6. Гормондардың менструальды циклді реттеуге қатысуы Әрбір менструальды циклдің басы менструацияның алғашқы күні болып
есептеледі, бұл кезде бұдан бұрынғы циклде қалыптасқан жатырдың
эндометриальды қабаты босап шығып, қан кетеді. Менструация 3-4 күнге
созылады. Менструациядан кейінгі алғашқы күндерде (1-7 күн) қанда ФСГ
мӛлшері сәл артады, соның әсерінен бір (сирек жағдайда одан да кӛп)
фолликуланың ӛсуі байқалады. Осы кезде фолликула эстрадиолды түзе
бастайды.
Овариальды фолликуланың өсуі мен дамуының осы фазасында
эндометрий жасушаларының пролиферациясы (циклдің ортасына дейін)
басталады, эндометрийдің васкуляризациясы, оның бездерінің ӛсуі күшейеді.
Секрецияланатын эстрадиолдың мӛлшері максималды шамаға жетеді, осы
гормонның әсерінен РНҚ, белок синтезі күшейеді, жұмыртқа жасушасының
кӛлемі үлкейе бастайды. Эстрадиол жыныс жолының қуысына бӛлінген
эндометриальдық бездің секретінің құрамына әсер етеді. Эпителий
пролиферациясын, сыртқы қабықтың мүйізденуін, жатырдың гипертрофиясын,
жатырдың кілегейлі қабатының тез ӛсуін жоғарылатады. Гипофиздің
гонадолиберинге әсерінің сенсибилизациясы, ЛГ бӛлінуі мен ФСГ түзілуінің
тӛмендеуі байқалады. ЛГ әсерінен фолликуланың түпкілікті пісіп-жетілуі мен
оның овуляциясы жүзеге асады. Жұмыртқа жасушасы босап шығып, құрсақ
қуысына түседі, одан ары қарай жатыр түтіктері арқылы жатырға түседі.
Овуляциядан кейін сары дене түзіледі, ол прогестеронды ӛндіре бастайды,
оның деңгейі
лютеинді фазаның ортасында максималды мәнге жетеді.
Эстрогендердің синтезі күрт тӛмендейді. Секреторлы эндометрийдің
қалыптасуына қажет прогестерон имплантацияланған эмбрионның дамуы үшін
барлық жағдайларды жасайды.
Егер имплантация жүрсе, онда ЛГ қызметін ЛГ-ға ұқсас плацентаның
хориондық гонадотропин атқарады. Бұл гормон сары дене прогестеронының
синтезін плацента ӛзінің прогестеронын кӛп мӛлшерде ӛндіре бастағанша
тоқтатпайды. Егер 23-24 күнге дейін жүктілік болмаса, онда сары дене
дегенерацияланады. Эндометрийдің активтілігінің гормонмен бақылануы
жойылады. Жатыр тіні некрозға ұшырап, циклдің соңында эндометрий
қабатының бӛлінуі, одан кейін менструация басталады. Осылайша, әйел
адамның жыныстық циклінде секрецияланатын гормондардың сандық және
сапалық түрдегі циклдік ӛзгерістері байқалады.