Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет18/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

1.
 
Ми тіндерінде липидтердің пероксидті тотығуы қарқынды жүреді, 
ӛйткені ми О

пайдалануда бірінші орын алады, сондай-ақ онда прооксидант 
болып табылатын оттектің активті формаларын түзетін гемсіз темір кӛп. 
2.
 
Ми тіндеріне гематоэнцефаликалық барьер негізгі антиоксиданттардың 
түсуін шектейтіндіктен, мида антиоксидантты жүйенің жетіспеушілігі 
байқалады. 
3.
 
Мелатонин глутатионпероксидазаның активтілігін стимулдеу арқылы 
миды қорғайды. Жүйке тінінде бұл фермент тотықсызданған глутатионның 
тотығуын тездетеді, осы кезде сутек асқын тотығы суға айналып зиянды 
гидроксил радикалдарының түзілуі тоқталады, яғни жүйке жасушаларының 
дегенерациясын және ӛлімін тежейді. Супероксиданионды активсіздендіретін 
супероксиддисмутазаның (СОД) жоғарылауынан жас ұлғайған сайын сутек 
пероксидінің жиналуы, ал басқа негізгі ферменттердің – каталаза мен 
глутатионпероксидазаның мӛлшерінің жоғарыламауы біздің антиоксидантты 
қорғаныштық жүйеміздің негізгі кемістігіне жатады. Антиоксидантты 
ферменттердегі бұл дисбаланс жасқа байланысты мелатониннің түзілуінің 
тӛмендеуімен бірге болады.
Сонымен, мелатонин біздің денсаулығымызды, энергетикалық күшімізді 
тұрақты ұстап тұратын, ұйқы, тәбет, жүректің жиырылу жиілігін, дене 
температурасын, қозғалыстың координациясын, қуану мен жабырқауды
репродукцияны, жыныстық белсенділікті бақылайтын циркадты ырғақтың 
стимуляторы болып табылады.
Мелатонин рилизинг-факторлардың түзілуіне әсер етіп гипоталамус 
жұмысын реттейді, ал олар арқылы гипофиз және ішкі секреция бездерінің 
жұмысын бақылайды. Бұл күрделі жүйенің қалыпты жұмыс істеуі ритмдердің 
бірмезгілді (синхронды) болуымен қамтамасыз етіледі.
Осыған орай, мелатонин нейромедиатор сияқты нейро-эндокриндік жүйені 
басқарады, сондай-ақ ГАМҚ-мен бірге нейро-эндокринді жүйенің іс-әрекетін 
синхрондау үшін ми қыртысындағы нейрондардың қозуын тежеуі де мүмкін.
Мелатониннің тапшылығы ми жасушаларының шамадан тыс және санаға 
бағынбайтын қозуына әкелуі мүмкін. Мелатонинді емдік мақсатқа қолдануға 
болады, себебі ұзақ уақыт мелатониннің артық дозасын пайдалану зиянды әсер 
кӛрсетпейді: 
1.
ұйықтататын зат ретінде ұйықтау уақытын тездетеді және ұйқының 
уақытын ұзартады.
2.
уақыттық белдеуі мен жыл мезгілдерінің ӛзгеруіне бейімделуді 
(адаптацияны) жеңілдету үшін;
 
3.
стресс әсерін тӛмендетеді;
4.
Паркинсон ауруын, желікпе-депрессия синдромдарын емдеу үшін 
қолданады;
5.
ісіктерді емдеу үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет