблизм бұзылады. 10% су жоғалса дегидратация (сусыздану) туындайды, 20% жоғалса адам өліп кетеді. Магний – қуатты тасымалдайтын және қуаттың босап шығуын ынталандыратын ферменттерді белсендіреді, электролиттер организмнің қышқылдық – негіздік күйін реттеуге қатысады. Натрий – жасушадан тыс сұйықтықтың осмотикалық қысымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Калий – жасуша ішілік сұйықтықтың осмотикалық қысымын қамтамасыз етеді, ацетилхолин түзілуін ынталандырады. Хлор – осмотикалық қысымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Кальций мен фосфор – сүйек тіндерінде болады (90%), кальций мөлшері төмендесе бұлшықеттердің еріксіз жиырылуын, түйілуін шақырады, соның салдарынан тыныс алу тоқтап адам өледі. Кальций мөлшері көбейсе жүйкелік және бұлшықет тіндерінің қозуы төмендейді және парездер, параличтер, бүйрек тастары пайда болады. Кальций сүйектердің құрылуына қатысады, сондықтан ол организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұруы керек. Фосфор – макроэргиялық қосындылар (АҮФ) құрамына кіреді және сүйек құрамында болуы маңызды. Темір - Гемоглобиннің, миоглобиннің құрамына кіреді. Темірдің жетіспеушілігі анемияға (қаназдыққа) әкеледі. Ересек адамның темірге мұқтаждығы 10-130 мкг шамасында. Йод – организмде аз мөлшерде болады, бірақ ол алқанша безі гормонының құрамына кіріп алмасу, өсу және даму үрдісіне айқын әсер етеді.