Заттар алмасуыныѕ реттелуі


  2. Гипоталамустың гормондары



Pdf көрінісі
бет19/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99
 


189 
2. Гипоталамустың гормондары. 
Гипоталамустың жасушаларында нейросекретиндер – либериндер 
(рилизинг-факторлар) мен статиндер түзіледі. Бұл гормондар гипофиз 
гормондарының түзілуіне әсер етеді. Либериндер олардың секрециясын 
күшейтеді, ал статиндер- тежейді. Соматостатин мен соматолиберин СТГ-ның 
секрециясына әсер етеді. Кортиколиберин пропиомеланокортиннің, АКТГ мен 

-липотропты гормонның секрециясын күшейтеді. Люлиберин ФСГ мен ЛГ-
ның түзілуін стимулдеп, ал гонадотропин-рилизинг-ингибирлейтін гормон 
олардың секрециясын тежейді. Пролактолиберин мен пролактостатин 
пролактиннің секрециясына әсер етеді. Меланолиберин мен меланостатин 
меланоцитстимулдеуші гормонның түзілуіне әсер етеді. Тиролиберин ТТГ 
түзілуін күшейтеді. 
Гипоталамустың барлық гормондары гипофиздің гормондарына қатаң 
арнайылық кӛрсетпейді, мысалы, тиролиберин ТТГ-мен бірге пролактиннің 
секрециясын да жақсартады, ал люлиберин ЛГ мен ФСГ-ның секрециясына 
әсер етеді. 
Рилизинг-факторларының барлығы – пептидтер және біріншілік механизм 
бойынша әсер етеді.
3. Гипофиздің гормондары 
Гипофиздің үш бӛлігі бар - алдыңғы, ортаңғы, артқы. Алдыңғы бӛлімінде 
гипофиздің тропты гормондары: СТГ, АКТГ, ТТГ, пролактин, ФСГ, ЛГ 
түзіледі. Ортаңғы бӛлімінде меланоцитстимулдеуші гормон

-эндорфин 
түзіледі. Артқы бӛлімінде (нейрогипофизде) гипоталамуста түзілетін 2 гормон: 
вазопрессин, окситоцин қорға жиналады Гипофиздің алдыңғы бӛлігінің 
гормондарының нысана-жасушалары шеткі эндокриндік бездерде болады және 
олар бұл бездердің гормондарының секрециясына әсер етеді. Ал ТТГ мен ЛГ 
келесі әсерлерге ие: тиротропин негізгі әсерінен басқа тироидты гормондардың 
активтілігін де кӛрсетеді, ЛГ орталық жүйке жүйесіне де әсер етеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет