Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет30/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

 
8.Кальцитонин

тҥзілетін орны, химиялық табиғаты туралы тҥсінік, 
нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, 
серкрециясының реттелуі. 
Кальцитонин –
қалқанша безінің парафолликулярлы жасушаларының 
гормоны. Қалқанша безінің қабырғалары кубтәрізді эпителиймен тысталған 
фолликулалардан тұрады. Қалқанша безінің фолликулаларының коллоидында 
екі гормон — трийодтиронин пен тетрайодтиронин, ал парафолликулярлы 
жасушаларында тиреокальцитонин (кальцитонин) гормоны түзіледі. 
Химиялық табиғаты: кальцитонин 32 амин қышқылының қалдығынан 
тұратын полипептид. 
Әсер ету механизмі: кальцитонин басқа да белокты-пептидтік гормондар 
сияқты аденилатциклазаны активтендіру арқылы әсер етеді.
Нысана-жасушалары:
 
сүйек тіні, бүйрек, ішек қабырғасы.
Физиологиялық әсері:
 
жануар организмінде кальций мен фосфор алмасуын 
реттейді. 
Сүйек тініне әсері:
кальцитониннің әсерінен остеокластардың активтілігі 
мен жіктелуі тежеледі. Деминерализацияның тежелуі ғана емес кальцийдің 
қаңқамен фиксациялануы күшейеді. Сонымен, гормонның кальций алмасуына 
әсері негізінен остеокластардың әсерін тежеуге, остеобластарды активтеуге 
бағытталған, сондықтан қандағы кальций мӛлшері тӛмендейді. 
Бүйрекке әсері: 
Кальцитонин біріншілік зәрден кальцийдің реабсорциясын 
азайту арқылы оның организмнен шығарылуына ықпал етеді. Кальцитонин 
әсерінен фосфаттар, натрий зәрмен шығарылады, осы жағдайда диурездің 
артуы байқалады.
Ішек қабырғасына әсері:
кальцийдің және фосфаттардың сіңірілуінің 
тежелуіне бағытталған. Кальцитонин асқазанда және он екі елі ішекте түзілетін 


201 
ас қорыту жолдарының гормоны – гастриннің түзілуін тежейтіні анықталған. 
Бұдан басқа, кальцитонин трипсиннің, амилазаның, тұз қышқылының түзілуін 
бәсеңдетіп, ішекте калийдің, натрийдің, хлордың және судың секрециялануын 
арттырады. Гастрин гипрекальциемия жағдайындағы сияқты кальцитониннің 
түзілуін стимулдейді. Бұдан кальцитонин астың қорытылуы мен сіңірілуінде 
қазірге белгісіз роль атқаруы мүмкін деп болжам жасауға болады. Кальцитонин 
гипоталамус және лимбиялық жүйе деңгейінде айқын тура анальгезиялаушы 
әсер кӛрсетеді. 
Секрециясының реттелуі: Гормонның секреция қандағы кальций 
мӛлшерімен 
реттеледі: 
гиперкальциемия 
секрециясын 
арттырса, 
ал 
гипокальциемия оны тежейді. Мұндай реттелу глюкагонға да тән, құрамында 
кальций мӛлшері кӛп диета ұстағанда, глюкагон секрециясы артады. Глюкагон 
кальцитонин секрециясының активаторы болып табылады. Д
3
витаминінің 
мӛлшері қалыпты болғанда паратгормон мен кальцитониннің арақатынасы 
қандағы кальций мӛлшеріне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет