Зат және энергия алмасуы. Метаболизм



бет2/4
Дата10.06.2023
өлшемі22,37 Kb.
#100350
1   2   3   4
Азоттық баланс деп адам асындағы азот мөлшері мен оның сыртқа шығатын деңгейі арасындағы айырмашылықты айтады.

  • Азоттық тепе-теңдік деп шығарылған азот мөлшері мен организмге түскен азот мөлшерінің шығарылған азот мөлшерінен едәуір көптігі, яғни азоттың организмде ұсталып қалуы.

  • Азот тапшылығы (теріс азоттық баланс) – организмге түсетін астағы азот мөлшерінен, шығарылған азот мөлшерінің көптігі. Нәруыздар ыдырағанда мочевина, несеп қышқылы және аммиак пайда болады. Аммиак орталық жүйке жүйесі және басқа да тіндер үшін өте улы зат болып табылады. Бауыр мен ми тіндерінде ол зиянсыздандырылады.

Май алмасуы.

Майлар қарапайым липидтерге (бейтарап майлар, балауыздар) және күрделі липидтерге (фосфолипидтер, гликолипидтер, сульфолипидтер) және күрделі липидтерге (фосфолипидтер, гликолипидтер, сульфолипидтер) және стероидтарға (холестерин ж.б.) бөлінеді. Липидтердің негізгі массасы бейтарап майлар болып табылады. Олар маңызды қуат көзі, 1 гр май тотыққанда 37,7 кДж (9,0 ккал) қуат бөлінеді. Ересек адам тәулігіне 70-80гр, балалар (3-10 жастағы) 26-30гр бейтарап май қабылдау керек. Адамның асында міндетті түрде ауыстырылмайтын май қышқылдары, яғни қанықпаған май қышқылдары (линолендік, линолдік, арахидондық) болуы керек. Қышқылдардың тәуліктік қажеттілігі 10-12гр. Май адам салмағының 10-20% құрайды. Линолендік және линолдік қышқылдары өсімдіктес майларда, жануар майларына қарағанда едәуір көп. Арахидондық қышқыл тек қана жануарлар майларынан табылады.


Көмірсулар алмасуы.
Көмірсулар алмасуы – қуат көзі болып табылады да пластикалық және тіректік қызмет атқарады. 1гр көмірсудың қуаттық құндылығы 16,7 кДж 4 ккал. Организмге түскен күрделі көмірсулар тек қана моноқанттар түрінде ғана сінеді. Бауырда глюкозадан гликоген синтезделеді, бұл үрдіс гликогенез деп аталады. Гликогеннің глюкозаға дейін ыдырауы – глюкогенолиз деп аталады.
Көмірсулар қайта түзілуі мүмкін, егер түзілсе бұл үрдіс гликонеогенез деп аталады. Бұлшықеттерде де бауырдағыдай гликоген синтезделеді. Ол миоглобин деп аталады. Бұлшықеттік гликоген ыдырағанда сүт қышқылы түзіледі. Бұл үрдіс гликолиз деп аталады. Мида көмірсулардың қоры аз, сондықтан глюкозаға оның мұқтаждығы жоғары. Ми бауыр бөлген глюкозаның 69%-дай сіңіреді. Мидың шығындаған қуаты тек қана көмірсулар арқылы толықтырлады. Миға глюкозаның аз түсуі жүйке тіндеріндегі зат алмасуының өзгеруіне және ми қызметінің бұзылуына әкеледі.
Зат алмасудағы бауырдың рөлі. Бауыр организмде өте маңызды биохимиялық зертхана болып табылады. Бауырда зат алмасу дәрежесі өте жоғары, сол себептен ол оттегін көп пайдаланады. Бір сағатта бауырдан 100 литр қан ағып өтеді. Аммиактан басқа бауырда шіру үрдістері барысында амин қышқылдарынан ішекте түзілетін – фенол, крезол, скатол және индол зиянсыздандырылады. Бауыр – сыртқы және ішкі уытты заттарды залалсыздандыратын орталық ағза болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет