Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет78/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

5. Сілекей белоктары. 
Жауабы:
қалыпты жағдайдағы мӛлшері – 0,8-4 г/л. 
Белоктардың 90%-ы (гликопротеидтер, ферменттер, А иммуноглобулині) 
сілекей бездерінде түзіледі, ал белоктардың 10%-ы қан сарысуынан, 
бактериялардан және ауыз қуысының кілегейлі қабықтарының жасушаларынан 
түседі. Қаннан альбуминдер, глобулиндер, липо- және гликопротеидтер, G және 
М иммуноглобулиндер, трансферрин, церулоплазмин түседі. 
Муцин
нағыз гликопротеид, оның құрамындағы амин қышқылдарының
1/3 бӛлігін серин мен треонин құрайды. Бұл амин қышқылдарының гидроксил 
топтарына 
кӛмірсулардың 
туындылары 
(сиал 
қышқылдары, 
ацетилгалактозамин, галактоза, фукоза) кіреді. Муциндер суды ӛзіне жақсы 
байланыстырады, олардың ерітінділері жоғары тұтқырлыққа ие. Муцин 
молекулалары тістің бетіне адсорбцияланып, суда ерімейтін жұқа қабық түзеді.
Муциндер, кальций, пептидтер, белоктар жұқа кілегейлі қабық – пелликула 
түзеді, ол эпителий жасушаларының мембраналарымен әрекеттеседі. 
Пелликула тосқауылдық және қорғаныштық қызмет атқарады, кілегейлі 
қабаттарды кеуіп кетуден сақтайды, ӛткізгіштігін реттейді.
Гистатин 
– құрамында кӛп мӛлшерде гистидин бар белок. 
 
Ол 
гидроксиапатит кристаллдарының ӛсуін тежейді, микробқа қарсы, вирусқа 
қарсы және саңырауқұлақққа қарсы әсер кӛрсетеді, тістің кейін пайда болған
пелликуласының түзілуіне қатысады. 
 
Сілекей цистатиндері.
Бұл белоктар тістің кейін пайда болған
пелликуласын қалыптастырады, цистеиндік протеиназалардың ингибиторы 


263 
болғандықтан сілекей белоктарын протеолизден қорғайды. Бұдан басқа 
микробқа қарсы әсер кӛрсетіп, минерализация үрдістерін реттейді.
Пролинге бай сілекей белоктары.
Бұл белоктар тіс эмаліндегі кальций 
мен бейорганикалық фосфаттардың мӛлшерінің тұрақтылығын сақтайды және 
минералдардың артық мӛлшерде тұнбаға шӛгуін тежейді. Сонымен қатар
тістегі микробты колониялардың қалыптасуына қатысады. Ауыз қуысының 
кілегейлі қабығын таниндердің және басқа да заттардың әсерінен қорғайды. 
Паротин – 
пептидтік гормон, құлақ маңы бездерінде түзіледі (м.м.100 
кДа). Паротин тіс дентинінің пролиферациясы мен кальцификациясын 
күшейтеді. Паротин қандағы кальций деңгейін тӛмендетеді, жасанды жолмен 
синтезделген альфа-паротин пародонтозды емдеуге қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет