Қуаттың пайда болуы және шығындалуы.
Қуаттық алмасуда орталық рөлді АҮФ (адонизид үш фосфорлық қышқыл) атқарады. АҮФ әр жасушада, оның көбі (0,2-0,5) қаңқа бұлшық еттерінде болады. АҮФ – жалғыз және әмбебап қуат көзі болып табылады. Организмде қуат негізгі алмасуға, бұлшықет жұмысының атқарылуына жұмсалады. Организмнің қанша қуат шығынданғанын, оның қоршаған ортаға берген жылулық мөлшері арқылы білуге болады. Қуат шығындалуын өлшеу әдістері(тікелей және тікелей емес колориметриялық). Тыныс коэфициенті. Тікелей калориметрия-организмнің тіршілігі барысында бөлініп шыққан жылуды тікелей анықтауына негізделген. Шығарылған көмірқышқыл газы көлемінің жұтылған оттегі көлеміне қатынасы тыныстық коэфициент деп аталады. Тыныстық коэфициенттің мөлшері бойынша организмдегі тотығатын заттар сипаттамасы туралы жорамалдауға болады. Көмірсулар тотыққанда тыныс алу коэфициенті 1 тең, нәруыз коэфициенті 0,8 тең, ал майлар коэфициенті 0,7 тең. Майлар мен нәруыздарда молекула ішілік оттегі аз, сондықтан олар тотығу үшін көбірек шығынданады.
Негізгі алмасу және оның маңызы.
Негізгі алмасу толық тыныштық жағдайда алмасу үрдістердің деңгейін жоғарылата алатын, ішкі және сыртқы әсерлерді жоятын организмнің қалыпты тіршілігін қолдау үшін қажетті қуаттың ең аз мөлшері. Негізгі алмасу таңертең, аш қарында анықталады. Адам шалқайып жатады,бұлшықеттері толық босаңсыған, темпемратура комфортты болуы шарт (18-20С) толық физикалық және психикалық тыныштығы кезінде организм (соңғы астан соң 12-14 сағаттан кейін). Қуаттың жұмсалуы:
1)өтіп жатқан химиялық үрдістерге ;
2) жеке ағзалар орындайтын механикалық жұмысына (жүрек соғуына, тыныс бұлшық еттерінің жиырылуына, ішек қозғалуына);
3) бездік сөліністік аппараттар әрекетінің атқарылуына. Негізгі алмасу адамның жасына, бойына, салмағына тәуелді;
Негізгі алмасу балаларда өте жоғары. Адам салмағы көтерілген сайын негізгі алмасу да көтеріледі. Дені сау адамның негізгі алмасуының орта саны 4,2к Дж (1ккал) тең (1сағатта 1кг салмаққа). Ішкі ағзалар қуаты бұлшықеттерге қарағанда, көбірек шығындайды. Май тіндеріндегі негізгі алмасу үш есе төмен. Арық адамдар 1кг салмаққа,толық адамдарға қарағанда, жылуды көбірек өндіреді. Заттардың негізгі алмасуы дене бітімінің көлеміне пропорционалды. Әйелдерде негізгі алмасу, еркектерге қарағанда төмен. Негізгі алмасу көктемде жоғары, қыста төмен. Бұлшықеттің әрекет кезінде қуат шығындалуы едәуір көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |