Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет35/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Эндемиялық зоб (жергілікті алқым ісінуі)
– қоршаған ортада (суда, азық-
түлікте) йод жетіспейтін белгілі бір географиялық аймақтың тұрғындарында 
кездеседі. Йодтың жетіспеуі қалқанша безінің компенсаторлы ӛсуін туғызады. 
Биохимиялық үрдістер айтарлықтай ӛзгеріске ұшырамайды. Зоб қатерсіз 
ісіктен қатерліге айналуы мүмкін болғандықтан, қауіпті.
Студенттің ӛзін-ӛзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер: 
1.Организмдегі Са
2+
негізгі функцияларын атап ӛтіңіз және кальций 
иондарының ферменттердің кофакторы және гормондардың екіншілік 
делдалдары ретіндегі роліне назар аударыңыз.
2. D 
3
. гиповитаминозы кезінде сүйектің минералдануы бұзылады, 
олардағы кальций мен фосфаттың мӛлшері тӛмендейді, қандағы Са
2+ 
концентрациясы қалыпты мӛлшерде болады немесе сәл тӛмендейді. 
а) осы жағдайда қандағы Са
2+ 
концентрациясының қалыпты мӛлшерде 
болуы немен қамтамасыз етіледі?
б) қандағы кальцитонин мен паратгормонның концентрациясы қалай 
ӛзгереді? 
3. Гипертиродизмге тән симптомдарды сипаттаңыздар. Заттар алмасуының 
реттелуіндегі гормонның ролін сипаттаңыз. 
4
 
Кортикостеронның, гидрокортизонның (кортизол), кортизонның, 11-
дезоксикортикостеронның, альдостеронның формуласын жазыңыз.
5. Гормондар белоктардың, майлардың және кӛмірсулардың алмасуына 
қандай әсер кӛрсетеді?
6. Гипофиз, гипоталамус, эпифиз гормондарын атаңыз. 
7. Әйел және ер адамдардың жыныс гормондарын атаңыз.
8. Жасушаішілік рецепторлар арқылы әсер ететін гормондардың 
құрылысында қандай ұқсастық бар?
9. Әйел адамдардың жыныстық циклі қандай кезеңдерден тұрады? 
10. Гипергонадизм неліктен және қалай байқалады? 
11. Гипогонадизм неліктен және қалай байқалады? 
12. Плацентаны қандай гормондар түзеді? Осы гормонның ролі. 
13. Жас жігіт мереке кезінде ӛзінің айтуы бойынша 6л немесе 8л сыра 
ішкен, сонымен қатар кептірілген тұзды балық жеген. Мерекеден кейінгі түн 
мазасыз ӛтті: ол кісіде шамадан тыс диурез байқалды? Жігіттің организміндегі 
су балансын қалпына келтіру механизмдерін түсіндіріңіз. Қан плазмасының 
осмостық қысымын сақтауға қандай гормон қатысады. 
14. Дәрігер жүкті әйелге құрамында D
3
, витамині, магний және т.б. заттар 
бар «Кальций Адванс» препаратын ұсынды. Дәрігердің осы препаратты жүкті 
әйелге неліктен ұсынғанын түсіндіріңіз. 


208 
15. Мира Уильсон 24 жасында ӛзінің ӛмірі мен қызметін үйінде су краны 
мен дәретхана болатындай жоспарлаудың қажеттігі туындады. 2-3 жыл ішінде 
ол шӛлі қанбайтын жағдайға душар болды. Мира мұз салынған су ішуді қатты 
ұнататын, тіпті бұл да оның шӛлін қандырмады. Ол күніне бірнеше литр су 
ішетін және шамамен әрбір сағат сайын дәретханаға шығатын. Ал түнде әрбір 
екі сағат сайын дәрет сындыру және су ішу үшін оянатын. Ол травма алған жоқ, 
операция болмады. Аллергологиялық анамнезі қалыпты. Ол тек гормональдық 
контрацептивтерді қабылдайды, наша тартпайды, шылым шекпейді, алкогольді 
сирек және аз мӛлшерде қабылдайды. Организмінің жүйелерінің қызметінде 
айтарлық ауытқу жоқ. Менструациясы уақытында келеді. Полиурия мен 
полидипсияның пайда болуын қалай түсіндіруге болады? 
16. Алиса 14 жаста, бірақ ол 10-жастағы қыздай кӛрінеді. Ол ӛзінің 12 
жасар сіңлісінен 10 см аласа. Алисаның менструациясы әлі басталмады, ал 
оның сіңлісінің менструациясы келе бастады. Алисаның қолтығы мен шабында 
түк ӛскен жоқ, сүт бездері жетілмеген. Ол сыныпта ең кішкентайы болатын. 
Алиса – тынымсыз (энергиясы тасып тұратын) бала, бірақ ол спортпен 
айналысқанда тез шаршап қалады. Сабақ үлгерімі қанағаттанарлық, дегенмен, 
бұдан бірнеше жыл бұрынғыдай жақсы оқымайды. Осы жасқа дейінгі 
медициналық анамнезінде ерекшеліктер жоқ. Ешқандай дәрі қабылдамайды. 
Алисаның бойының ӛсуі мен дамуының бұзылуы немен байланысты?
17

Вальтер 38 жастағы кәсіпқой баскетболшы (қазір зейнетте), оған жаңа 
команданың жаттықтырушысы болуға ұсыныс жасады. 1 млн долларға жасаған 
контракт оған қарызынан құтылуға мүмкіндік беретін еді. Мистер Грисвальд 
зейнетке шығудан 2 жыл бұрын 27 кг салмақ қосқан. Ол ӛзінің сымбатын 
жақсарту үшін «спорттық медицина» бойынша, Олимпиада ойындарына 
қатысатын спортшылардың арнайы маманымен кеңескен. Мистер Грисвальдқа 
50 мкг күніне 3 рет цитомель (трийодтиронин [T3]) қабылдауды ұсынған. 
Препартты қабылдағаннан 3 апта ӛткен соң, ол 9 кг салмақ тастады. Бірақ ол 
ашуланшақ боп кетті, саусақтары дірілдейтін болды, дене еңбегімен 
айналысқанда алқынып кететін болды. Ол баскетбол ойынының алғашқы 4 
минутынан кейін-ақ ентігп қалтындықтан ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. 
Экзогенді тироидты гормонның улы әсерін түсіндіріңіз. 
18. Элисон Росситерде 13 жасынан бастап менструация келгеннен бері 
оның беті мен денесінде түк ӛсе бастады, түктер күннен күнге кӛбейе түсті. Ол 
түк кетіретін балауыздар мен кремдерді, түкті түссіздендіретін заттарды 
қолданды. Ол тіпті электролиз жасады, кейінірек денесіндегі түктермен алысу 
оның әр апта сайынғы бірнеше сағатын ала бастады. Элисон бала кезінде 
қалыпты ӛскен және оның дені сау болатын. 7 жасында ол сыныптағы ең ұзын 
қыз болатын, ал қазір 21 жасында ол колледждегі ең бойы аласа студенттердің 
бірі. Оның менструациясы біркелкі келмейтін. Бірнеше ай сайын одан аз ғана 
қан ағу байқалатын. Элисон дәрі мен нашаны қабылдамайды, аз мӛлшерде 
кофеин (кофемен, газдалған сусындармен) қабылдайды. Оның ата-анасының 
дені сау. Бұл ауру қандай эндокриндік бездегі бұзылыспен байланысты? 


209 
19.Тереза Флеминг қалыпты ӛсіп, дамыған. Ол 18 жаста және орта 
мектептің соңғы сыныбында оқиды. Ол – жүзу секциясында команда капитаны 
және музыкалық қойылымда басты рольді ойнады. Терезаның жыныстық 
жетілу кезеңі қалыпты ӛткен: сүт бездері дұрыс дамыған және бойы жағынан 
сыныбында 2ші орында, дегенмен оның анасын етеккірдің келмеуі қатты 
толғандыратын. Анасында ол 14 жасында, ал Терезаның сіңлісінде 13 жасында 
етеккір басталған. Бұл жағдай қандай гормонның қызметімен байланысты? 


210 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет