217
жүйе болады. Физиологиялық жағдайда бұл жүйелер тепе-тендікте болады. Қан
құрамында тромбтарды ерітетін (фибринолиз) белоктар бар. Бұл процесс
плазминогеннің активтенуінен басталады,
плазмин фибриногенді және
фибринді ыдыратады.
Комплемент байланыстыратын жүйенің белоктары. Бұл жүйеге 18 белок
қатысады. Реакция кезінде жасушаның еріп кетуін, лейкоциттердің активтенуін
тудыратын комплекс түзіледі. Комплемент жүйесінің белоктары әсер етуіне
қарай 3 топқа бӛлінеді. «Танитін топ» – үш
белоктан тұрады, олар нысана
жасушаларының үстінде антиденелермен байланысады. Бұл реакция кезінде екі
пептид бӛлінеді, олар жасушаның басқа аймағында үш белокпен әрекеттеседі,
осы белоктар «активтейтін топт» деп аталады. Реакция нәтижесінде тағы да екі
пептид бӛлінеді. Олар «мембраналық шабуылға қатысатын белоктардың»
түзілуіне қатысады. Осы топқа 5 түрлі белоктар жатады,
олар мембрананы
бұзады.
С-реактивті белок қан сарысуында қабынуда, тіндердің некрозына
байланысты ауруларда пайда болады. Аурудың жедел кезінде пайда болады.
Бұл «жедел фазасының» белогы. Ауру созылмалы түрге
айналғанда, С-
реактивті белок жоғалады және ӛршуі кезінде қайта пайда болады.
Интерферондар – арнайы белок, вирустың әсерінен түзіледі. Интерферон
түзілетін жасуша түрлеріне байланысты 3 топқа бӛлінеді: α, β, γ.
Интерферондар вирустарға
тікелей әсер ете алмайды, бірақ жасушада
вирустардың кӛбеюіне кедергі жасайтын ӛзгерістер тұғызады.
Достарыңызбен бөлісу: