214
2.
Белоктар рН-тың тұрақтылығын сақтауға қатысып, буферлік әсер
кӛрсетеді. Плазмада белоктық буфер Н·Белок/Na·белок басқа буферлік
жүйелермен бірге қанның рН-ын тұрақтандырады.
3.
Қорғаныстық қызмет атқарады: кӛкбауырда, лимфоциттерде, бауырда
түзілген антиденелер плазмаға түседі. Барлық антиденелер (антитоксиндер,
агглютиндер, иммуноглобулиндер) иммундық реакцияға қатысатын белоктар.
4.
Тасымалдау қызметі: плазма белоктары ерімейтін немесе токсиндік
(улы) заттарды ӛзіне қосып алып тасымалдайды. Суда аз еритін заттармен
байланысып, олардың ерігіштігін жоғарылатады. Глобулиндер липо-
протеидтердің құрамына кіреді; альбуминдер гормондармен, витаминдермен,
билирубинмен, пенициллинмен БМҚ-мен, холестеринмен байланысады. Жеңіл
диссоцияцияланатын қосылыстармен (кальций, магний, мыс және темір
иондармен) байланысып, диссоциацияланбайтын комплекс түзеді.
5.
Белоктар қанның ұюына қатысады. Қан ұю процесі кӛп факторлы
сатылы механизм бойынша ӛтеді. Осы процестердің әрбір сатысына белоктар
қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: