Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет29/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

 
біріншілік, ц-АМФ арқылы

Нысана-жасушалары:
 
сүйек тіні, бүйрек, ащы ішектің кілегей қабаты.
Физиологиялық әсері:
 
Сүйек тініне әсері:
 
сүйек тінінде 3 түрлі жасушалар – остеобластар, 
остеоциттер және остеокластар бар. Паратгормонның әсерінен остеокластар 
мен остеоциттердің активтілігі стимулденеді. Остеокластардың саны артады, 
остеобластардың 
активтілігі 
уақытша 
тежеледі. 
Остеоциттер 
мен 
остеокластарда қышқылдық фосфатазаның, коллагеназаның, фосфорилазаның 


199 
активтілігі артады. Белоктар, соның ішінде коллаген жеке амин қышқылдарына 
дейін ыдырайды, бұл кезде қанда оксипролин мӛлшері артады, ол бүйрек 
арқылы зәрмен шығарылады. Зәрдегі оксипролиннің мӛлшеріне қарап, 
паратгормонның әсер ету дәрежесін білуге болады. Коллаген мӛлшерінің 
тӛмендеуі онымен байланысқан гидроксиапатит молекулаларының босап 
шығуына әкеледі. Параттормонның әсерінен гликолиз күшейеді, соның 
нәтижесінде сүйекте лактат жиналады. Цитраттың түзілу сатысында үшкарбон 
қышқылдарының циклі тежеледі, ӛйткені гормон изоцитратдегидрогеназаны 
ингибирлейді, бұл цитраттың жиналуына әкеледі, жасуша рН-ы қышқылдық 
жаққа ауысады, минералды заттардың сүйектен шығуы жылдамдайды. Бұдан 
басқа, гидроксиапатитке қарағанда лактат пен цитрат жақсы еритін кальций 
тұздарын түзеді, ал бұл кальцийдің сүйектен шығуына ықпал етеді. Сонымен, 
паратгормонның әсерінен сүйек тінінің органикалық негізінің ыдырауы 
(резорбция) күшейеді, содан кейін деминерализация да байқалады. Минералды 
заттар (гидроксиапатиттер) Са
2+
және Р0
4
3-
-қа ыдырайды, олар қанға түсіп, 
гиперкальциемияны тудырады. Қанда фосфаттың мӛлшері артпайды, себебі ол 
зәрмен бӛлініп кетеді. 
Бүйрекке әсері:
паратгормонның әсерінен бүйрек каналшықтарында 
біріншілік зәрден қанға кальций мен магнийдің реабсорбциясы (кері сіңірілу) 
артады. Фосфаттардың, калий мен бикарбонаттардың зәрмен шығарылуы 
артады, ал аммоний, протондардың, магнийдің экскрециясы тӛмендейді. 
Ішектің кілегей қабатына әсері:
паратгормон Са
2+
-ң ішектен қанға 
сіңірілуін күшейтеді.
Паратгормонның әсерінен бүйректе кальцитриолдың түзілуін тездететін 
фермент – 

-гидроксилазаның активтілігі артады. Кальцитриол қан ағысымен 
ішек қабырғасына түсіп, гормон сияқты әсер етіп, Са-тасымалдаушы белоктың 
түзілуіне әкеледі. Осы белоктың әсерінен кальцийдің және онымен 
байланысқан фосфордың ішек қабырғасына сіңірілуі артады.
Сонымен, паратгормонның әсері қандағы кальций мӛлшерін арттыруға 
бағытталған. 
Паратгормон күшті оң инотропты реттеуші болып табылады, ол жүректің 
жиырылуын стимулдейді, артериялық қысымды және бүйректің шумақты 
фильтрациясын жоғарылатады, кӛмірсулар алмасуына әлсіз контринсулярлы 
әсер кӛрсетеді. Оның сперматогенезді бәсеңдетуі, гиперлипопротеинемияны 
индукциялауы, тері қышынуын болдыратыны туралы мәліметтер бар. 
Паратгормон секрециясының реттелуі қандағы кальций мӛлшеріне кері 
байланыс принципі бойынша жүзеге асады. Қандағы кальций мӛлшерінің 
жоғарылуы (гиперкальцемия) және кальцитриол гормон секрециясын 
тӛмендетеді. Гипокальцемия мен гиперфосфатемия, катехоламиндер мен 
кортизол бұл гормонның секрециясын арттырады. Паратгормон мен 
кальцитриолдың біріккен әсері қан плазмасындағы кальций концентрациясын 
фосфат концентрациясына тәуелсіз түрде қалпына келтіреді. Шамалы 
гипомагниемия паратгормон секрециясын стимулдесе, ал күшті гипомагниемия 
ингибирлейді, ӛйткені оның секрециясы магнийге тәуелді үрдіс болп табылады. 


200 
Гипопаратиреоз туа пайда болған немесе жүре пайда болған (жүре пайда 
болған гипопаратиреоздың себептері – тироидэктомия, туберкулез, атрофия, 
аутоиммундық зақымдану, гемахроматоз) болуы мүмкін. Бұл жағдайда 
гипокальциемия және гиперфосфатемия дамиды. Бұл жүйке-бұлшық еттік 
қозудың артуына (сіреспе дамуына дейін) әкеледі. Пациенттерге Д витаминін 
ұсынады және гиперкальциемияның дамуын қадағалайды.
Гиперпаратиреоз кез келген жастағы ер және әйел адамдарда дамуы 
мүмкін, дегенмен бұл жағдай постменопаузадағы әйел адамдарда жиірек 
байқалады. Себебі қалқанша маңы бездерінің аденомасы, диффуздық 
гиперплазия немесе карцинома болуы мүмкін. Гиперпаратиреоз біріншілік 
(қалқанша маңы бездерінің патологиясы кезінде) және екіншілік (ісікте) болып 
бӛлінеді. Гиперпаратиреоз кезінде гиперкальциемия мен гипофосфатемия 
дамиды. Гиперкальциемия ұзаққа созылса, бүйрек тінінің кальцийге 
ӛткізгіштігі артып, кальциурия байқалады және нефрокальциноздың дамуы 
мүмкін. Паратгормонның әсерінен сүйек тінінен Са
2+
шығарылады. Кальцийдің 
артық мӛлшері ішкі мүшелерде жиналады. Жүйке-бұлшық еттік қозу, бұлшық 
ет әлсіздігі, асқазан мен ішектің жаралы түрде зақымдануы байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет