Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Қалқанша безінің гиперфункциясы немесе Базедов ауруы



Pdf көрінісі
бет33/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

10. Қалқанша безінің гиперфункциясы немесе Базедов ауруы, 
тиреотоксикоз, гипертиреоз 
Қалқанша безі қызметінің бұзылуы оның қызметін реттеп отыратын 
гипофиздің тиротропты гормонына (ТТГ) тәуелді. ТТГ кӛп мӛлшерде түссе, 
қалқанша безінің гиперфункциясы байқалады. Базедов ауруының клиникалық 
кӛріністері негізінде тироидты гормондардың гиперсекрециясы туғызған 
биохимиялық бұзылыстар жатыр. 
Науқастарда 
зоб
– гипертрофия (жасуша кӛлемінің ұлғаюы) және 
гиперплазия (жасуша санының кӛбеюі) есебінен қалқанша безінің массасы 
артуы болады. Бұл белгінің пайда болуы бездің гиперфункциясы кезінде 
гормондар синтезінің артуына байланысты йодты кӛп мӛлшерде қажет етумен 
түсіндіріледі. Қан құрамындағы йод мӛлшері тұрақты болғандықтан, йодты кӛп 
мӛлшерде ұстап қалу үшін қалқанша безі ӛзінің кӛлемі мен массасын 
компенсаторлы түрде ұлғайтуға мәжбүр болады. 
Науқастардың 
жүдеу
(кахексияға дейін) және олардың 
тәбетінің арту
себебін майлар мен белоктардың ыдырауының күрт күшеюімен түсіндіруге 
болады. Тироксин мӛлшерінің артуы митохондрия мембараналарының 
ӛткізгіштігінің артуы мен электрокернеуінің тӛмендеуіне әкеледі, сондықтан БТ 
мен ТФ қабысуы бұзылады. Соның нәтижесінде АТФ синтезі тӛмендейді (Р/О 
коэффициенті азаяды). ТФ-ға жұмсалмаған БТ-ң энергиясы жылу түрінде 
бӛлінеді, сондықтан науқастардың 
дене температурасы
0,5-1°С-қа артады, 
ыстықтау сезімі байқалады. Терісі ыстық және ылғалды (эндогенді су 
түзілуінің күшеюінен) 
болып келеді. АТФ аз түзілетіндіктен, науқас адамның 
тез шаршауы, бұлшық етінің әлсіздігі байқалады. 
Тахикардия мен тыныс алудың жиілеуі.
Шеткері тіндердің оттегіге 
мұқтаждығы (БТ күшейеді) артады, сондықтан тіндерге оттегінің керекті 
мӛлшерде тасымалдануы үшін жүрек пен ӛкпе жұмысы компенсаторлы түрде 
күшейеді. Науқастарда 
диурез
, күшейеді, себебі гормон вазопрессиннің түзілуін 
тежейді, сондықтан Nа мен су реабсорбцияланбайды. 
Ретробульбарлы клетчатканың (эндогенді су) ісінуінен және вегетативті 
жүйке жүйесінің тонусының ӛзгеруінен кӛзді қимылдататын бұлшық еттің 
қызметінің бұзылуынан 
экзофтальмия
(кӛздің шарасынан шығуы) дамиды.
Науқастарда 
психикалық тұрақсыздық 
байқалады, олар ашуланшақ, 
жылауық, кекшіл, жанындағы адамдармен сыйыспайтын болады, түнде ұйқы 
қашады, саусақтарында діріл пайда болады. 
Науқастардың саусақтарының 
дірілдеуі мен ашуланшақтығы 
тироидты гормондардың жүйке жасушаларына 
ӛтуіне және нейрондар мен олардың ӛсінділерінің мембраналарының электрлік 
қасиеттерінің бұзылуына байланысты. 
Қалқанша безінің гиперфункциясы кезінде минерал заттардың алмасуы да 
бұзылады, қаңқаның декальцийленуі, яғни сүйектің минералды заттарының 
азаюы байқалады, бұл кезде қандағы кальций мӛлшері қалыпты шамада 
болады. 


206 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет