11. Гипотиреоз, қалқанша безінің гипофункциясы Гипотиреоз ТТГ түсуі азайғанда байқалады, ауру белгілері жас шамасына
байланысты, дегенмен, оның кӛптеген кӛріністері балалар мен ересектерде
бірдей бақалады. Ересектердегі гипотиреоз
микседема (шырышты ісік деген
мағынаны білдіреді) ауруына шалдықтырады.
Мұндай аурумен ауыратын адамдарда семіздік, аз қозғалу, жалқаулық,
жайбасарлық, әлсіздік, тез шаршау байқалады, жұмыс істеу қабілеттілігі
тӛмендейді, ұйқы басады. Бұл тироидты гормондардың жеткіліксіз түзілуі
нәтижесінде оксидоредуктазалардың синтезінің бұзылуымен, тіндердегі
тотығудың тӛмендеп, соның есебінен ТФ тежеліп, АТФ түзілуі тӛмендеуімен
түсіндіріледі. АТФ-ң аз түзілу механизмі гипертиреоздан басқаша. Қалқанша
безінің гипофункциясы кезінде оксидоредуктазалар мӛлшерінің тӛмендеуіне
байланысты АТФ синтезі үшін қажет энергия жеткіліксіз, жылу түрінде де
энергия аз бӛлінеді, сондықтан науқастың дене температурасы сәл тӛменірек
болады, науқас тоңғыш болып, жылы киініп жүреді. Тотығудың, ең алдымен
глюкозаның тотығуының тӛмендеуіне, ми мен жүйке тіндерінде макроэргиялық
қосылыстардың ӛндірілуінің азаюына байланысты науқастардың
есте сақтау, талдау қабілеті осал, интеллектісі төмен, кейде кәсіби дағдылары жойылады, олар ебедейсіз, өзін қоршаған адамдарға селқос қарайды. Олардың назар аудару қабілеті, қабылдау, жауап қайтаруы төмендейді, брадикардия байқалады.
Терісі құрғақ, ісінген, қабыршықтанған болады, беті солғын тартқан, маскатәрізді болады. Дыбыс шығаратын байламдары мен тіл
ісінгендіктен
сөйлеуі баяулайды, даусы төмен ,
дөрекі шығады. Тілі аузына
сыймай, оның үстінде тістің іздері қалады. Терінің және кілегей қабықтарының
ісінуі организмде судың ұсталып қалуымен байланысты. Бұл ӛзгерістерді
барлық алмасу үрдістерінің тӛмендеуімен, тіндердің оттегіні жұмсауының
тежелуімен, тотығу-тотықсыздану реакцияларының азаюымен, әр түрлі
ферменттік жүйелердің активтілігінің азаюымен, газ алмасудың бұзылуымен
түсіндіруге болады. Белоктардың синтезі мен ыдырауы тежеледі, яғни аралық
ӛнімдер мүшелер мен тіндерде: теріде, қаңқа және тегіс бұлшық етте жиналады.
Мысалы, ГАГң мӛлшерінің артуы дәнекер тінінің коллоидты структурасын
ӛзгертіп, оның гидрофильдігін арттырады. Сондықтан натрий мен су денеде
жиналып қалады. Натрий мен судың тіндерде жиналуы вазопрессиннің артық
әсер кӛрсетуімен байланысты, осыған сәйкес натрий мен судың реабсорбциясы
жоғарылап, диурез азаяды. Науқастардың шашы түседі (алопеция).
Балалардағы гипотиреоз
кретинизм ауруына шалдықтырады, бұл «ақымақ
ергежейлі» деген мағынаны білдіреді. Балаларда остеобластардың активтілігі
тӛмендеп, оссификация тежелгендіктен, сүйектерінің ұзынынан ӛсуі
баяулайды, бұл бой ӛсуінің тоқтауына, сүйек жүйесі дамуының бұзылуына әкеп
соғады. Қуысты сүйектер жалпақ, қысқа болып келеді. Регенерация ӛте баяу
жүреді. Балалар бастарын ұстай алмайды, кеш отырады, кеш жүреді, тіс жаруы
кешеуілдейді. Мұрны «үзеңгі сияқты» болады. Балалардың іші жиі қатуына
байланысты іші үлкен және кіндік жарығы байқалады. Баланың еңбегі (тіпті 8-
10 жасқа дейін) қатпайды. Жүйке тінінің жоғары энергетикалық
207
қосылыстармен жабдықталуының бұзылуы нейрондардағы белоктардың,
пептидтердің, нуклеотидтердің синтезін әлсіретеді, бұл психикалық дамуының
тоқтауына әкеледі, тілі кеш шығады, сӛз қоры аз, ақыл-есі кем болады.
Жыныстық жағынан да кеш жетіледі. Аурудың басқа белгілері микседемадағы
сияқты: дене салмағы артады, температурасы тӛменірек болады, брадикардия,
әлсіздік, селқостық, беті «мимикасыз» және т.б. байқалады.