Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Гипофиздің алдыңғы бӛлімінің гормондары. Химиялық табиғаты



Pdf көрінісі
бет20/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Гипофиздің алдыңғы бӛлімінің гормондары. Химиялық табиғаты
нысана жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері
секрециясының реттелуі. 
Соматотропты гормон
немесе ӛсу гормоны (2-ші сабақты қараңыз). 
Адренокортикотропты гормон (АКТГ) 
Химиялық табиғаты: Бұл 39 аминқышқылынан тұратын полипептид. 
Гормональдық активтілікті 24 аминқышқылынан тұратын шеткі бӛлігі 
қамтамасыз етеді.
Әсер ету механизмі:
 
біріншілік ц.АМФ арқылы. 
Нысана жасушалары: 1) бүйрекүсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы 
аймағы; 2) бүйрекүсті безінің қыртыс қабатының шумақты аймағы; 3) май тіні. 
Физиологиялық әсері: 
1) Глюкокортикоидтардың (ГКС) және аз мӛлшерде минералокортикоид-
тардың (МКС) секрециясын стимулдейді; 2) глюкокортикоидтардың және 


190 
минералокортикоидтардың физиологиялық әсеріне ие; 3) май тінінде липолизді 
жылдамдатады және глюкозадан липонеогенезді жоғарылатады; 4) терінің 
пигментациясын күшейтеді, себебі меланиннің синтезін стимулдейді. 
Секрециясының бұзылуы – гормонның гиперпродукциясы Иценко-Кушинг 
синдромы түрінде болады. Гипопродукциясы Аддисон ауруы түрінде 
байқалады. 
Тиротропты гормон (ТТГ) 
Химиялық табиғаты: бұл 2 суббірліктен тұратын нағыз гликопротеид - 
оның 

-суббірлігі 92 аминқышқылынан (ФСГ мен ЛГ-нің 

- суббірлігіне ұқсас) 
және гормонның биологиялық активтілігін анықтайтын, құрамында 110 
аминқышқылы бар 

-суббірлікнен тұрады. 
Әсер ету механизмі: біріншілік ц.АМФ арқылы.
Нысана- жасушалары: қалқанша безі және май тіні.
Физиологиялық әсері:

тироидты 
гормондардың 
секрециялануының 
барлық 
сатыларына 
қатысады: а) йодидтік насостың қызметін стимулдейді, бұл йодтың 
қалқанша безінің жасушаларына түсуінің жоғарылауына әкеледі; б) 
тирозиннің иодтануын қамтамасыз етеді; в) тироглобулиннің синтезіне 
әсерін тигізеді; г) Т
3
пен Т
4
-тің түзілуіне қатысады; д) гормондардың 
тироглобулиннің құрамынан босап шығуын қамтамасыз етеді е) олардың 
қанға бӛлінуіне әсерін тигізеді;

нысана-жасушаларында липолиз бен гликогенолизді күшейтеді; 

қалқанша безінің васкуляризациясын стимулдейді, қалқанша безінің 
фолликулярлық жасушаларының саны мен кӛлемін арттырады. ТТГ кӛп 
мӛлшері түнде секрецияланады, таңға жуық тӛмендейді. 
Секрециясының 
бұзылуы 
– 
гиперпродукциясы 
кезінде 
гипертиреоидизмнің 
белгілері 
болады; 
гипопродукциясы 
кезінде 
гипотиреоидизмнің белгілері байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет